Қалыптастыру және кітапхананың қызметін қамтамасыз ету қызметінің аға менеджері

Түйіндемені жіберу

1

Лауазымның атауы:

«Nazarbayev University Library and IT Services» Жеке мекемесі Кітапхана дирекциясының Қалыптастыру және кітапхананың қызметін қамтамасыз ету қызметінің аға менеджері

2

Құрылымдық бөлімшенің негізгі функционалдық міндеттері:

Баспа түріндегі кітапханалық қорды, сонымен қатар, Университеттің бейіндік қызметі мен пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктеріне сәйкес қорды қалыптастыру, жұмыстар, қызметтер және тауарлар сатып алу арқылы кітапхана қызметін қамтамасыз ету

3

Негізгі қызметтік міндеттері:

-кітапхананың баспа түріндегі қорын қалыптастыруға бағытталған тапсырмаларды іске асыру;

-бөлім қызметі шеңберінде келісімшарттарды жүргізу;

-пәндік кітапханашылармен, университет мектептерімен және мекеме қызметкерлерімен кітапхананың баспа түріндегі қорларына тапсырыс беру және сатып алу сұрақтары әріптестік орнату;

-оқырмандардың ақпараттық қажеттіліктерін, кітапхана қорларының тиімді пайдаланылуын зерттеу және қызмет көрсету бөлімімен біріге отырып студенттердің оқу әдебиеттерімен қамтамасыз етілуін талдау;

-жеткізушілердің әлеуеттік нарығына мониторинг жүргізу, сонымен қатар баспаханалардың каталогтарымен жұмыс жасау;

-жеткізушілердің жұмысын үйлестіру, келісімшарт шарттарының орындалуын, міндеттемелерді орындау бөлігінде жеткізушілердің тиянақтылығын қадағалау;

-баспа ісіндегі өзгерістерді бақылау, баспа нарығын зерттеу;

-авторлық құқыққа қатысты және олардың кітапханаға әдебиеттер сатып алу барысында қолданылуы сұрақтарына мониторинг жүргізу;

-кітапхана қызметін қамтамасыз етуге қажетті қызметтер және тауарлар нарығын  зерттеу;

-кітапхана қызметін қамтамасыз етуге байланысты кітапхана қызметкерлерінен келіп түскен өтінімдерді өңдеу;

-сараптамалық жазбалар мен есептерді дайындау;

-тренингтерді өткізуге қатысу;

-Қызметтің Мекемедегі әкімшілік ететін Бюджет баптарына сәйкес берілген қаржылық жылға бюджеттік өтінімдерді қалыптастыруға қатысу

4

Білімі:

Академиялық дәреже Солтүстік Америка, Канада, Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің жоғарғы оқу орындарындағы аккредитацияланған бағдарламалар бойынша «Кітапхана және ақпараттық ғылымдар» мамандығы бойынша магистрлік (MLIS) дәрежеден кем болмауы керек;

Немесе кез келген білім саласы бойынша «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасы аясында алынған бакалавр дәрежесі / немесе жоғарғы кітапханалық білім (MLIS эквиваленті) немесе шет елдердегі оқу орындарында кітапханалық бағдарламалар бойынша академиялық жыл/тағылымдамадан өтуі қажет

5

Талап етілетін кәсіби тәжірибесі:

Нақты берілген лауазымның функционалдық бағыттары бойынша үш жылдан кем емес жұмыс өтілі немесе шет ел университеттерінен білім алған және лауазымның функционалды бағыттарына сәйкес атқарылған екі жылдан кем емес жұмыс өтілі

6

Кәсіби құзіреті және жеке қабілеттері:

–   НУ кітапханасының қорының жинақтау тақырыбы бойынша Қазақстанның және шет елдердің ақпараттық нарығын білу;

–   ақпараттық қызметтің ұйымдастырылу құрылымын түсіну (ақпараттық өнімдердің қандай мақсатпен, кіммен және қалай жасалатынын білу);

–   қорды жасақтау, есепке алу және сақтау негіздерін білу; ақпаратты ұйымдастыру және басқару негіздерін білу;

–   зияткерлік меншікті қорғау саласын реттейтін ұлттық және халықаралық заңнамалық актілерін білу; цифрлік коммуникациялар жүйесіндегі кітапханалардың рөлі мен міндеттерін білу;

–   жарияланған мақалаларының болуы;

–   ақпарат жеткізушілерімен серіктестік қатынас орнату және дамыту тәжірибесі;

–   цифрлік құрылғылардың негізгі түрлерін (дербес компьютер, планшет, букридер, оргтехника т.б.) эксперт деңгейінде пайдалана білу; Windows операциондық жүйесінің қолданбалы бірегей және мамандандырылған (кітапханалық) бағдарламалық жасақтамаларымен жұмыс істеу;

–    әртүрлі дереккөздерден ақпаратты жылдам іздеу және бағалау, ақпаратты талдамалық өңдеу және талдау жазбаларын дайындау;

–   Ойлау қабілетінің бейімділігі, тіл табысушылық, көшбасшылық қасиеттері, бастамашылдық, топпен жұмыс істей алу қабілеті

7

Тіл білімі:

Мемлекеттік және орыс тілдерін білу. IELTS – мин. 6.0 / TOEFL мин. 79-93 куәліктермен расталатын еркін ағылшын тілі немесе ағылшын тілі оқу тілі болып келетін университеттің дипломы/куәлігі

8

Түйіндемені жіберудің соңғы мерзімі:

Тиісті үміткерді таңдағанға дейін