Психолог Психологиялық консультация орталығы (негізгі қызметкерді ауыстыру уақытына)

Түйіндемені жіберу

“Назарбаев Университеті” ДБҰ

1.      

Лауазымның атауы:

Психолог Психологиялық консультация орталығы.

2.      

Департаменттің негізгі қызметтік міндеттері

Университеттің студенттеріне психологиялық көмек көрсету.

3.      

Негізгі лауазымдық міндеттері

Жеке және топтық кеңес беру.

Студенттерге дағдарыстық психологиялық көмек көрсету.

ЖОО студенттерінің психологиялық денсаулығы бойынша мастер-класстар, семинарлар, тренингтер өткізу.

Семинарларға, конференцияларға, оқыту бағдарламаларына, жеделдету сабақтарына, онкүндіктерге, мастер-кластарға қатысу арқылы кәсіби біліктілігін тұрақты арттыру.

Сәйкестендіру, бағалау, басқару, тәуекел мониторингі мен жетекшілік ететін бағыт бойынша тиісті есептілікті қалыптастыруға қатысу.

Орталықтың Директорының өз міндеттері мен өкілеттіктері шеңберінде басқа нұсқауларын уақтылы және сапалы орындау.

4.      

Іссапарларға шығу:

Іссапарлар болуы мүмкін.

5.      

Білімі:

Келесі мамандықтар бойынша жоғары білім: психология, психотерапия, психологиялық консультациялар беру немесе басқа да сабақтас мамандықтар бойынша.

Солтүстік Америка, Еуропа университеттерінің магистр дәрежесі немесе америка және(немесе) британ жүйесі бойынша жұмыс істейтін университеттердің артықшылықтары бар.

Психотерапия бағыттарының бірі бойынша ұзақ мерзімді білім беру бағдарламасында оқудан өткені туралы сертификатының болуы (когнитивті-мінез-құлық терапиясы, гештальт-терапия, психодрама, транзактілік талдау, денелік-бағдарланған терапия және т.б.).

6.      

Талап етілетін кәсіптік тәжірибесі  (ұзақтығы, саласы, басқа да)

Психикалық саулықты қорғау саласындағы кәсіби жұмыс тәжірибесі кемінде 1 жыл.

Психологиялық дағдарысты көмек көрсету бойынша тәжірибесінің болуы.

Ересектерді және/немесе жасөспірімдерді психологиялық диагностикалау, консультациялар беру, психологиялық түзету тәжірибесінің болуы.

Әр түрлі мәдениет  аралық ортада жұмыс тәжірибесінің болуы артықшылыққа ие болады.

7.      

Кәсіби құзыреті және жеке қасиеттері

Психологиялық жағдайдың дифференциалды диагностикасын өткізу.

Жеке де, сондай-ақ  команда да тиімді жұмыс істеу қабілеті.

Жоғары ырғақ және жоғары ширығу жағдайларында жұмыс істеу қабілеті.

Қазақстан Республикасының психологтарының этикалық кодексін білу.

Университеттің мақсаттары мен құндылықтарын ұстану.

Этика және іскерлік қарым-қатынас негіздерін, сондай-ақ ісерлік хат алмасуларды жүргізу тәртібін білу.

Талдау қабілеті, баяндамалар, талдамалық жазбалар дайындау дағдылары.

8.      

Мемлекеттік тілді қоса алғанда, тілдерді білу

Қазақ, ағылшын және орыс тілдерін еркін меңгеру.

9.      

Компьютерлік дағдылар:

Word, Excel және PowerPoint компьютерлік бағдарламаларында жұмыс істеу дағдылары.

10.   

CV беру мерзімі:

Жоғарыда айтылған талаптарға сай келетін үміткер таңдалғанға дейін.