Пайдаланушыларға қызмет көрсету қызметінің кеңес берушісі

Түйіндемені жіберу

1

Лауазымның атауы:

«Nazarbayev University Library and IT Services» Жеке Мекемесінің Кітапхана дирекциясы Пайдаланушыларға қызмет көрсету қызметінің кеңес берушісі

2

Құрылымдық бөлімшенің негізгі функционалдық міндеттері:

–    Пайдаланушыларға кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету;

–    Кітапхана қорының толықтығын бақылау;

–    Пайдаланушылардың ақпараттық сауаттылығын арттыру;

–    Отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының кітапханаларының озық тәжірбиесін енгізу, ғылыми жетістіктерін зерттеу және іс жүзінде қолдану;

–    Назарбаев Университетінің мектептері оқытушыларымен ынтымақтастық орнату

3

Негізгі лауазымдық міндеттері:

–    Университет студенттеріне, оқытушыларға және қызметкерлеріне икемді кесте бойынша тиімді библиографиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

–    Оқырмандардың ақпараттық қажеттіліктерін зерттеу, кітапхана қорларының тиімді түрде қолданылуын және студенттердің оқу әдебиетімен қамтамасыз етілуін талдау;

–    Ақпараттық сауаттылық курсын жоспарлау және өткізу;

–    Оқытушылармен кітапхана жинақтамасын дамыту туралы және басқа да мәселелерді талқылау мақсатымен ынтымақтастық құру, пәндік кітапханашының міндеттерін орындау;

–    Оқырмандармен жұмыс, іс-шараларды және кітапханалық көрмелерді ұйымдастыру;

–    Өзінің қызметтік міндеттері мен құзыретіне сәйкес Мекеме басшылығының  басқа да тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау

4

Білімі:

Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар саласындағы жоғарғы білім

5

Талап етілетін кәсіби тәжірибесі:

–    Кітапханадағы жұмыс тәжірибесінің болғанына артықшылық беріледі;

–    Білім және ғылым, аударма ісі, халықаралық немесе басқа да ұқсас  ұйымдарда жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес;

–    Электрондық деректер базасымен жұмыс істеу тәжірибесі

6

Кәсіби құзыреті және жеке қабілеттері:

Тіл табысқыштық жауапкершілік, бастамашылдық, топпен жұмыс істей алу қабілеті, талдау қабілеті, тыңғылықтылық

7

Тіл білімі:

Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін білу

8

Түйіндеменің жіберу мерзімі:

Тиісті үміткерді таңдағанға дейін