Пайдаланушыларға қызмет көрсету қызметінің аға менеджері

Түйіндемені жіберу

1

Лауазымның атауы:

«Nazarbayev University Library and IT Services» Жеке Мекемесі Кітапхана дирекциясы Пайдаланушыларға қызмет көрсету қызметінің аға менеджері

2

Құрылымдық бөлімшенің негізгі функционалдық міндеттері:

–   Пайдаланушыларға кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету;

–   Кітапхана қорының толықтығын бақылау;

–   Пайдаланушылардың ақпараттық сауаттылығын арттыру;

–   Отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының кітапханаларының озық тәжірбиесін енгізу, ғылыми жетістіктерін зерттеу және іс жүзінде қолдану;

–   Назарбаев Университетінің мектептері оқытушыларымен ынтымақтастық орнату

3

Негізгі лауазымдық міндеттері:

–   Университет студенттеріне, оқытушыларға және қызметкерлеріне икемді кесте бойынша тиімді библиографиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

–   Оқырмандардың ақпараттық қажеттіліктерін зерттеу, кітапхана қорларының тиімді түрде қолданылуын және студенттердің оқу әдебиетімен қамтамасыз етілуін талдау;

–   Ақпараттық сауаттылық курсын жоспарлау және өткізу;

–   Оқытушылармен кітапхана жинақтамасын дамыту туралы және басқа да мәселелерді талқылау мақсатымен ынтымақтастық құру, пәндік кітапханашының міндеттерін орындау;

–   Оқырмандармен жұмыс, іс-шараларды және кітапханалық көрмелерді ұйымдастыру;

–   Кітапхана саласындағы үздік тәжірибені бөлісу бойынша нұсқаушы ретінде семинарларға қатысу;

–   Өзінің қызметтік міндеттері мен құзыретіне сәйкес Мекеме басшылығының  басқа да тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау

4

Білімі:

–   Кітапхана ісі саласындағы жоғарғы білім немесе халықаралық жоғарғы оқу орындары мен кітапханаларда тағыламдамадан өту;

–   Немесе білім беру саласындағы мамандықтарбойынша кем дегенде магистрлік академиялық дәреженің болуы

5

Талап етілетін кәсіби тәжірибесі:

–   Кітапхана ісі/ білім беру мамандықтары бойынша жұмыс тәжірибесі 2 жылдан кем емес, Назарбаев Университетінде жұмыс тәжірибесінің болуына артықшылық беріледі;

–   Баспа және электрондық ақпараттың, ақпаратты ұйымдастыру және басқарудың заманауи көздерін білу;

–   Ақпараттық сауаттылық бойынша тренинг, семинарлар өткізу дағдысы

6

Кәсіби құзыреті және жеке қабілеттері:

Тіл табысқыштық жауапкершілік, бастамашылдық, топпен жұмыс істей алу қабілеті, талдау қабілеті, тыңғылықтылық

7

Тіл білімі:

Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін білу

8

Түйіндеменің жіберу мерзімі:

Тиісті үміткерді таңдағанға дейін