Оқытушы-профессорлар құрамының тұрғын үй-жайларын басқару қызметінің ресепшионисі

Түйіндемені жіберу

2

Негізгі лауазымдық міндеттері

 

 

Оқытушы-профессорлар құрамына университет кампустарында тұру шарттарына бейімделуіне көмек көрсету; аударма жұмыстарына көмектесу; тұрғын-үй, әлеуметтік-мәдени және тұрмыстық үй-жайларда тәртіптің сақталуын қадағалау.

3

Негізгі лауазымдық міндеттері мен функциялары

1) Тұрғын үй-жайлар мен маңайдағы аумақтың тіршілігін қамтамасыз ету жүйесінде орын алған ақауларды жою үшін тұрғын үй-жайларда тұратын оқытушы-профессорлар құрамынан келіп түскен өтінімдерді қабылдау және тіркеу. Өтінімдерді Мекеменің тиісті бөлімшелеріне немесе қызметкерлеріне жолдау;

2) Тұрғын үй-жайлар мен маңайдағы аумақтың тіршілігін қамтамасыз ету жүйесіндегі ақауларды жою туралы өтінімдерді уәкілетті құрылымдық бөлімшелердің уақтылы орындауын ұйымдастыру және бақылау;

3) Оқытушы-профессорлар құрамына әртүрлі өндірістік сипаттағы ақпаратқа қатысты   хабарламаларды әзірлеу және жіберу;

4) Тұрғын үй-жайлар мен аумақтағы инфрақұрылымда  тәртіптің сақталуын  қадағалау;

5) университеттің тұрғын үй-жайларында бейімделу мәселелері бойынша оқытушы-профессорлар құрамына кеңес беру;

6) Тұрғын үй-жайларға орналасу мен тұруға дайындық жұмыстарын ұйымдастыру және қадағалау;

7) оқытушы-профессорлар құрамын тұрғын үй-жайларға орналастыру мен одан шығару жұмыстарын ұйымдастырудағы кооперация;

8) Мекеменің  тиісті қызметкерлеріне  тұрғын үй-жайлардың қамтылуы, тұрғындардың саны мен құрамы, олардың көрсетілген қызметтер түріне қанағаттану деңгейі, ілеспе қызметтерге сұраныстар және т.б. мәселелер жөнінде ақпарат беру;

9) Тұрғын үй-жайлардағы мүліктің,  оның ішінде бөлмелердегі бүкіл есік кілттерінің сақталуын бақылау, сондай-ақ Құрылымдық бөлімше менеджерінің рұқсатынсыз мүлікті тұрғын үй-жайлардан шығаруға жол бермеу;

10) Қажеттілігіне қарай басқа да міндеттерді орындау.

 

4

Білімі:

жоғары білім

5

Талап етілетін кәсіби тәжірибесі (ұзақтығы, саласы және т.б.)

жұмыс тәжірибесі 1 жылдан кем емес;

Қызмет көрсету саласындағы, қонақ үй бизнесі немесе сервисіндегі жұмыс тәжірибесіне артықшылық беріледі.

6

Кәсіби құзыреті және жеке қабілеттері

– адамдармен тіл табыса білу

– топта жұмыс істей алу

– күйзеліске төзімділік

– жауапкершілік

– тыңғылықтылық

– еңбекқорлық

–  толеранттық

– сүйкімді келбет

7

Мемлекеттік тілді қоса алғанда, тілдерді білу (Өзіңіз меңгерген тілдердің тізімін көрсетіңіз)

Ағылшын, орыс және  қазақ  тілдерін еркін білу және меңгеру (жазбаша және ауызша)

8

Жеке компьютерді пайдалану дағдылары (бағдарлама, меңгеру деңгейі):

ЖК (Microsoft Windows, Microsoft Office, Excel, Internet) тәжірибелі пайдаланушы