Оқытушы-профессорлар құрамының тұрғын үй-жайларын басқару қызметінің менеджері

Түйіндемені жіберу

2

Негізгі лауазымдық міндеттері

 

 

Тұрғындарды тұрғын үй блоктарына орналастыруға және одан шығару жұмыстарын ұйымдастыру және қадағалау; оқытушы-профессорлар құрамына университет кампустарында орналасқан тұрғын үй-жайларда  тұру шарттарына бейімделуіне көмек көрсету;  

3

Негізгі лауазымдық міндеттері мен функциялары

1) Құрылымдық бөлімшенің іс қағаздарын және өз міндеттерінің аясында хат алмасуды жүргізу;

2) пәтерлердегі мүліктердің есебін жүргізу, тұтастық мен қауіпсіздік мәніндегі жыл сайынғы тексеру;

3) тұрғындардан пәтерлерде тұру жағдайларын қамтамасыз ету жүйесіндегі ақауларды жоюға қатысты келіп түскен өтінімдерді тиісті құрылымдық бөлімшелерге жолдау, өтінімдердің уақтылы орындалуын бақылау;

 4) күзгі-қысқы кезеңде пайдалануға арналған тиісті инженерлік қызметтердің өкілдерімен тұрғын үй-жайлардың дайын болуын тексеруге қатысу;

5) тұру ережелерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

6) Ақауларды анықтау мақсатында тұрғын үй-жайларды күнделікті тексеру,  тұрғын үй-жайларда тазалықтың және жалпы тәртіптің қамтамасыз етілуін бақылау;

7) Сұрау салу бойынша тұрғын үй-жайларда жүргізілген жұмыс және ағымдағы жағдай туралы есептерді жасау;

8) Нормативтерді, кәсіби этиканы, жұмыс тәртібін, киімнің іскери стилін сақтау;

9) Тұрғын үй блогының санитарлық және өртке қарсы жай-күйін бақылауды жүзеге асыру және жүргізу;

10) Басқармасының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша консультациялық және әдістемелік көмекті жүзеге асыру;

11) өз міндеттері мен өкілеттіктері аясында Қызмет бастығының және Басқарма бастығының өзге де тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау;

4

Білімі:

жоғары білім

5

Талап етілетін кәсіби тәжірибесі (ұзақтығы, саласы және т.б.)

жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем емес;

Қызмет көрсету саласындағы, қонақ үй бизнесі немесе сервисіндегі жұмыс тәжірибесіне артықшылық беріледі.

6

Кәсіби құзыреті және жеке қабілеттері

– адамдармен тіл табыса білу

– топта жұмыс істей алу

– күйзеліске төзімділік

– жауапкершілік

– тыңғылықтылық

– еңбекқорлық

–  толеранттық

– сүйкімді келбет

7

Мемлекеттік тілді қоса алғанда, тілдерді білу (Өзіңіз меңгерген тілдердің тізімін көрсетіңіз)

Ағылшын, орыс және  қазақ  тілдерін еркін білу және меңгеру (жазбаша және ауызша)

8

Жеке компьютерді пайдалану дағдылары (бағдарлама, меңгеру деңгейі):

ЖК (Microsoft Windows, Microsoft Office, Excel, Internet) тәжірибелі пайдаланушы