Оқытушы ассистенті, политология және халықаралық қатынастар кафедрасы, Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі

Түйіндемені жіберу

«Назарбаев Университеті» ДБҰ

1

Лауазымы:

Оқытушы ассистенті, политология және халықаралық қатынастар кафедрасы, Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі

2

Кафедраның негізгі қызметтік міндеттері:

Политология және халықаралық қатынастар саласындағы пәндердің жүргізілуіне көмек көрсету

3

Негізгі қызметтік міндеттері:

Оқытушы ассистенті (ОА) политология және халықаралық қатынастар бойынша ауқымды кіріспе курстарын жүргізуге жауапты оқытушы-профессорлар құрамына көмек көрсететін болады, сондай-ақ қажеттілігіне қарай көлемі бойынша аз курстарды да жүргізуге көмектеседі.

Негізгі міндеттерге мыналар кіреді:

1.   Тағайындалған дәрістерге бару;

2.   Сабақтарға материалдар дайындау немесе қажетті құралды орнату;

3.   Оқытушыларға практикалық сабақтарды жүргізуге және сыныпты басқаруға көмек көрсету;

4.   Тапсырмаларды және емтихандарды бағалау (ОА ретінде тек қана екінші семестрден бастап/семестр ішінде), нәтижелерін есептеп жазу;

5.   Сынып сағаттарын өткізу;

6.   Жеке немесе шағын топтарда студенттерге академиялық көмек көрсету;

7.   Студенттермен электрондық пошта арқылы берілген курсқа сәйкес тақырыптарда хат жазысу;

8.   Емтихандардың өткізілуі барысында бақылаушы қызметін атқару (ОА ретінде тек қана екінші семестрден бастап/семестр ішінде);

9.   Оқу жоспарын әзірлеуге және жүзеге асыруға көмектесу;

10.    Қоғамдық ақпарат, коммуникация және кафедраның қоғамдық жұмыстары бойынша көмектесу;

11.    Қажеттілігіне қарай кеңселік және администрациялық қолдау көрсету;

12.    Қажеттілігіне қарай оқытуға байланысты басқа да міндеттер;

13.    Кафедра меңгерушісі немесе декан тапсыратын өзге де міндеттемелер.

4

Іс-сапарлар:

Мүмкін;

5

Білімі:

Политология, халықаралық қатынастар немесе сабақтас мамандық бойынша Магистр дәрежесі;

6

Қажетті кәсіби тәжірибесі (ұзақтығы, саласы және т.б.):

Ана тілі ағылшын тілі емес бакалавриат студенттерімен жұмыс істеу тәжірибесінің болуы;

7

Жеке қасиеттері:

Кәсіпқойлық, икемділік, білім беру процесінде студенттер мен оқытушыларға қолдау көрсетуге дайындық, бастамашылдық, сапа мен жете қарауға мұқияттылық. Кәсіби тұрғыдан өзін-өзі дамытуға деген талпыныс.

8

Тілдерді, оның ішінде мемлекеттік тілді білу:

Лауазымның сипаттамасын ескере отырып,  ана тілі ағылшын тілі болып табылмайтын үміткерлер үшін ағылшын тілін жоғары деңгейде меңгеру талап етіледі, сондай-ақ қызметкерлермен, оқытушылармен және студенттермен қарым-қатынаста (төтенше жағдайдан басқа) тек ағылшын тілін қолдану міндетті.

9

Компьютерлік дағдылар:

MS Word және Excel; кафедрада пайдаланылатын компьютерлік бағдарламаларды үйренуге және қолдануға әзір болу;

10

Түйіндемені берудің соңғы күні:

Лауазымның орны толғанша;

11

Еңбек шартының мерзімі:

1 жыл (қызметтік міндеттерін қанағаттанарлық деңгейде орындаған жағдайда еңбек шартының мерзімін ұзартуға мүмкіндік беріледі)