Оқу техникалық құрал қызметінің аға менеджері

Түйіндемені жіберу

1

Лауазымның атауы:

Оқу техникалық құрал қызметінің аға менеджері

2

Бөлімшенің негізгі және қызметтік міндеттері:

Оқу техникалық құрал қызметі «Назарбаев Университеті» және оның еншілес ұйымдарының мультимедиалық жүйелері саласындағы шешімдерге қолдау көрсету және енгізуді, оқу мақсатындағы құрал-жабдықтардың үздіксіз қызметін және түрлі шараларды өткізуді қамтамасыз етеді

3

Лауазымның негізгі және қызметтік міндеттері:

Аға менеджердің үлгілік міндеттеріне жататындар:

– Құрал-жабдықтардың үздіксіз жұмысын, дұрыс пайдаланылуын, жөндеу мен жаңартылуын қамтамасыз ету;

– Университеттің қолданыстағы мультимедиалық инфрақұрылымына инновациялық шешімдер мен технологиялар енгізу;

– Жобалаушы, интерактивті және дыбыстық құрал-жабдықтарды орнату және баптау;

– Университетінің мультимедиалық кешеніне әкімшілік ету;

– Техникалық құжаттаманы, пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеу;

– Техникалық сипаттамаларды әзірлеу, жабдықтар мен қызметтерді сатып алу бойынша келісім-шарттар жүргізу;

– Қызметтік хат алмасуларды жүргізу

4

Білімі:

Білімі – жоғарғы техникалық (артықшылық АТ, Электроника және телекоммуникация, Аудиовизуалды жабдықтар бағыттарына беріледі). Шетелдік жоғарғы оқу орындарында алған жоғарғы білім артықшылыққа ие

5

Қажетті кәсіби тәжірибесі (ұзақтығы, аймағы, саласы және т.б.):

Мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі: дыбыстық, бейне және мультимедиалық құрылғымен жұмыс жасау бойынша маман, АТ-инженер, жобалаушы және интерактивті құрылғыны пайдалану және енгізу, бейнеинженер, телекоммуникациялар инженері;

Жұмыс өтілі – 4 жылдан кем емес (Назарбаев Университеті мен оның еншілес ұйымдарындағы жұмыс тәжірибесіне артықшылық беріледі)

6

Кәсіби білімі және жеке қасиеттері:

Кәсіби дағдылары:

·  Интерактивті құрал-жабдықтармен (Promethean, Epson, Smart және т.б. интерактивті тақталары), (Sharp, TeachTouch, FlipBox и т.д. LCD-панельдері), планшеттер және т.б.) және  арнаулы бағдарламалық қамтамасыз етулермен жұмыс істеу тәжірибесі;

·  Мультимедиалық құрал-жабдықтармен жұмыс істеу тәжірибесі (Christie, Sharp, Epson, Ben және т.б. бейнепроекторлары), (AverVision, Wolfvision және т.б. құжат-камералар), Overhead-проекторлар, сандық презентерлер, сандық жазба құрылғылары және т.б.);

·  Акустикалық жүйелерді, микшерлік пульттерді, қуат күшейткіштерін, сымды және сымсыз микрофондық жүйелерді баптау және орнату тәжірибесі;

·  Конференц-жүйелер мен синхрондық аударма жүйелерін баптау және орнату тәжірибесі;

·  Инфрақұрылымдық шешімдерді енгізу және жобаларды басқару тәжірибесі;

·  Қызметтік хат алмасу және электрондық құжат айналымы жүйесін пайдалану дағдылары;

·  Қойылған тапсырмаларды орындау үшін бастамашылықтың, креативтіліктің болуы, өз міндеттерін орындау мақсатында жауапты шешімдерді қабылдай білу

7

Тілдерді, оның ішінде мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі:

Ағылшын тілін білу құпталады. Халықаралық үміткерлерге қазақ және орыс тілдерін білгені үшін артықшылық беріледі.

8

Түйіндемені жіберу мерзімі:

Тиісті үміткерді іріктеп алғанға дейін