Негізгі қызметкер болмаған уақыт кезіндегі маман, Назарбаев Университетінің Дайындық мектебі

Түйіндемені жіберу

Құрылымдық бөлімше: Назарбаев Университетінің Дайындық мектебі

Лауазымның атауы: Негізгі қызметкер болмаған уақыт кезіндегі маман

Кімге есеп береді: Дайындық мектебінің Атқарушы директорына

Лауазымның негізгі және функционалдық міндеттері:

1) Мектеп құзыретіне жататын мәселелер бойынша қызметкерлермен өзара іс-қимылды  және хат алмасуды жүзеге асыру;

2) Мектептің жылдық бюджетін жоспарлауға және қалыптастыруға қатысу;

3) Мектептің қажеттіліктеріне негізделген бюджетке ұтымды түзетулер енгізу, бюджеттің орындалуы туралы тоқсан сайын және жылдық есептер дайындау;

4) Мектептің сатып алу жоспарының орындалуын жоспарлауға, жаңартуға және бақылауға қатысу:

– тауарларды сатып алу бойынша нарықтағы бағаларға мониторингілеуді жүзеге асыру;

– Мектептің сатып алу процесіне байланысты мәселелер бойынша әлеуетті өнім берушілермен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

– Мектептің жабдықтарын, материалдарын және кеңсе тауарларын сатып ал үшін  құжаттар дайындау;

– тауарларды жеткізуге бақылауды жүзеге асыру;

– НУ сатып алу қызметі бойынша нормалардың, қағидалар мен рәсімдердің сақталуын жүзеге асыру;

5) Мектептің әкімшілік қызметкерлеріне тауарларды және қызметтерді қаржыландыру / бюджеттеу / жоспарлау / сатып алу туралы ережелер, рәсімдер, құжаттар, бұйрықтар туралы мәлімет беру;

6) Мектептің академиялық және әкімшілік персоналының іссапарлары бойынша есептер дайындау және қажетті құжаттар жинау;

7) Мектептің операциялық және әкімшілік қызметіне қолдау көрсетуге белсенді қатысу;

8) Мектептің іс-шараларын ұйымдастыру мен олардың материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін қамтамасыз етуге қатысу;

9) Мектептің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке тапсырмалар туралы ақпарат, талдау материалдарын, презентациялар, басшылықтың тапсырмаларын дайындайды.

Білімі

Жоғары білімінің болуы, қаржы, бухгалтерлік есепке алу, экономика, менеджмент, білім беру саласында әкімшілендіру немесе тектес мамандықтар саласында ағылшын тілінде оқытылатын жоғары оқу орындарында білім алғаны дұрыс. 

Қалаулы кәсіби тәжірибесі

бакалавр дәрежесі болған кезде осы лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда халықаралық және/немесе ұлттық компаниялардағы жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес;

ағылшын тілінде білім беретін жоғары білім беру мекемесінде білім алған болса, жұмыс өтілі талап етілмейді.

 Кәсіби және жеке құзыреттері :

– аналитикалық ойлау дағдылары;

– жақсы ұйымдастыру дағдылары;

– ақпаратпен жұмыс істеу дағдысы;

– икемді графикте және тығыз мерзімде жұмыс істей білу;

– жұмыста өзін-өзі ынталандыра білу және құлшыныс;

– дипломатия және әдеп;

– мәдени айырмашылықтарды білу және түрлі мәдениеттер мен ұлттар өкілдерімен жұмыс істей білу;

– тең мүмкіндіктер саясатын нақты түсіну және оған бейілді болу, осы саясаттың осы лауазымның құзыреті шегінде қолданылуын ұғыну.

Тілдерді білу

Қазақ, ағылшын және орыс тілдерін ауызша және жазбаша еркін меңгеруі.

Түйіндемені беру мерзімі

Жоғарыда көрсетілген талаптарға сай келетін үміткерді таңдағанға дейін.