«Nazarbayev University Library and IT Services» ЖМ IT –Medical Service Дирекциясының Бағдарламаны әзірлеу және сүйемелдеу қызметінің менеджері (1С маманы)

Түйіндемені жіберу

1

Лауазымның атауы:

«Nazarbayev University Library and IT Services» ЖМ IT –Medical Service Дирекциясының Бағдарламаны әзірлеу және сүйемелдеу қызметінің  менеджері (1С маманы)

2

IT –НМХ Дирекциясының негізгі және қызметтік міндеттері:

АТ инфрақұрылымы жұмысын сүйемелдеуге бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру

3

Лауазымның негізгі және қызметтік міндеттері:

–          «1С: Кәсіпорын 8» пайдаланушыларынан бағдарламалық қамтамасыз етудің қызметін кеңейту мақсатында талаптар мен ұсыныстар жинау;

–          «1С: Кәсіпорын 8. «Қазақстанға арналған сауда кәсіпорынды басқаруды», «1С: Жалақы және қызметкерлерді басқару»  сүйемелдеу;

–          «1С: Кәсіпорын» функционалын кеңейтуге арналған бағдарламалық модульдерді түрлендіру және өңдеу үшін техникалық сипаттамалар мен тапсырмаларды әзірлеу;

–          «Қазақстанға арналған сауда кәсіпорынды басқару», «1С: Жалақы және қызметкерлерді басқару» жүйелерімен жұмыс істеу бойынша пайдаланушыларға кеңес беру;

–          Ұйымның бизнес-процестерін талдау, реттелген және басқарушылық есептер бөлігінде әдістемелерді әзірлеу және келісу;

–          Әдістемелік құжаттамаларды, пайдаланушыларға арналған нұсқауларды, жүйені пайдалану бойынша реттемелерді әзірлеуге қатысу;

–          Бар құжаттарды, есептерді, бухгалтерлік және басқарушылық есептер өңдеулерін өзгерту және жаңарту, жаңа құжаттарды және есептерді  әзірлеу, әр түрлі конфигурацияларда деректерді ауыстыру;

–          «1С: Кәсіпорын 8» функционалын тестілеу.

4

Білімі:

Ақпараттық технологиялар салсаындағы жоғарғы техникалық білім. «1С маманы» немесе «1С кәсіпқой» сертификаттардың болуы қалаулы

5

Қажетті кәсіби тәжірибесі (ұзақтығы, саласы, аясы және т.б.):

«1С» бойынша маманы ретінде жұмыс тәжірибесі – 2 жыл

6

Кәсіби білімі мен жеке қасиеттері:

– «1С Кәсіпорын» негізіндегі ақпараттық жүйелерді әкімшілдеу дағдысы;

– Аналитикалық қабілеттілігі;

– Бухгалтерлік, салықтық, кадрлық есептерді, еңбек ақыны есептеу қағидаларын, бюджеттік жоспарлау және талдау процестері пән саласын терең ұғыну;

– Бөтен кодты тез талдау;

– Жауапкершілік‚ ұқыптылық; – Ұжымда жұмыс істей білу дағдысы.

7

Тілдерді меңгеру деңгейі:

Ағылшын тілін білу артықшылыққа ие. Шетелдік үміткерлер үшін қазақ, орыс тілдерін білу артықшылық болып есептеледі.

8

Түйіндемені беру мерзімі:

Тиісті үміткерді іріктеп алғанға дейін