Nazarbayev University Library and IT services жекеменшік мекемесінің менеджері

Түйіндемені жіберу

1

 

Лауазымның аталуы:

Nazarbayev University Library and IT services жекеменшік мекемесінің менеджері

2

Бөлімшенің негізгі және қызметтік міндеттері

Пайдаланушыларға кітапхана және ақпараттық қызмет көрсету;

Кітапхана қорының толықтығын бақылау;

Пайдаланушылардың ақпараттық сауаттылығын арттыру;

Отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының кітапханаларының озық тәжірбиесін енгізу, ғылыми жетістіктерін зерттеу және іс жүзінде қолдану;

Университет оқытушыларымен қарым-қатынас қалыптастыру;

3

Лауазымның негізгі және қызметтік міндеттері

 

Университет студенттеріне, оқытушыларға және қызметкерлеріне икемді кесте бойынша тиімді библиографиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

 Оқырмандардың ақпараттық қажеттіліктерін зерттеу, кітапхана қорларының тиімді түрде қолданылуын және  студенттердің оқу әдебиетімен қамтамасыз етілуін талқылау;

Ақпараттық сауаттылық курсын жоспарлау және өткізу;

Оқытушылармен кітапхана коллекциясын дамыту туралы және басқа да мәселелерді талқылау мақсатымен ынтымақтастық құру, пәндік кітапханашының міндеттерін орындау;

Оқырмандармен жұмыс, іс-шараларды және кітапханалық көрмелерді ұйымдастыру;

Кітапхана саласындағы алдыңғы қатарлы тәжрибелерді бөлісу мақсатында нұсқаушы ретінде семинарларға қатысу;

Өз міндеттерін және мекеме басшылығының  басқа да тапсырыстарын өз қызмет міндеттеріне сәйкес уақтылы және сапалы орындау;

4

Білімі

«Кітапхана және ақпараттық ғылымдар» мамандығы бойынша магистрлік (MLIS) дәрежесінен кем емес академиялық дәреже, Солтүстік Америка, Канада, Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің аккредитацияланған университеттерінен алынған диплом болуы шарт

Немесе жоғары кітапханалық білім («халықаралық жалдау» түсінігіне кірмейтіндер үшін, MLIS эквиваленті) немесе шет елдердегі оқу орындарында кітапханалық бағдарламалар бойынша бір академиялық жыл бойы тағылымдамадан өткен болуы; не жоғары гуманитарлық білімі («халықаралық жалдау» түсінігіне кірмейтіндер үшін);

5

Талап етілетін кәсіби тәжірибесі (және т.б. ұзақтығы, саласы,)

Жұмыс өтілі кітапхана саласында бір жылдан кем емес;

Басылып шыққан мақалалар болуы тиіс;

Жалпы мәдени дайындық;

Заманауи электронды ақпараттың қайнар көзін білу, ақпаратты ұйымдастыру мен басқару қабілеті;

Профессорлық-оқытушы құрамына және студенттерге ақпараттық сауаттылық және сыни ойлау қабілеті туралы тренингтер, семинарлар өткізу;

6

Кәсіби құзыреті және жеке қабілеттері

Жеке қабілеттер: Талдай алу қабілеті, тіл табыса білушілік, көшбасшы, бастамашыл қасиеттері, топпен жұмыс істей алу, ойлау бейімділігі, жігерлілік, педагогикалық икемділік.

7

Тілдерді білу

Мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

«Халықаралық жалдау» түсінігіне келмейтіндер үшін – ағылшын тілі, еркін,  IELTS – мин. 6.0 / TOEFL мин. 79-93 (сертификаттың жарамдылық уакыты маңызды емес) сияқты нақтылау сертификаттары немесе ағылшын тілі оқу тілі болып келетін университеттің дипломы/сертификаты.

 

CV тапсыруының соңғы мерзімі

Лайықты кандидаттың іріктелуіне дейін