«Nazarbayev University Library and IT Services» жеке мекемесінің Кітапхана дирекциясының Қор есебі және каталогтандыру қызметінің сарапшы-менеджері

Түйіндемені жіберу

1

Лауазымның атауы

«Nazarbayev University Library and IT Services» жеке мекемесінің Кітапхана дирекциясының Қор есебі және каталогтандыру қызметінің сарапшы-менеджері

2

Құрылымдық бөлімшенің негізгі функционалдық міндеттері

Кітапхана қорына түсетін материалдарды есепке алу және каталогқа енгізу

3

Негізгі лауазымдық міндеттері

1. Халықаралық стандарттар бойынша әртүрлі тілдердегі кітапхана материалдарын каталогтандыру: ағылшын-американдық каталогтандыру ережелерімен жұмыс істеу, 2-баспа. 2. Ағылшын және басқа тілдерде ауқымды іздеу мен зерттеуді қолдану дағдылары. 3. Бастапқы библиографиялық жазбаларды құру, авторлық белгіні анықтау, сондай-ақ дайын библиографиялық жазбаларды, жіктеу индексі мен тақырыпты Library of Congress, OCLC сияқты ақпараттық ресурстардан қарастыру. 4. АҚШ Конгресс кітапханасының кітапханалық жіктеу (ХҚКО). 5. Авторлық жазбаларымен жұмыс істеу. 6. Электронды кітапхана каталогын қалыптастыру үшін жауапкершілік. 7. Өз қызметі аясында зерттеулер жүргізу. 8. Жергілікті және халықаралық деңгейдегі конференцияларда және басқа да кәсіби іс-шараларда лекция оқу, презентациялар жасау. 9. Кітапхана жинағын дамыту және жетілдіру бойынша белсенді жұмыс жүргізу.10. Дағдыларын жетілдіру мақсатында курстар, семинарлар, тренингтер, мастер-кластар және басқа да білім беру нысандары үшін өз құзыреті шегінде тақырыптарды дамыту.

4

Білімі

«Кітапхана және ақпараттық ғылымдар» мамандығы бойынша магистрлік (MLIS) дәреже, диплом Солтүстік Америка, Канада, Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің аккредитацияланған университеттерінен болуы шарт.

5

Талап етілетін кәсіби тәжірибесі (және т.б. ұзақтығы, саласы)

·         Аталған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кем дегенде бес жыл жұмыс тәжірибесі.

·         Каталогтандыру тәжірибесі мен процедуралары және кітапхананың автоматтандырылған жүйелері саласында білімі болуы қажет.

6

Кәсіби құзыреті және жеке қабілеттері

•      Ұйымдастыру, жоспарлау, мәселелерді шешуге дағдылы

•      Әріптестермен, басқа да әртүрлі топтармен және жеке тұлғалармен достық қарым-қатынаста болу қабілеті

·         Тез бейімделу мүмкіндігі және жаңа бағдарламаны тез үйренуге, өзгерістерге икемді болуы қажет.

7

Тілдерді білуі

Ағылшын тілі, еркін,  IELTS – мин. 6.0 / TOEFL мин. 79-93 (сертификаттың жарамдылық уақыты маңызды емес) сияқты нақтылау сертификаттары немесе оқу тілі ағылшын тілі болып табылатын университеттің Дипломы/Сертификаты.

 

CV соңғы мерзімі

Керекті кандидат табылғанға дейін