«Nazarbayev University Library and IT Services» жеке мекемесінің Кітапхана дирекциясының Жинақтау және кітапхананың қызметін қамтамасыз ету қызметінің менеджері

Түйіндемені жіберу

1

Лауазымның атауы:

«Nazarbayev University Library and IT Services» жеке мекемесінің Кітапхана дирекциясының Жинақтау және кітапхананың қызметін қамтамасыз ету қызметінің менеджері

2

Құрылымдық бөлімшенің негізгі функционалдық міндеттері:

Баспа түріндегі кітапханалық қорды, сондай-ақ Университеттің бейінді қызметіне және  пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктеріне сәйкес қорды қалыптастыру, тауарларды,  жұмыстар мен қызметтерді сатып алу арқылы кітапхана қызметін қамтамасыз ету

3

Негізгі лауазымдық міндеттері:

-Кітапхананың баспа түріндегі қорын қалыптастыруға бағытталған міндеттерді іске асыру;

-баспалармен және өнім берушілермен баспа өнімдерінің ақпараттық ресурстары мен оларға ілеспе құжаттарды жеткізу/оларға жазылу туралы шарттарды ресімдеу;

-баспалармен және өнім берушілермен шарттарды және оларға ілеспе құжаттарды Мекеменің қызметтерімен және басшылығымен келісу;

-келіп түскен кітаптарды тексеру, сапасыз өнімдерді қайтаруды ресімдеу;

-қол қойылған шарттарға сәйкес  өнім берушілер тарапынан міндеттемелердің орындалуын үйлестіру;

-кітап өнімі саласындағы өнім берушілердің әлеуетті нарығын мониторингтеу;

– баспа өнімдерін жеткізуге келіп түскен баға ұсыныстарын мониторингтеу;

– Қызметтің жұмысы шеңберінде бюджетті мониторингтеу;

-Кітапхана қорын жинақтау процестеріне қатысу;

-оқырмандардың ақпараттық қажеттіліктерін, Кітапхана қорының тиімді пайдаланылуын зерттеу және Ақпараттық-библиографиялық қызметпен және Пайдаланушыларға қызмет көрсету қызметімен бірлесе отырып,  студенттердің оқу әдебиетімен қамтамасыз етілуін талдау;

-Қызметтің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша консультациялық және әдістемелік көмекті жүзеге асыру;

–  Қызмет әкімшілік ететін Мекеме бюджетінің баптарына сәйкес тиісті қаржылық жылға бюджеттік өтінімдерді қалыптастыруға қатысу

4

Білімі:

Шетел университеттері мен кітапханаларында кітапханалық бағдарламалар бойынша жоғары кітапханалық білім және/немесе тағылымдама/немесе оқу жылы; немесе «Қаржы», «Экономика», «Құқық», «Бизнес әкімшілендіру» мамандықтары бойынша бакалавр дәрежесі;

5

Талап етілетін кәсіби тәжірибесі:

Лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс тәжірибесі екі жылдан кем емес; немесе шетелдік жоғары оқу орындарында лауазымның функционалдық бағытына сәйкес мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда, жұмыс тәжірибесі кемінде бір жыл

6

Кәсіби құзыреті және жеке қабілеттері:

–   НУ кітапханасының қорын жинақтау тақырыбы бойынша Қазақстанның және шет елдердің ақпараттық нарығын білу;

–   қорды қалыптастыру, есепке алу және сақтау негіздерін білу;

–   ақпаратты ұйымдастыру және басқару негіздерін білу;

–   ақпараттың өнім берушілерімен әріптестік қатынастарды орнату және дамыту тәжірибесі;

–   кеңсе техникасының негізгі түрлерімен жұмыс жасау дағдылары;

–   ақпараттық кітапханалық жүйелермен және платформалармен жұмыс істеу дағдылары;

–   қаржылық құжаттармен жұмыс істеу дағдылары, шарттарды жасау дағдылары;

–   әртүрлі дереккөздерден ақпаратты жылдам іздеу және бағалау;

–   ойлау қабілеттілігі, адамдармен тіл табыса алу, көшбасшылық қасиеттер, бастамашылдық, командада жұмыс істей білу

7

Тілдерді білу:

Мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

IELTS – кемінде 6.0 / TOEFL кемінде 79-93 сертификатымен расталатын еркін ағылшын тілі немесе ағылшын тілі оқыту тілі болып табылатын университеттің дипломы/сертификаты

8

Түйіндемені жіберудің соңғы мерзімі:

Тиісті үміткерді таңдап алғанға дейін