«Nazarbayev University Library and IT Services» Жеке Мекемесінің Кітапхана дирекциясының тұтынушыларға қызмет көрсету кеңсесінің Аға Менеджері

Түйіндемені жіберу

1

Лауазымның атауы

«Nazarbayev University Library and IT Services» Жеке Мекемесінің Кітапхана дирекциясының тұтынушыларға қызмет көрсету кеңсесінің Аға Менеджері  

2

Құрылымдық бөлімшенің негізгі функционалдық міндеттері

·         Пайдаланушыларға кітапхана және ақпараттық қызмет көрсету;

·         Кітапхана қорының толықтығын бақылау;

·         Пайдаланушылардың ақпараттық сауаттылығын арттыру;

·         Отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының кітапханаларының озық тәжірбиесін енгізу, ғылыми жетістіктерін зерттеу және іс жүзінде қолдану;

·         Назарбаев Университетінің мектептері оқытушыларымен ынтымақтастық

3

Негізгі лауазымдық міндеттер

·         Университет студенттеріне, оқытушыларға және қызметкерлеріне икемді кесте бойынша тиімді библиографиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

·         Оқырмандардың ақпараттық қажеттіліктерін зерттеу, кітапхана қорларының тиімді түрде қолданылуын және студенттердің оқу әдебиетімен қамтамасыз етілуін талқылау;

·         Ақпараттық сауаттылық курсын жоспарлау және өткізу;

·         Оқытушылармен кітапхана коллекциясын дамыту туралы және басқа да мәселелерді талқылау мақсатымен ынтымақтастық құру, пәндік кітапханашының міндеттерін орындау;

·         Оқырмандармен жұмыс, іс-шараларды және кітапханалық көрмелерді ұйымдастыру;

·         Кітапхана саласындағы алдыңғы қатарлы тәжрибелерді бөлісу мақсатында нұсқаушы ретінде семинарларға қатысу;

·         Өз міндеттерін және мекеме басшылығының  басқа да тапсырыстарын өз қызмет міндеттеріне сәйкес уақтылы және сапалы орындау

4

Білімі

·         «Кітапханалық және ақпараттық ғылымдар», жаратылыстану-техникалық ғылымдар, гуманитарлық ғылымдар мамандығы бойынша академиялық дәрежесі бар маман болуы қажет;

 

·          Немесе жоғары кітапханалық білімінің болуы және/немесе шет елде кітапханалық немесе IT бағдарламалар бойынша тағылымдама/ академиялық оқу жылын аяқтаған болуы қажет

5

Талап етілетін кәсіби тәжірибесі (ұзақтығы, саласы, және т.б.)

·         Кітапхана саласындағы жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем болмауы тиіс;

·         Жарияланымдардың болуы;

·         Кең жалпымәдени дайындық;

·         Баспасөз және электрондық ақпараттың дереккөздерін білуі, ақпаратты дұрыс ұйымдастыру және басқару білімінің болуы;

·          Студенттер мен профессор-оқытушылар құрамына ақпараттық сауаттылық саласындағы тренингтер, семинарлар өткізу және сыни ойлау дағдыларының болуы;

6

Кәсіби құзыреті және жеке қабілеттері

Жеке қабілеттері: ойлау бейімділігі, тіл табыса білушілік, жауапкершілік, бастамашыл қасиеттері, топпен жұмыс істей алу, жігерлілік

7

Тілдерді білу

Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін еркін білуі

 

 

CV тапсыруының соңғы мерзімі

Лайықты кандидаттың іріктелуіне дейін