«Nazarbayev University Library and IT Services» жеке мекемесінің Кітапхана дирекциясының Электронды қорларды басқару қызметінің аға менеджері (негізгі қызметкерді декреттік демалыста ауыстыру кезеңіне)

Түйіндемені жіберу

1

Лауазымның атауы:

«Nazarbayev University Library and IT Services» жеке мекемесінің Кітапхана дирекциясының Электронды қорларды басқару қызметінің аға менеджері (негізгі қызметкерді декреттік демалыста ауыстыру кезеңіне)

2

Құрылымдық бөлімшенің негізгі функционалдық міндеттері

 «Назарбаев Университет» қызметінің профилі бойынша электронды түрде кітапханалық қорды қалыптастыру

3

Негізгі лауазымдық міндеттер

Университеттің академиялық және ғылыми қызмет түрлеріне арналған электрондық қорларды уақытылы сатып алуды қамтамасыз етеді

Жинақтау жұмысын ұйымдастыру, іріктеу, электронды қорларды тестілеу мен есепке алу;

 Кітапхана қорын электронды қорлармен жинақтауды ұйымдастыруға қатысу;

 Университет профессор-оқытушылар құрамының тапсырысы негізінде электронды қорларға қажеттіліктерді анықтауға қатысу;

 Пайдаланушыларға қызмет көрсету бөлімімен бірлесіп оқырмандардың қажеттілігін анықтау, кітапхана қорының тиімді пайдаланылуы мен студенттердің электронды қорлармен қамтамасыз етілуін талдау;

 Құрылымдық бөлімшенің құзіретіндегі сұрақтарға әдістемелік және консультациялық жауап беру;

 Басқарушы Құрылымдық бөлімшесіне қарасты Мекеменің бюджеттік баптары бойынша Құрылымдық бөлімшенің қаржылық жылға қарасты бюджеттік сұранымдарын жасауға қатысу;

 Берілген кәсіби міндеттері мен өкілетінің аясында Мекеме басшылығының тапсырмаларын өз уақытында және сапалы орындау;

4

Білімі:

«Кітапхана және ақпараттық ғылымдар» мамандығы бойынша магистрлік (MLIS) дәрежесінен төмен емес академиялық дәреже, диплом Солтүстік Америка, Канада, Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің аккредитацияланған университеттерінен болуы шарт;

Барлық білім саласы бойынша «Болашақ» бағдарламасы негізінде бакалавр дәрежесінің иегері / немесе жоғары кітапханалық білім («халықаралық жалдау» түсінігіне кірмейтіндер үшін, MLIS эквиваленті) немесе шет елдердегі оқу орындарында кітапханалық бағдарламалар бойынша бір академиялық жыл бойы тағылымдамадан өткен болуы;

Және/немесе  «Финанс», «Экономика», «Құқық», «Іскерлік әкімшілік» мамандықтары бойынша бакалавр дәрежеcі болуы шарт.

5

Талап етілетін кәсіби тәжірибесі (және т.б. ұзақтығы, саласы,)

Аталған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кем дегенде 2 жыл жұмыс тәжірибесі немесе шетел жоғары оқу орынында білім алуы және 1 жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы;

Жарияланған мақалалары, кең жалпымәдениеттік дайындығының болуы;

Кітапхана саласындағы тәжірибелермен бөлісу мақсатында семинарлар өткізу;

Заманауи электронды ақпараттың қайнар көзін білу, ақпаратты ұйымдастыру мен басқару қабілеті;

Ақпараттық сауаттылық бойынша тренингтер, семинарлар өткізу және сыни ойлау қабілетінің болуы;

Пәндік кітапханашының функцияларын орындау; қорлардың жасау негіздерін білу; қорларды санау мен сақтауды білу.

6

Кәсіби құзыреті және жеке қабілеттері

Талдай алу қабілеті, талдау жазбаларын дайындау икемінің болуы, коммуникативтік дағдылар, топпен жұмыс істей алу, ойлау бейімділігі, лидерлік қасиеттер, жігерлілік, педагогикалық икемділік

7

Тілдерді білу

Мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

«Халықаралық жалдау» түсінігіне келмейтіндер үшін – ағылшын тілі, еркін, IELTS – мин. 6.0 / TOEFL мин. 79-93 (сертификаттың жарамдылық уакыты маңызды емес) сияқты нақтылау сертификаттары немесе ағылшын тілі оқу тілі болып табылатын университеттің дипломы/сертификаты.

8

CV соңғы мерзімі:

Керекті кандидат табылғанға дейін