«Nazarbayev University Library and Information Technology Services» ЖМ бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу қызметінің менеджері (PHP-әзірлеуші)

Түйіндемені жіберу

1

Лауазымның атауы:

«Nazarbayev University Library and Information Technology Services» ЖМ бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу қызметінің менеджері (PHP-әзірлеуші)

2

Бөлімшенің негізгі және қызметтік міндеттері:

Бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу қызметі Университеттің қызметін автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйелерді дамыту және жетілдіру бойынша міндеттерді жүзеге асыруға жауап береді

3

Лауазымның негізгі және қызметтік міндеттері:

Менеджердің міндеттері:

– Бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу, оңтайландыру және жаңғырту үрдісіне қатысу;

– Бағдарламалық жасақтама код жазудың жетілдірілген стандарттары мен тәжірибелерін енгізу;

– Пайдаланушылардың ақпараттық жүйелермен жұмыс істеуіне кедергі келтіретін кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылдау;

– Жүзеге асыру үшін еңбек шығындарын бағалау;

– Дерекқор құрылымдарын жасау.

4

Білімі:

Жоғары кәсіби

5

Қажетті кәсіби тәжірибесі (ұзақтығы, саласы, аясы, т.б.):

PHP-әзірлеуші бойынша жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл

Корпоративтік ақпараттық жүйелерді әзірлеу және енгізу бойынша жобаларға қатысу

6

Кәсіби білімі мен жеке қасиеттері:

– Laravel құрылымы көмегімен веб-қосымшаларды әзірлеу бойынша терең білімі мен тәжірибесі;

– CMS Drupal 7-нұсқасы немесе одан жоғарырақ нұсқалары басқармасымен жасалған қосымшаларды әзірлеу тәжірибесі;

– Дерекқорды басқару жүйелерімен жұмыс тәжірибесі (PostgreSQL, Oracle Database, MySQL);

– JavaScript-фреймворктарды пайдалану тәжірибесі (Sencha Ext JS, jQuery);

– Apache Subversion, Git немесе ұқсас өнімдерді қолдану арқылы қосымшаларды ұжымдық әзірлей білу және тәжірибесі;

– Жүйелік шина мен кезек менеджерін немесе веб-сервистерді пайдалану арқылы кәсіпорын қосымшаларын интеграциялау (EAI) тәжірибесі;

– Деректерді жіберу және алмасу негізгі протоколдардың жұмыс істеу принциптерін жетік білу және түсіну;

– Linux және Microsoft Windows операциялық жүйелерін мықты білу;

– Адамдармен тіл табыса алу және шығармашылық көзқарас.

7

Тілдерді (оның ішінде мемлекеттік тілді) білу деңгейі:

Ағылшын тілін еркін білу. ҚР азаматтары үшін қазақ және орыс тілдерін білу міндетті, халықаралық үміткерлерге қазақ және орыс тілдерін білгені үшін артықшылық беріледі.

8

Түйіндемені жіберу мерзімі:

Лайықты үміткерді іріктеудің аяқталуына дейін