«Nazarbayev University Library and Information Technology Services» ЖМ бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу қызметінің аға менеджері (C# әзірлеуші)

Түйіндемені жіберу

1

Лауазымның атауы:

«Nazarbayev University Library and Information Technology Services» ЖМ бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу қызметінің аға менеджері (C# әзірлеуші)

2

Бөлімшенің негізгі және қызметтік міндеттері:

Бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу қызметі Университеттің қызметін автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйелерді дамыту және жетілдіру бойынша міндеттерді жүзеге асыруға жауап береді

3

Лауазымның негізгі және қызметтік міндеттері:

Аға менеджердің міндеттері:

– Бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу, оңтайландыру және жаңғырту үрдісіне қатысу;

– Бағдарламалық жасақтама код жазудың жетілдірілген стандарттары мен тәжірибелерін енгізу;

– Пайдаланушылардың ақпараттық жүйелермен жұмыс істеуіне кедергі келтіретін кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылдау;

– Бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу қызметінің менеджерлеріне (кіші жасақтаушыларға) кеңес беру;

– Жүзеге асыру үшін еңбек шығындарын бағалау;

– Дерекқор құрылымдарын жобалау.

4

Білімі:

Жоғары кәсіби

5

Қажетті кәсіби тәжірибесі (ұзақтығы, саласы, аясы, т.б.):

C# әзірлеуші бойынша жұмыс тәжірибесі кемінде 4 жыл (жетекші әзірлеуші ретінде – кем дегенде 2 жыл)

Корпоративтік ақпараттық жүйелерді әзірлеу және енгізу бойынша жобаларға қатысу

6

Кәсіби білімі мен жеке қасиеттері:

– Келесі Microsoft өнімдеріне негізделген қосымшаларды әзірлеу бойынша мықты білімі мен тәжірибесі: Microsoft Forefront Identity Manager, Microsoft SQL Server, .NET Framework, ASP.NET, SharePoint Foundation, Internet Information Services;

IS-Builder әзірлеу құралын пайдалану арқылы электронды құжаттарды басқару жүйелерін құру тәжірибесі құпталады;

– Деректер базаларын басқару жүйелерімен жұмыс тәжірибесі (Microsoft SQL Server, PostgreSQL, Oracle Database);

– JavaScript-фреймворктарды пайдалану тәжірибесі (jQuery, Sencha Ext JS);

– Жүйелік шина мен кезек менеджерін немесе веб-сервистерді пайдалану арқылы кәсіпорын қосымшаларын интеграциялау (EAI) тәжірибесі;

Apache Subversion, Git немесе ұқсас өнімдерді қолдану арқылы қосымшаларды ұжымдық әзірлей білу және тәжірибесі;

– Деректерді жіберу және алмасу негізгі протоколдардың жұмыс істеу принциптерін жетік білу және түсіну;

Linux және Microsoft Windows операциялық жүйелерін мықты білу;

– Адамдармен тіл табыса алу және шығармашылық көзқарас.

7

Тілдерді (оның ішінде мемлекеттік тілді) білу деңгейі:

Ағылшын тілін еркін білу. ҚР азаматтары үшін қазақ және орыс тілдерін білу міндетті, халықаралық үміткерлерге қазақ және орыс тілдерін білгені үшін артықшылық беріледі.

8

Түйіндемені жіберу мерзімі:

Лайықты үміткерді іріктеудің аяқталуына дейін