«Назарбаев Университеті» ДБҰ Қамқоршылық кеңесі Хатшылығының АҒА МЕНЕДЖЕРІ

Түйіндемені жіберу

1

Бос лауазымның атауы:

«Назарбаев Университеті» ДБҰ Қамқоршылық кеңесі Хатшылығының АҒА МЕНЕДЖЕРІ

2

Бөлімшенің негізгі және функционалдық міндеттері:

– Университеттің Қамқоршылық кеңесінің және оның комитеттерінің тиімді қызметін қамтамасыз ету;

– Қамқоршылық кеңестің және оның комитеттерінің қарауына енгізілетін құжаттардың жобаларын дайындау және талдау;

– Қамқоршылық кеңестің және оның комитеттерінің отырыстарын дайындау бойынша ұйымдастырушылық іс-шараларды жүзеге асыру;

– Қамқоршылық кеңестің және оның комитеттерінің материалдары мен шешімдерін дайындау және уәкілетті органдарда келісу.

 

3

Лауазымның негізгі және функционалдық міндеттері:

1)   Қамқоршылық кеңестің құжаттарын (хаттамалар, шешімдер, түсіндірме жазбалар, хабарламалар, телефонограммалар, дауыс беру бюллетеньдері және оларды Қамқоршылық кеңестің мүшелері мен шақырылған адамдарға тарату)әзірлеу және/немесе әзірлеуге қатысу;

2)   Қамқоршылық кеңестің отырыстарын дайындау мен  өткізуді қамтамасыз ету;

3)   Хатшылықтың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттарды қарау, келісу, қол қою;

4)   Қамқоршылық кеңестің мүшелеріне отырыс материалдарын уақытылы жіберуді қамтамасыз ету, сондай-ақ Қамқоршылық кеңестің мүшелері толтырған бюллетеньдер мен жазбаша пікірлерді жинап алуды жүзеге асыру;

5)   Хатшылық жүргізген жұмысқа талдауды жүзеге асыру, қажет болған жағдайда оның қызметін жақсарту бойынша қосымша шаралар әзірлеу;

6)   Қамқоршылық кеңестің шешімдері мен басқа да материалдарын келісу, қарау және шешім қабылдау мәселелеріне қатысты  басшылықтың тапсырмасы бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларымен, басқа да ұйымдармен  өзара әрекеттесу;

7)   Қамқоршылық кеңес тапсырмаларының орындалуын мониторингтеуді жүзеге асыру;

8)   Қамқоршылық кеңестің мүшелеріне отырыс материалдарын уақытылы жіберуді қамтамасыз ету, сондай-ақ Қамқоршылық кеңестің мүшелері толтырған бюллетеньдер мен жазбаша пікірлерді жинап алуды жүзеге асыру;

9)   Қамқоршылық кеңестің құжаттамасын, оның ішінде Қамқоршылық кеңестің қызметіне жататын мәселелер бойынша кіріс/шығыс құжаттаманы тиісінше есепке алуды жүргізу және сақтау;

10)         Хатшылықтың істерін Университеттің мұрағатына уақытылы тапсырғанға дейін олардың тиісті түрде дайындалуын қамтамасыз ету;

 

4

Білімі:

Жоғары кәсіптік, оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін жоғары оқу орындарында болғаны дұрыс; құқық және/немесе іскерлік әкімшілендіру саласындағы магистр дәрежесінің болғаны жақсы.

5

Талап етілетін кәсіби тәжірибесі (ұзақтығы, саласы, аясы және т.б.) 

Жұмыс тәжірибесі мына бағыттардың біреуіне сәйкес болуы тиіс:

–   магистр дәрежесінде мамандығы бойынша, оның ішінде мемлекеттік қызметтегі, халықаралық және/немесе ұлттық компаниялардағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес; немесе

–   бакалавр дәрежесінде немесе мамандығы бойынша мемлекеттік қызметте, халықаралық және/немесе ұлттық компаниялардағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс өтілі 7 жылдан кем емес; немесе

–   Университеттегі жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес.

6

Кәсіби білімі және жеке қасиеттері

– Университеттің қызметіне қатысты мәселелер бойынша, соның ішінде корпоративтік, азаматтық және басқа да заңнамалар туралы білімді;

– аналитикалық қабілеттер (заңнаманы талдау);

– аналитикалық материалдарды дайындау, Қамқоршылық кеңестің және оның комитеттерінің материалдарына заңгерлік баға беру;

– жоспарлау және бюджеттеу дағдылары;

– іс-шараларды ұйымдастыру бойынша дағдылар (отырыстар, дөңгелек үстелдер және т.б.);

– құжаттар мен басқару органдарының шешімдерін уәкілетті мемлекеттік органдарда келісу тәжірибесі;

– жобаларды, сондай-ақ тәуекелдерді басқару дағдылары;

– таныстырылымдар дайындау дағдылары;

– MS Office бағдарламасын білу;

– қысқа мерзім ішінде тиімді жұмыс істеу қабілеті;

– командада және жеке өзі жұмыс істей білу;

– мульти мәдениет ортасында жұмыс істей білу;

– жазба және ауызша қарым-қатынастың үздік  дағдылары;

– жауапкершілік;

– көшбасшылық қасиеттер.

 

7

Тілдерді меңгеру деңгейі

Ағылшын тілін (ауызша және жазбаша) және қазақ пен орыс тіліндерді (ауызша және жазбаша) жақсы меңгеру

8

Дербес компьютерді пайдалану дағдылары (бағдарламалар, меңгеру деңгейі):

ДК меңгерудің жақсы деңгейі, Microsoft Office бағдарламаларын білу

9

Түйіндемені беру мерзімі

Жоғарыда аталған талаптарға сәйкес келетін үміткерді таңдап алғанға дейін.

Түйіндемелерді мына жерге жіберулеріңізді сұраймыз:  CV@nu.edu.kz