«Назарбаев Университет» қауіпсіздікті қамтамасыз ету Қызметінің аға менеджері
«Назарбаев Университет» қауіпсіздікті қамтамасыз ету Қызметінің аға менеджері
1 | Бөлімшенің негізгі және функционалды міндеттері
| – Университетте қауіпсіздік бойынша жұмыстарды дамыту, ішкі бақылау және үйлестіру. – Университет аумағында қауіпсіз еңбек жағдайы, оқу және мекендеу бойынша ұйымдық-техникалық шараларды жүргізу. – Университетте қауіпсіздік бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру, соның ішінде, қызметкерлердің, студенттердің және келушілердің қауіпсіздік бойынша заңнамалар талаптарын сақтауын ішкі бақылау. – Университет және оның ұйымдарында қауіпсіздік бойынша әрекеттерді үйлестіру және ішкі бақылауды жүзеге асыру. – Өткізуді бақылап басқару жүйесі (әрі қарай – ӨББЖ) мен бейнебақылау жүйесі (әрі қарай – ББЖ) жабдықтарының жұмыс қабылеттілігіне әрекеттерді үйлестіру және ішкі бақылауды жүзеге асыру. – Ақпараттық қауіпсіздік сұрақтары бойынша әрекеттерді үйлестіру және ішкі бақылауды жүзеге асыру. |
2 | Лауазымның негізгі және функционалды міндеттері | – Университет аумағында қауіпсіз еңбек жағдайы, оқу және мекендеу бойынша ұйымдық-техникалық шараларды жүргізу бойынша жұмыстарға қатысу. – Университетте қауіпсіздік бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға және үйлестіруге, соның ішінде, қызметкерлердің, студенттердің және келушілердің қауіпсіздік бойынша заңнамалар талаптарын сақтауын ішкі бақылауға қатысу. – Университет және оның ұйымдарында қауіпсіздік бойынша әрекеттерді үйлестіруге және ішкі бақылауды жүзеге асыруға қатысу. – Университетте қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды, соның ішінде ланкестікке қарсы және төтенше жағдайлар бойынша шаралар, соның ішінде уәкілетті мемлекеттік органдары мен Универсистет ұйымдарының өкілдерінің өзара әрекеттері үйлестіру. – Тиісті тексерулер жүргізуге Университет құрылымдық бөлемшелері мен ұйымдарының өкілдерін және/немесе мамандарын қажет кезінде жұмылдырып, Университет аумағында қауіпсіз еңбек жағдайы, оқу және мекендеу жағдайын бақылау. – Университетте қауіпсіздік бақылау жүйелерін әзірлеуге, еңгізуге және тиімді жұмыс істеуіне қатысу, сондай-ақ қауіпсіздікті басқару және ланкестікке қарсы қорғаныс бойынша ішкі құжаттарды әзірлеу және еңгізу бойынша жұмыстарды үйлестіру. – Жазатайым оқиғаларды тергеуге, оларға жол бермеу бойынша шараларды әзірлеуге қатысу. – Университет аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету, соның ішінде өткізу және ішкі объектілік тәртіпті қадағалау, қызметкерлер мен студенттердің өмірі мен денсаулығына қауіп-қатер туғызатын бұзықтық, зорлық-зомбылық, алаяқтық және басқа да қылмыстық және құқыққа қайшы танытулар бойынша жұмыстарды үйлестіру. – ӨББЖ мен ББЖ жабдықтарын пайдалануын, техникалық қызмет көрсетілуін және жөндеуін бақылау. – Университет және оның ұйымдарында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды үйлестіру. – Біріктірілген тәуекелдерді бақылау жүйесінің аясында, қауіпсіздік бойынша тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару, бақылау, мониторинг жүргізу процесстеріне қатысу. – Қауіпсіздік және еңбекті, денсаулықты және қоршаған ортаны қорғау сұрақтары бойынша Университет басшылығы жүктеген міндеттерді есепке ала отырып, өзге де қызметтерді жүзеге асыру. |
3 | Білімі
| Лауазымға сай мамандық бойынша жоғарғы білім, заңгер. |
4 | Кәсіптік тәжірибе (ұзақтық, аумағы, саласы және т.б.)
| – магистр дәрежесі болғанда мамандығы бойынша нақты лауазымның қызметтік бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес; – бакалавриат дәрежесі, немесе жұмыс өтілі 7 жылдан кем емес маман, нақты лауазымның қызметтік бағыттарына сай салаларда мемлекеттік қызметте, халықаралық және/немесе ұлттық компанияларда немесе «Назарбаев Университетінде» кем дегенде 3 жыл жұмыс өтілінің болуы; – көрсетілген лауазымның функционалдық бағытына сай, қауіпсіздік жүйесінде және/немесе ақпараттық технологиялар саласында 7 жылдан кем емес, соның ішінде 5 жылдан кем емес ақпараттық қауіпсіздік салаларында жұмыс тәжірибесі болуы қажет; – ӨББЖ және ББЖ жабдықтарымен жұмыс тәжірибесі болу қажет. |
5 | Кәсіптік білімі және тұлғалық мінездемелер
| Қарым-қатынастық және таныстырылым үздік дағдылары, шетелдік қызметкермен жұмысты ұйымдастыру тәжірибесі, соның ішінде таныстырылымдарды және хат алысу жүргізу. Қызмет бағыты бойынша мемлекеттік және шетелдік ұйымдармен қарым-қатынас тәжірибесі. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын, Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексін білу. Командада жұмыс істей білу (құрылымдық бөлімшесінің мүддесінен ұйым мүддесінің басымдылығын ұстану); сабырлылық; байланысқа бейімділік, міндеттілік, қойылған мәселелерді сапалы және сындарлы шеше білу. |
6 | Тілдерді иелену деңгейі | Қазақ және орыс тілдерін жетік білу, ағылшын тілін, функционалдық міндеттерді орындауға қажетті деңгейде білу қажет |
7 | Дербес компьютерді пайдалану икемділігі | Жоғары деңгейлі ДК иелену (Microsoft Windows, Microsoft Office). |
8 | Қауіпсіздік саласында курстарды/ тренингтерді өту
| – ISO/IEC 27001, 27002 халықаралық стандарттары бойынша ақпараттық қауіпсіздікті бақылау жүйесі. – Қауіпсіздік және еңбекті қорғау. Өнеркәсіптік қауіпсіздік. Өрт қауіпсіздігі. – Ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерді бақылау. – Оқиғаларды тергеу. |
9 | Сертификаттардың бар болуы басымырақ болады | – ISO 27001 халықаралық стандарты бойынша. – «Certified Ethical Hacker (CEH)» әдептілік хакинг және енуді тестілеу. – «Computer Hacking Forensic Investigator (СHFI)» хакерлік оқиғаларды тергеу. |
10 | Түйіндемені беру мерзімі | Жоғарыда көрсетілген талаптарға сай үміткерді таңдап алуға дейін |