Менеджер, Вице-декан ассистенті

Түйіндемені жіберу

«Nazarbayev University Graduate School of Education» жеке мекемесі

( «NUGSE» ЖМ)

 

 

Лауазым атауы

Декан кеңсесінің менеджері «NUGSE» ЖМ (Вице-декан ассистенті)

 

 

Негігзі міндеттері

 

–               Қызметтік міндеттері аясында Вице-декан тапсырмаларын сапалы және уақтылы түрде орындау.

 

Негігзі қызметтік міндеттері

–            Вице-деканның жұмыс кестесін жоспарлау, әзірлеу және жүргізу;

–            Вице-декан тапсырмаларын орындау (құжаттарға қол қойғызу, Вице-декан кездесулері мен іс-сапарларын ұйымдастыру);

–            Вице-деканға «NUGSE» ЖМ академиялық, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеулік және сабақтан тыс жұмысты жоспарлауға және жүргізуге қолдау көрсету;

–            Вице-деканның «NUGSE» ЖМ профессорлық-оқытушылар құрамымен  және Назарбаев Университеті құрылымдық бөлімдерімен кәсіби байланыс орнатуды үйлестіру;

–            Вице-деканға магистрлік және докторлық бағдарламалар бойынша пәндердің кестесін құруға, профессорлық-оқытушылар құрамының жүктемесін бөлуге қолдау көрсету;

–            Студенттерді магистрлік және докторлық бағдарламаларға қабылдауға көмектесу;

–            Академиялық қызмет бойынша департаментпен бірге қызмет жасау;

–            Студенттерді Регистратор кеңсесі (РК) жүйесіне тіркеу, жаңа пәндерді әкімшілік жағынан қолдау ж»не РК жүйесінде пәндерді өзгерту нысандарын толтыру;

–            Вице-деканның басқаруымен оқу процесінде пайда болатын тапсырмаларды орындау; кестеге бақылау жүргізу.

 

Білімі

–          Жоғары;

–          Академиялық дәреже бойынша ең төменгі талап:    

      магистр дәрежесі. 

 

Талап етілетін кәсіби тәжірибесі (ұзақтығы, саласы, түрі және т.б.)

–          Аталған мамандық бойынша нақты қызметтің функционалды бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс өтілі- кем дегенде 2 жыл;

–          Түрлі мәдени ортада жұмыс тәжірибесі артықшылық болып саналады.

 

Кәсіби құзыреті

–       Талдау дағдылары, мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде басқарудың түрлі деңгейлерінде жұмыс істейтін адамдармен қарым-қатынас орната білу дағдылары;

–       Қысқа мерзім ішінде тиімді жұмыс істей білу;

–       Іс-қағаз және құжаттарды басқару саласы заңнамасын білу;

–       Ұйымдастырушылық дағдылар;

–       Тәртіптілік;

–       Жеке және топта жұмыс істей білу;

–       Түрлі мәдениеттер өкілдерімен жұмыс істей білу. 

 

Жеке құзыреті және қасиеттері

Тіл табыса алушылық, бастамашылық, жауапкершілік, жасампаздық.

 

Тілдерді, оның ішінде мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі (меңгерген тілдерді көрсетіңіз)

Қазақ, орыс және ағылшын (advanced)  тілдерінде жоғары деңгейде ауызша және жазбаша дағдылары.

 

Компьютерлік дағдылар

Жоғары деңгейде ЖК-мен жұмыс істеу білу дағдылары (OS Microsoft Windows, Microsoft Office, Excel, т.б.)

 

Түйіндемені беру мерзімі

Лайықты үміткерді таңдап алғанға дейін. Түйіндемені мемлекеттік және ағылшын тілдерінде  gse@nu.edu.kz электронды поштасына жіберу қажет. Тақырыпта “Менеджер, Вице-декан ассистенті лауазымына түйіндеме” деп көрсетуінізді сұраймыз.