Коммуникациялар бөлімінің менеджері

Түйіндемені жіберу

 

Manager to the Communication Department (replacement during absence of full-time employee), “Nazarbayev University Research and Innovation System”

1

Лауазымның атауы

Коммуникациялар бөлімінің менеджері

2

Лауазымның негізгі және функционалдық міндеттері

1)    Медиа-жоспарды әзірлеу және оны жүзеге асыру;

2)    PR белсенділігінің жоспарын құрастыру және жүзеге асыру;

3)    NURIS және Astana Business Campus инновациялық кластерге қатысты презентациялық және баспа материалдарды (жаңалықтар, мақалалар және басқа да ақпараттық мәлімет) жазу және оларды редакциялау;

4)    NURISтің  БАҚпен қарым-қатынасын қамтамасыз ету – ішкі және сыртқы маркетингтік іс-шараларды жүзеге асыру, соның ішінде конференциялар, кеңестер және бейнетүсірілімдер;

5)    SMM – NURISтың ғылыми-зерттеу, әлеуметтік және басқа да салалардағы жетістіктерін БАҚ, жаһандық ғаламтор жүйесінде және әлеуметтік желілерде жариялау;

6)    NURIS және Astana Business Campus сайтының мазмұнын толтыру;

7)    Жарнамалық кәдесыйлар және полиграфиялық қызмет көрсететін мердігерлермен жұмыс істеу.

3

Білімі

Маркетинг, PR (Public relations), коммуникациялар немесе журналистика саласында  мамандандырылған бакалавр немесе магистр дәрежесі (батыс біліміне артықшылық беріледі)

4

Қажетті кәсіби тәжірибе (ұзақтығы, саласы, т.б.)

Осы лауазымның қызметтік бағыттарына сәйкес салаларда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы

5

Кәсіби құзіреттілігі және жеке қасиеттері

•      БАҚ, оның ішінде электронды БАҚ арналған материалдарды дайындау және рәсімдеу бойынша қабілеттерінің болуы;

•      Презентация жасау, сауатты сөйлеу және жазу дағдысы;

•      Digital-marketing және леуметтік желілерде жұмыс істеу қабілетінің болуы;

•      Байланысқа бейімділік, шығармашылық ой-қабілетінің болуы;

•      Жауапкершілік, дербестік, жігерлілік.

6

Тілдерді білу деңгейі, мемлекеттік тілді қоса

Қазақ тілі – жоғары бағаланады, Орыс және Ағылшын тілдері (ауызша/жазбаша) – жетік білуі;

7

Дербес компьютерді пайдалану дағдылары (бағдарламалар, игеру деңгейі)

ДК жоғары деңгейде меңгеруі;

8

Жұмыс шарттары

•   толық жұмыс күні;

•   жалақы әңгімелесу қорытындысы бойынша белгіленеді;

9

Түйіндемені тапсыру мерзімі

Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келетін кандидат таңдалғанша.