Менеджер (HR), Назарбаев Университетінің Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі

Түйіндемені жіберу

Назарбаев Университетінің Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі

Лауазымның  атауы:           Менеджер (HR)

Деңгейі: Менеджер

  Есеп беруі: Мектептің Атқарушы директорына және Деканына

 Жауапкершілігі:  тікелей бағынатын адамдары жоқ

 Негізгі лауазымдық міндеті

Инженерия мектебіне әкімшілік қолдау көрсету.

Негізгі лауазымдық міндеттері мен функциялары

 

  1. Мектептің күнделікті операциялық жұмысына әкімшілік қолдау көрсету, оның ішінде, бірақ онымен шектелмей, мына функцияларды орындайды:  қызметтік және талдамалық жазбахаттарды жасау, қызмет көрсету туралы құпия сипаттағы құжаттар мен шарттарды келісу, іссапарлар мен олар бойынша есептерді, демалыс туралы өкімдерді, өтеу нысандарын ресімдеу, есептерді аудару және өзге де міндеттерді орындау.

 

  1. Әкімшілік және әкімшілік-техникалық персоналды жалдау процесіне қатысу, қажет болған жағдайда Астана қаласына алдын ала сапарларды ұйымдастыруға қатысу.

 

  1. НУ қаржы ережелеріне сәйкес персоналды жалдауға қатысты Мектеп бюджеті бойынша есептілікті жүргізуге көмектесу, қызметкерлердің іссапарлары мен біліктілігін арттыру бойынша Мектеп бюджетінде бекітілген шығыстар бабын меңгеруді мониторингтеуге көмектесу.

 

  1. Университеттің әкімшілік-қаржы департаменттерімен, сондай-ақ өзге де сыртқы ұйымдармен ынтымақтастықта оқытушылар үшін бейімделу бағдарламасының толық циклін дайындауға көмектесу

 

  1. Академиялық және әкімшілік персоналға Астана қаласының салық және көші-қон органдарынан жұмысқа орналасуға қажетті құжаттарды алуға, оларды тіркеуге көмек көрсету.

 

  1. HR жүйелері мен әкімшілік жүйелерді дамытуға және жетілдіруге қатысу.

 

  1. Мектептің Атқарушы директорымен және өзге де әріптестермен өзара іс-әрекет ету арқылы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға және тренингтерді ұйымдастыруға қатысу.

 

  1. НУ орталық департаменттерімен қажет болған жағдайда есептер мен деректерді беру бойынша ынтымақтасу.

 

  1. HR мәселелері бойынша өтінімдерге төлемдерді ресімдеу.

 

  1. HR деректер базасына, құпия HR файл мен құжаттарға қолдау көрсету. Тиісті еңбек заңнамасының сақталуын және құпия деректердің таратылмауын қамтамасыз ету.

 

  1. Қажеттілігіне қарай басқа да міндеттерді орындау.

 

  1. Осы лауазымдық нұсқаулық қызметкерге қойылатын ағымдағы талаптарды білдіреді және міндеттер аясының кеңеюіне қарай, осы лауазымды атқаратын адамның келісімі бойынша қайта қаралады және редакцияланады. 

 

 

Біліктілік талаптары

Міндетті түрде                 

Артықшылық беріледі

Білімі

 

 

Персоналды басқару, юриспруденция немес экономика және менеджмент мамандығы бойынша  бакалавр деңгейі

 

Жұмыс тәжірибесі 

 

 

Халықаралық ұйымдардағы және/немесе түрлі мәдени өкілдерінің командасындағы жұмыс тәжірибесі

 

Ірі ұйымда жалпы жұмыс тәжірибесі, персоналды жұмысқа қабылдау, тиімділікті бағалау, персоналды ынталандыру және дамыту  тәжірибесі

 

Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасын білу

 

Жоғары білім саласындағы жұмыс тәжірибесі  

 

Дағдылары

 

 

Үздік  АТ-дағдылары

 

Жақсы жазбаша және ауызша коммуникативтік дағдылары

 

Материалды жеткізе білу дағдысы  

 

Математикалық қабілетінің жақсы деңгейі

 

 

Бірлесіп жұмыс істеудің тиімді дағдылары 

 

Өз бетінше, сондай-ақ командада жұмыс істей білуі, сонымен қатар көптеген мәселелер аясын үйлестіре білуі

 

Жақсы ұйымдастырушылық деңгейі

 

Ағылшын тілінде сөйлеу, оқу, жазу және түсіну дағдыларының  жоғары деңгейі

 

Орыс тілінде сөйлеу, оқу және түсіну дағдылары

 

Қазақ тілінде сөйлеу, оқу және түсіну дағдылары

 

Жеке қасиеттері  

 

 

Икемді графикпен және қысқа мерзімде жұмыс істей білуі

 

Ынталылығы және мақсатқа ұмтыла білуі

 

Мәдени ерекшеліктерді айыра білуі

 

Тең мүмкіндіктер саясатын  нақты түсінуі және ұстануы, лауазым құзырлығы шеңберінде осы саясатты қолдануы мен алға жылжытуды жете түсінуі

 

Дипломаттығы мен әдептілігі

 

Адалдығы және құпиялылықты сақтауы

 

Мінезінің салмақтығы