Менеджер Архивного управления

Түйіндемені жіберу

Біліктілік талаптары:

жоғары білім және мамандығы бойынша жұмыс өтілі екі жылдан кем емес. Мамандығы бойынша білімі болмаған жағдайда мұрағат ісі және іс жүргізу саласында оқудан өткені туралы сертификаттардың (құжаттардың) болуы. Мемлекеттік және ағылшын тілдерін функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті көлемде білуі

Лауазымдық міндеттері:

  1. кестеге сәйкес   құжаттарды  тұрақты  және   депозитарлық  сақтауға қабылдауды жүзеге асырады;
  2. құжаттарға ғылыми-техникалық өңдеу жүргізуге қатысады;
  3. құжаттарды тігуді, картонирлеуді жүзеге асырады;
  4. топографиялық көрсеткіштер,       қорлардың  ғылыми-анықтамалық аппаратын жасайды, істерді шифрландыруды жүзеге асырады;
  5. мекемелердің сараптау комиссияларының жұмысына жетекшілік етеді;
  6. мұрағат қоймасынан құжаттар беруді, құжаттарды көшіруді, сканерлеуді жүзеге асырады;
  7. істердің бар   болуын   және   нақты   жай-күйін   тексеру   бойынша жұмыстарға қатысады;
  8. арнайы сұратулар бойынша мұрағат анықтамаларын дайындайды (еңбек өтілін растау және білім алушылар бойынша);
  9. ақпаратты базаларға және деректер банкіне енгізуге қатысады.