Медицина мектебінің менеджері (негізгі қызметкердің орнына уақытша отыру)

Түйіндемені жіберу

1

Лауазымның атауы:

Медицина мектебінің  менеджері

2

Құрылымдық бөлімшенің негізгі функционалдық міндеттері:

1. Мектепте оқу қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

2. Білім сапасын қамтамасыз етуде әртүрлі әдістер енгізуге көмектесу;

3. Мектеп құзыреті аясында Университеттің стратегиялық міндеттерін әзірлеу мен оларды  іске асыруға  қатысу;

4. Ғылыми және инженерлік әзірленімдерді қолдану мақсатында медициналық университеттермен және зерттеу институттарымен өзара іс-қимыл жасау.

3

Негізгі лауазымдық міндеттері:

1) Өткізілетін іс-шаралар аясында шарттар мен келісімдерді әзірлеу, есептерді, инвойстарды, көрсетілген қызметтер актілері мен олар бойынша өзге де құжаттарды дайындау және тапсыру;

2) Мектептің бюджетін оның құзыретіне енетін бөліктер бойынша қалыптастыруға жәрдемдесу;

3) Мектеп бюджетінің орындалуы туралы есептерді оның құзыретіне енетін бөліктер бойынша қалыптастыру;

4) Мектептің даму мәселелерін әкімшілендіру және Мектептің операциялық қызметі мәселелерін шешуге жәрдемдесу;

5) Университеттің ішкі нормативтік құжаттарының оның құзыретіне енетін мәселелер бойынша сақталуын мониторингтеу;

6) Мектеп қызметкерлеріне оның құзыретіне енетін мәселелер бойынша  консультациялық және әдістемелік көмек көрсету;

7) жетекшілік ететін бағыт шеңберінде тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару, мониторингтеу процестеріне қатысу;

8) Мектеп басшылығының өзге де тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау.

4

Білімі:

Жоғары кәсіптік, ағылшын тілінде оқытатын жоғары оқу орындарындағы магистратура, бакалавриат немесе маман дәрежесінде келесі бағыттар бойынша болғаны дұрыс:

– Қаржы;

– Экономика.

5

Кәсіби тәжірибесі (ұзақтығы, саласы, және т.б.):

Кәсіби тәжірибесі мына талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:

– магистр дәрежесінде мамандығы бойынша мемлекеттік қызметтегі, халықаралық және/немесе ұлттық компаниялардағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес; немесе

– бакалавр немесе маман дәрежесінде мамандығы бойынша мемлекеттік қызметтегі немесе халықаралық және/немесе ұлттық компаниялардағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес; немесе 

– «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымындағы жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес.

Қоғаммен байланыс және маркетинг саласында кәсіби сертификаттары болғаны дұрыс.

6

Кәсіби қабілеттері:

– мемлекеттік және ағылшын тілінде іс қағаздарын жүргізу дағдылары;

– қаржы есептілік құжаттамасын жасау дағдылары;

– бюджеттеу дағдылары;

– жоғары аналитикалық және ұйымдастырушылық дағдылары;

– мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеру;

– мықты ауызша және жазбаша коммуникативтік қабілеттердің бар болуы.

7

Тұлғалық қасиеттері:

– Университеттің мақсаттары мен құндылықтарына адалдық;

– адамдармен тіл табыса білу;

– жеке, сондай-ақ жергілікті және халықаралық жұмыс топтарының құрамында тиімді жұмыс істей білу;

– әртүрлі мәдениет және ұлт өкілдерімен жұмыс істеу білу;

– кез келген мәселелерді аналитикалық тұрғыдан шешу  қабілеті;

– қысқа мерізім ішінде тиімді жұмыс істей білу;

– қабылданған шешімдер үшін жауапкершілікті сезіне білу;

– позитивтік көзқарас, жоспарлай білу және өзгерістерге бейімделе алу.

8

Тілдерді меңгеру деңгейі:

– қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің жақсы ауызша және жазбаша дағдылары.

9

Компьютерді және компьютерлік бағдарламаларды меңгеру деңгейі:

Компьютерді жоғары деңгейде меңгерген тәжірибелі пайдаланушы (Microsoft Office: Microsoft Word, Excel, PowerPoint, 1С: Кәсіпорын).

10

Түйіндемені ұсыну мерзімі:

Жоғарыда аталған талаптарға сәйкес келетін үміткерді таңдап алғанға дейін.

Түйіндемелеріңізді cv@nu.edu.kz электрондық адресіне жіберулеріңізді сұраймыз.