Мансап және кәсіптік бағдарлау орталығының (МКБО) Бас менеджері

Түйіндемені жіберу

 

Лауазымның атауы

Мансап және кәсіптік бағдарлау орталығының (МКБО) Бас менеджері

Департаменттің негізгі және функционалдық міндеттері

Орталықтың негізгі мақсаттары- студенттерді кәсіби ортаға

дайындау, олардың кәсіби дағдыларын дамыту, сонымен

қатар, түлектермен, студенттермен, Мектептермен, жалпы

Университет қауымдастығымен тығыз серіктестік қарым-

қатынастарды нығайту арқылы мансаптық қызметтерді

көрсету.

Лауазымның негізгі және функционалдық міндеттері

  • еңбек нарығының үрдістерін талдау;
  • МКБО қызметін кеңейтуге байланысты жаңа саясат пен рәсімдерді ұсыну үшін жұмыс берушілер, студенттер мен түлектер арасында сауалнама жүргізу;
  • нарық қажеттіліктерін қанағаттандыру және Университет мектептері мен Провост офисына кеңес беру үшін Студенттердің кәсіби даму бағдарламасын  (Кәсіби дағдыларды дамыту бағдарламасы) және МКБО-ның басқа да іс-шараларын бағалау;
  • МКБО қызметкерлерін мансаппен және Университет тәжірибесімен алмасумен байланысты вебинарларды әзірлеуге және өткізуге жұмылдыру, үйлестіру және оқыту;
  • интернеттегі және гибридті модульдерді қоса алғанда, Университет студенттерінің мансаптық дайындығына кәсіби курстарды әзірлеу, үйлестіру және олардың енгізілуіне ықпал ету;
  • Университет студенттері мен түлектерін МКБО қызметіне тартуға бағытталған саясат пен стратегияларды жоспарлау және жүзеге асыру;
  • МКБО-ның қатысуын кеңейтуге арналған кәсіби білім беру/ тәжірибелік оқыту сапасын арттыру әдістері туралы  Провост офисымен бірлесе отырып факультет пен Мектеп әкімшіліктеріне кеңес беру және бірлесіп жұмыс істеу;
  • МКБО стратегиялық жоспарлары шеңберіндегі іс-шаралардың жылдық жоспарын әзірлеуді үйлестіру;
  • МКБО-ның әріптестерімен МКБО-ішіндегі және сыртқы қауымдастықтар (үкіметтік, мемлекеттік сектор, бизнес, коммерциялық емес ұйымдар) арасындағы серіктестік қарым-қатынастарды орнату және Университет студенттері мен түлектерінің хабардар болуын арттыру үшін  әртүрлі салаларда Университеттің өкілі болу;
  • CAC CareerNet және AlumNet (Symplicity платформасында жұмыс істейтін) жұмысын жүргізуге көмек көрсету; жұмыс берушілермен үнемі хабарласып, олардың деректерін және кәсіби байланыстарын жаңартып отыру;
  • Университет студенттері мен түлектеріне топтық және жеке мансаптық кеңес беру;
  • МКБО маркетингтік материалдарын қадағалау;
  • жетекшілік ететін бағыты аясында тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару, мониторингтеу процестеріне қатысу;
  • өзінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктерінің аясында МКБО басшысы мен Университет басшылығының өзге де тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау.

Білімі

Жоғары кәсіптік, ағылшын тілінде оқытатын жоғары оқу орындарындағы жоғары кәсіптік білімінің болғаны дұрыс

Қажетті кәсіби тәжірибе

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгі біліктілік талаптарына сәйкес белгіленеді.

  • PhD докторы дәрежесінде – басшы лауазымдардағы 1-2 жыл  жұмыс тәжірибесін қоса алғанда, жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес;
  • магистр дәрежесінде – басшы лауазымдардағы 2-3 жыл  жұмыс тәжірибесін қоса алғанда, жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес;
  • бакалавр немесе маман дәрежесінде – басшы лауазымдардағы немесе аталған функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы не болмаса, ұлттық және/ немесе халықаралық компаниялардағы  2-3 жыл жұмыс тәжірибесін қоса алғанда, жұмыс өтілі 7 жылдан кем емес немесе Назарбаев Университетінде 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі болуы тиіс

Кәсіби құзыреттілік және жеке тұлғалық қасиеттер

  • стратегиялық және өндірістік жоспарлар мен саясатты басқару дағдылары;
  • шешім қабылдау дағдылары;
  • аналитикалық дағдылар;
  • басқару дағдылары (мақсаттарды қою және жоспарлау, жауапкершілікті белгілеу);
  • жазбаша және ауызша коммуникация жасау дағдылары;
  • жылдам өзгеретін ортада жұмыс істей білу;
  • бірнеше тапсырманы бағалауға, ұйымдастыруға және басымдық беруге қабілеттілігі;
  • мансапқа байланысты тақырыптар бойынша кішігірім және үлкен аудиторияларға презентациялар жасау қабілеттілігі;
  • әлеуметтік желілерді, интернетті пайдалануды және зерттеу жүргізуді жақсы білу сабырлылық;
  • Назарбаев Университеті құзыретінің моделі:
  • сыни тұрғыда ойлау;
  • тиімді қарым-қатынас жасау;
  • тіл табыса білу;
  • топта жұмыс істей білу;
  • жауапкершілік;
  • дамыған көшбасшылық қасиеттері

Тілдерді меңгеру деңгейі

Қазақ, ағылшын және орыс тілдерін еркін меңгеру

Компьютерлік сауаттылық

Компьютерді жоғары деңгейде меңгерген тәжірибелі пайдаланушы  (Microsoft Windows, Microsoft Office)

Түйіндемені ұсыну мерзімі

26.10.18