Мансап және кәсіптік бағдарлау орталығының менеджері

Түйіндемені жіберу

 1

Лауазымның атауы:

Мансап және кәсіптік бағдарлау орталығының менеджері

2

Лауазымның функционалдық міндеттері

Практика бағдарламасы бойынша жоспарлау, үйлестіру, іске асыру және есептер беру үшін жауапкершілік;

Орталық туралы ақпараттандыру деңгейін және Орталық брендінің танымалдығын арттыру үшін МКБО-ның веб-сайты мен әлеуметтік желілерін жүргізу және жаңарту үшін жауапкершілік;

ақпарат беру және Жұмысқа орналастыру бағдарламасын іске асыру;

мансаптық платформаны жүргізу үшін ақпарат беру;

кәсіптік мақсаттарын айқындап, оларға қолжеткізу үшін мансап және кәсіптік бағдарлау мәселелері бойынша студенттер мен түлектерге нұсқама беру;

оқуды жалғастыруды қамтамасыз ету және жұмысты іздестіруде көмек көрсету (мысалы, түйіндемені және ілеспе хаты жазу, сұхбаттасудан өту дағдылары және басқа);

функционалдық сала шеңберінде ақпарат жинау және ай сайынғы жаршыға ақпарат ұсыну және әлеуметтік желілерді жаңарту;

қажетіне қарай Директор белгілейтін басқа да міндеттер.

3


Білімі:

Жоғары білімі, ағылшын тілінде білім беретін мекеменің  дипломына артықшылық беріледі, мансап және кәсіптік қызмет, бизнес-әкімшілендіру, адами ресурстар, жоғары білім немесе тиісті саладағы дәрежеге артықшылық беріледі.

4

Талап етілетін кәсіби тәжірибесі (ұзақтығы, саласы, түрі және т.б.)

бакалавр дәрежесінде – атап көрсетілген функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы не болмаса, ұлттық және/ немесе халықаралық компаниялардағы  3 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

магистр дәрежесінде – атап көрсетілген функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы 1 жылдан кем емес жұмыс өтілі

5


Кәсіби білімі мен жеке қасиеттері

Кәсіби білімі:

Орталықтың қызметіне қатысты салалардағы практикада қолданылатын терең білімі мен кәсіптік құзыреті;

ресурстарды ұйымдастыру және басымдылықтарды белгілеу дағдылары;

қоғамдық немесе білім беру, институционалдық ортасы шеңберінде интеграцияланған бағдарламаларды басқару дағдылары;

мансап және кәсіптік бағдар / нұсқама беру саласындағы кәсіптік дағдыларына немесе жұмыс тәжірибесіне артықшылық беріледі;

міндеттерді талдау, өндірістік қажеттілікті түсіну және шешімдерді әзірлеу дағдылары.

Жеке қасиеттері:

Университеттің мақсаттары мен құндылықтарына бейілділік;

әртүрлі мәдениет және ұлт өкілдерімен жұмыс істей білу;

жұмыстардың орындалуын бақылай білу, клиентке бағытталушылық, достық ниеттілік, зерделілік және кәсіптік мінез-құлық үлгісі;

өзін-өзі уәждеу, бастамашылық жасау және  студенттерге, түлектерге, жұмыс берушілер мен басқа да әріптестерге клиенттердің қажеттіліктеріне бағытталған қолдау көрсету қабілеті;

жазбаша дамыған дағдылары, дипломатиялық және шебер қарым-қатынас дағдылары, мықты коммуникативтік дағдылары.

6

Тілдерді  меңгеру деңгейі (меңгерген тілдерді көрсетіңіз)

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сөйлеу.

7

ЖК білу:

ЖК жоғары меңгеру дәрежесі (Microsoft Windows, Microsoft Office)

8

Түйіндемені беру мерзімі

Үміткерді таңдап алғанға дейін