Мансап және кәсіптік бағдарлау орталығының аға менеджері (негізгі қызметкердің босануға байланысты демалысқа шығуына уақытына)
Лауазымның атауы | Мансап және кәсіптік бағдарлау орталығының аға менеджері (негізгі қызметкердің босануға байланысты демалысқа шығуына уақытына) |
Департаменттің негізгі және функционалдық міндеттері | Орталықтың негізгі мақсаттары- студенттерді кәсіби ортаға дайындау, олардың кәсіби дағдыларын дамыту, сонымен қатар, түлектермен, студенттермен, Мектептермен, жалпы Университет қауымдастығымен тығыз серіктестік қарым-қатынастарды нығайту арқылы мансаптық қызметтерді көрсету. |
Лауазымның негізгі және функционалдық міндеттері | – Жұмысқа орналастыру бағдарламасы бойынша жоспарлау, үйлестіру, іске асыру және есептер беру үшін жауапкершілік; – Студенттерді кәсіптік дамыту бағдарламасы бойынша жоспарлау, үйлестіру, іске асыру және есеп беру үшін жауапкершілік; – мансаптық платформаны жүргізу үшін жауапкершілік; – Ғылым және технологиялар мектебінің студенттері үшін Орталық қызметінің барлық мәселелері бойынша байланыстағы тұлға ретінде жұмыс істеу; – ішкі және сыртқы есептілік пен ақпараттық өзара іс-қимыл үшін жауапты қызметкерді болмаған кезеңде ауыстыру; – МКБО веб-сайтын және жүргізу мен жаңарту үшін ақпарат ұсыну және жауапты қызметкерді болмаған кезеңде ауыстыру; – кәсіптік мақсаттарын айқындап, оларға қолжеткізу үшін мансап және кәсіптік бағдарлау мәселелері бойынша студенттер мен түлектерге нұсқама беру; – оқытуды қамтамасыз ету және жұмысты іздестіруде көмек көрсету (мысалы, түйіндемені және ілеспе хаты жазу, сұхбаттасудан өту дағдылары және басқа); – белгілі бір функционалдық сала шеңберінде ақпарат жинау және ай сайынғы жаршыға ақпарат ұсыну және әлеуметтік желілерді жаңарту; – сұрау салу бойынша есептерді беру; – тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару, мониторингілеу процестеріне және жетекшілік ететін сала шеңберінде тиісті есептілікті қалыптастыруға қатысу; – қажетіне қарай Директор белгілейтін басқа да міндеттер. |
Білімі | Жоғары білімі, ағылшын тілінде білім беретін мекеменің дипломына артықшылық беріледі. Мансап және кәсіптік қызмет, бизнес-әкімшілендіру, адами ресурстар, жоғары білім саласындағы дәрежеге және тиісті саладағы дәрежеге артықшылық беріледі. |
Қажетті кәсіби тәжірибе | – магистр дәрежесінде – көрсетілген функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі; – бакалавр немесе маман дәрежесінде – атап көрсетілген функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы не болмаса, ұлттық және / немесе халықаралық компаниялардағы 7 жылдан кем емес жұмыс өтілі; – балама ретінде осы лауазымды атқаратын қызметкердің Назарбаев Университетінде 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі болуы тиіс; |
Кәсіби құзыреттілік және жеке тұлғалық қасиеттер | – Орталықтың қызметіне қатысты салалардағы практикада қолданылатын терең білімі мен кәсіптік құзыреті; – операциялар мен рәсімдерді тексеру және қайта жоспарлау дағдылары; – ресурстарды ұйымдастыру және басымдықтарды белгілеу дағдылары; – қоғамдық немесе білім беру институционалдық ортасы шеңберінде интеграцияланған бағдарламаларды жоспарлау, әзірлеу және басқару дағдылары; – күрделі міндеттерді талдау, өндірістік қажеттілікті түсіну және шешімдерді әзірлеу дағдылары; – жобаларды басқару, кәсіптік дамыту, клиенттерге қызмет көрсету, мансапты жоспарлау және стратегиялық жобалау саласындағы білімі; – әлеуметтік желілерді басқарудағы тәжірибесі болғаны, сондай-ақ клиенттермен қарым-қатынастарды басқару жүйелерін білгені дұрыс; – Университеттің мақсаттары мен құндылықтарына бейілділік; – әртүрлі мәдениет және ұлт өкілдерімен жұмыс істей білу; – әртүрлі мәдениет және ұлт өкілдерімен жұмыс істей білу; – өзін-өзі уәждеу, өнертапқыштық және мақсатқа бағытталушылық; – жазбаша және ауызша коммуникативтік дамыған дағдылары. |
Тілдерді меңгеру деңгейі | Қазақ, ағылшын және орыс тілдерін еркін меңгеру |
Компьютерлік сауаттылық | Компьютерді жоғары деңгейде меңгерген тәжірибелі пайдаланушы (Microsoft Windows, Microsoft Office) |
Түйіндемені ұсыну мерзімі | Жоғарыда аталған талаптарға сәйкес келетін үміткерді таңдап алғанға дейін. |