Маман (сатып алу маманы) (негізгі қызметкерді ауыстыру уақытына), Назарбаев Университетінің Ғылым және технологиялар мектебі

Түйіндемені жіберу

Назарбаев Университетінің Ғылым және технологиялар мектебі

Лауазымның  атауы:          Маман (сатып алу маманы) (негізгі қызметкерді ауыстыру уақытына)

Деңгейі: Маман

  Есеп беруі: Мектептің Атқарушы директорға және мектебінің Деканына

 Жауапкершілігі:  тікелей бағынатын адамдары жоқ 

Негізгі лауазымдық міндеті

Мектеп әкімшілігіне қолдау көрсету және Мектептің үздіксіз жұмысын қамтамасыздандыру мақсатында тауарларды сатып алу мәселелерімен айналысу.

Негізгі лауазымдық міндеттері мен функциялары 

  • Мектеп жабдықтары, материалдары, кеңсе тауарларының жылдық бюджетін жоспарлауға және әзірлеуге қатысу;
  • Материалдарды, жабдықтарды, кеңсе тауарларын сатып алуға қажетті құжаттарды дайындау;
  • Зертханалық жабдықтар, шығыс материалдар нарығындағы бағаларға мониторинг жүргізу;
  • Мектептің офистік тауарлары, материалдары, жабдықтардың мектеп бюджетінің игерілуіне мониторинг жүргізу;
  • сатып алуға қатысты Университеттің құрылымдық бөлімшелерімен, «NURIS» ЖМ-мен, «NULITS» ЖМ-мен, «USM» ЖМ-мен жұмыс істеу;
  • мектептің зертханалары үшін жабдықтардың, шығыс материалдардың жеткізілуін бақылау;
  • оқытушы-профессорлар құрамына сатып алуға, бюджеттеуге қатысты және өз құзыреті шеңберінде басқа мәселелер бойынша консультациялық және ақпараттық қолдау көрсету;
  • мектептің операциялық жоспарын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
  • сыртқы контрагенттермен қол қойылған шарттардың орындалуына мониторинг жүргізу;
  • ішкі және сыртқы аудит үшін қаржы есептерін дайындауға қатысу (қажеттілігіне қарай);
  • халықаралық мамандармен және студенттермен жұмыс істеу департаментімен, NULITS, сондай-ақ Университеттің басқа құрылымдық бөлімшелерімен бірлесе отырып, жаңа ОПҚ-ның бейімделуіне көмек көрсету;
  • оқытушыларға және қызметкерлерге жұмыс үшін қажетті құжаттарды алуға көмек көрсету, Астана қ. салық және көші-қон органдарында тіркелуге көмектесу;
  • қажеттілігіне қарай, Университеттің құрылымдық бөлімшелерімен есептер мен деректерді ұсынуда өзара әрекеттесу;
  • жетекшілік ететін салалар шеңберінде тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару, бақылау, мониторингілеу процестеріне және тиісті есептілікті қалыптастыруға қатысады;
  • басқа кез келген міндеттерді қажеттілігіне қарай орындау.

 

 

 

Біліктілік талаптары

Міндетті түрде                  

Артықшылық беріледі

Білімі

 

 

Экономика, қаржы, сатып алу, менеджмент, халықаралық қатынастар мамандығы бойынша  бакалавр деңгейі

 

Жұмыс тәжірибесі 

 

 

Тиесілі саладағы жоғары кәсіптік білімі: (білім саласындағы басқару, психология, білім беру және басқару салаларындағы саясат, білім беру саласындағы халықаралық саясат).

 

Ірі ұйымда жалпы жұмыс тәжірибесі, персоналды жұмысқа қабылдау, тиімділікті бағалау, персоналды ынталандыру және дамыту  тәжірибесі

 

Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасын білу

 

Жоғары білім саласындағы жұмыс тәжірибесі  

 

Дағдылары

 

 

Үздік  АТ-дағдылары

 

Жақсы жазбаша және ауызша коммуникативтік дағдылары

 

 

Материалды жеткізе білу дағдысы  

 

Математикалық қабілетінің жақсы деңгейі

 

 

Бірлесіп жұмыс істеудің тиімді дағдылары 

 

Өз бетінше, сондай-ақ командада жұмыс істей білуі, сонымен қатар көптеген мәселелер аясын үйлестіре білуі

 

Жақсы ұйымдастырушылық деңгейі

 

Ағылшын тілінде сөйлеу, оқу, жазу және түсіну дағдыларының  жоғары деңгейі

 

Орыс тілінде сөйлеу, оқу және түсіну дағдылары

 

Қазақ тілінде сөйлеу, оқу және түсіну дағдылары

 

Жеке қасиеттері  

 

 

Икемді графикпен және қысқа мерзімде жұмыс істей білуі

 

Ынталылығы және мақсатқа ұмтыла білуі

 

Мәдени ерекшеліктерді айыра білуі

 

Тең мүмкіндіктер саясатын  нақты түсінуі және ұстануы, лауазым құзырлығы шеңберінде осы саясатты қолдануы мен алға жылжытуды жете түсінуі

 

Дипломаттығы мен әдептілігі

 

Адалдығы және құпиялылықты сақтауы

 

Мінезінің салмақтығы