Маман, “NUGSE” ЖМ, іс жүргізуші

Түйіндемені жіберу

«Nazarbayev University Graduate School of Education» жеке мекемесі

( «NUGSE» ЖМ)

 

 

Лауазым атауы

 Маман ЧУ «NUGSE»  (іс жүргізуші)

 

Негізгі міндеттері

–     Мектептің іс-құжаттарын жүргізу

 

Негігзі қызметтік міндеттері

–     Мектептін нормативті құжаттарын дайындау және қолданысқа енгізу;

–     Белгіленген тәртіпте іс жүргізумен аяқталған құжаттарды қабылдау;

–     Электрондық құжат айналымы жүйесіндегі кіріс және шығыс құжаттар мен хаттарды тіркеу және өңдеу; 

–     Мектепке келіп түскен іс-құжаттарды есепке алу және сақтау;

–     Құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу;

–     Жөнелтілетін және келіп түсетін хаттардың уақытылы өңделуін және орынды жеткізілуін қамтамасыз ету;

–     Бақылаудағы құжаттар мен мектеп басшылығынан келіп түскен нұсқаулықтардың уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету және қадағалау;

–     Мектептің істер номенклатурасын дайындау.

 

Білімі

–     Жоғары (ағылшын тілінде оқытатын жоғары оқу орны артықшылық болып саналады);

 Басым мамандықтар бағыты: Құжаттар мен жазбаларды басқару (құжаттарды жүргізу) (мұндай мамандықты бітірмеген  жағдайда, құжаттарды жүргізу мамандығы аясында біліктілікті жоғарылату курстарынан өткені туралы сертификаттың болуы); құқықтану; басқа гуманитарлық мамандықтар.

–     Магистр дәрежесінің болуы артықшылық болып саналады. 

 

Талап етілетін кәсіби тәжірибесі (ұзақтығы, саласы, түрі және т.б.)

–     Бакалавр немесе маман дәрежесі болған жағдайда, мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем емес (құжаттарды жүргізу, құжаттарды қамтамасыз ету, мұрағаттау аясында болғаны артықшылық болып саналады);

–     Магистр дәрежесі болған жағдайда 2 жылдан кем емес уақыт шамасында мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі.

 

Кәсіби құзыреті

–     іс-құжаттарды басқару саласындағы заңнаманы білу;

–     іс-құжаттарды жүргізу және мұрағат ережелерін білу; құжаттарды сақтау және классификациялау; құрамы, құжаттар мен ақпараттық-іздестіру жүйелерінің мазмұны;

–     ұйымдастырушылық дағдылар;

–     талдау дағдылары;

–     тәртіптілік;

–     жеке және топта жұмыс істей білу; ·

–     түрлі мәдениеттер өкілдерімен жұмыс істеу білу.

 

Жеке құзыреті және қасиеттері

Тіл табыса алушылық, бастамашылық, жауапкершілік.

 

Тілдерді, оның ішінде мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі (меңгерген тілдерді көрсетіңіз)

Қазақ, орыс және ағылшын (advanced)  тілдерінде жоғары деңгейде ауызша және жазбаша дағдылары.

 

Компьютерлік дағдылар

Жоғары деңгейде ЖК-мен жұмыс істеу білу дағдылары (OS Microsoft Windows, Microsoft Office, Excel, т.б.), сондай-ақ  электрондық құжат айналымы (Directum) жүйесінде  жұмыс істей білу

 

Түйіндемені беру мерзімі

Лайықты үміткерді таңдап алғанға дейін. Түйіндемені мемлекеттік және ағылшын тілдерінде  gse@nu.edu.kz электронды поштасына жіберу қажет. Тақырыпта “Маман (іс жүргізуші) лауазымына түйіндеме” деп көрсетуінізді сұраймыз.