Маман, Деканның әкімшілік сұрақтар бойынша ассистенті, Инженерия мектебі

Түйіндемені жіберу

 

1

Лауазым атауы:

Маман, Деканның әкімшілік сұрақтар бойынша ассистенті, Инженерия мектебі

2

Бөлімшенің негізгі және қызметтік міндеттері:

–            Инженерия мектебі деканының ортақ басшылығының көмегімен, әкімшілік сұрақтар бойынша ассистент мектеп деканына әртүрлі облыстарда: арнаулы жоба, хат алысулар, деканның күнтізбесі және Декан кеңсесіне қатысты күнделікті сұрақтарды шешуді қоса алғанда мектеп Деканына әкімшілік, орындаушылық және аналитикалық қолдау жүргізу.

3

Лауазымның негізгі және қызметтік міндеттері:

–        Мектеп ішінлегі кафедралар деңгейінде барлық жобалар мен міндеттердің уақтылы орындалуын қадағалау мақсатында Кафедра меңгерушілерінің және аға әкімшілік лауазым иелерінің қатысуымен өтетін Мектептің басшылық кеңес отырыстарына қатысу. Отырыс хаттамаларын уақтылы жасау.

–        Деканның аса маңызды тапсырмаларын орындау барысында, шешімді еркін түрде қабылдау және әрекет ету.

–        Декан кеңсесіне істерге қатысты  ақпарат пен деректерді Деканға беру кезінде ерікті және еркін түрде әрекет ету. Проблемаларды нақты анықтай білу, қажет етілген жағдайда ерікті түрде талдау жүргізу, ұсыныстарды  және шешімдерді ұсыну.

–        Университет және мектеп ішіндегі ережелер мен рәсімдерге қатысты студенттер, қызметкерлер және оқытушылардың сұрақтарына жауап дайындау.

–        Мектепке қатысты міндеттерді жүзеге асыруда күнделікті және алдын-ала көмек көрсету. Университеттің әртүрлі құрылымдық бөлімшелерінен келіп түскен сұрақтарға жауап дайындау.

–         Деректерді жинақтау (студенттердің үлгерімі, оқытушылардың бағалануы, курстардың оқу жоспарлары, іссапар бойынша есептер), кампус және кампус тыс деңгейде әртүрлі дереккөздерден ақпаратты алып, талдау және сұранысқа сәйкес есептер дайындау.

–        Декан нұсқауларына сәйкес хат алмасу жобаларын дайындау.

–        Деканның кестесін жоспарлау. Декан кестесіне сәйкес кездесулерді жоспарлау және ұйымдастыру.

–     Деканға кеңес түріндегі жиналыстардың алдында толық ақпараттық материалдар дайындау. Сәйкес материалдармен, дереккөздермен және басқа да ақпараттық анықтамалармен қамтамсыз ету, презентациялар, бағдарламаларды кездесулерге және есептер үшін арнап дайындау.

4

Білімі

Жоғары-профессионалды, Батыс жүйесі бойынша қызмет ететін университеттен алынған дипломның болғаны жөн.  (MA/MBA/M.Phil/MSc дәрежелеріне басымдылық беріледі).

5

Қажетті кәсіби тәжірибесі (ұзақтығы, аясы, саласы мен басқалары

Негізгі қызметтік міндеттерде аталған салаларда, қызметі студенттермен жұмыс жасауға бағытталған жоғары оқу орнында, және/немесе үкіметтік емес ұйымдарда    жұмыс өтілі кемінде 1 жыл болуы тиіс. Қазақстан және халықаралық ұйымдарда жұмыс тәжірибесі қажет.  

6

Кәсіби құзыреті және жеке қабілеттері

Аналитикалық және менеджмент дағдылары;

Жергілікті және халықаралық топтармен нәтижелі жұмыс істей алу қабілеті;

Әртүрлі мәдени нәсілім өкілдерімен жұмыс істей алу қабілеті;

Жоғары оқу орындарындағы дәреже бағдарламаларын білу;

Стресс жағдайларын жеңе білу; және,

Әрекеттер мен қабылданған шешімдерге жауапкершілікті ала білу.

7

Тілдерді білу, оның ішінде мемлекеттік тілді білу (өзіңіз білетін тілдерді көрсетіңіз)

Қазақ, ағылшын және орыс тілдерін жетік білу;  

Қазақ, ағылшын және орыс тілдеріндегі ауызша және жазбаша дағдылары өте жақсы болуы қажет.

8

Компьютерді пайдалану дағдылары (бағдарламалар, меңгеру деңгейі):

Компьютерді білу деңгейі өте жоғары болуы қажет

(MS Office 95\98\2000\2007, MS Windows 95\98\XP\Vista, Internet )

9

Резюмені беру мерзімі:

Лайықты үміткерді алғанға дейін