Кітапхана дирекциясының Ақпараттық-библиографиялық қызметінің сарапшы-менеджері

Түйіндемені жіберу

1

Лауазымның атауы

«Nazarbayev University Library and IT Services» жеке мекемесінің Кітапхана дирекциясының Ақпараттық-библиографиялық қызметінің сарапшы-менеджері

2

Құрылымдық бөлімшенің негізгі функционалдық міндеттері

Кітапхана пайдаланушыларына ақпараттық-библиографиялық қызметтерін көрсету; пайдаланушыларды ақпаратты іздеу стратегияларымен таныстыру және кітапхананың негізгі қорларымен жұмыс істеуді үйрету

3

Негізгі лауазымдық міндеттер

·         Жергілікті тәртіпте немесе қашықтықтан сұратылып отырған ақпаратты іздеу;

·         Кітапхана пайдаланушыларына оларға қажетті баспа және электрондық материалдарды іздеуде көмек көрсету;

·         Пайдаланушыларға, жеке немесе топтық турде, кітапхана жұмысы бойынша және ақпаратты іздеу жөнінде кеңес беру;

·         Кітапхана пайдаланушыларының түрлі топтарына жыл сайынғы ақпараттық сауаттылық бойынша тренингтерди әзірлеу, ұымдастыру және жүргізу жұмыстарына қатысу;

·         Университеттің құрылымдық бөлімшелерінің сұрауы бойынша тақырыптық тренингтерді әзірлеу және жүргізу жұмыстарына қатысу;

·          Университет мектептерімен және ғылыми орталықтарымен пәндік кітапханашы ретінде жұмыс істеу;

·         Пәндік қызмет бойынша кітапхана пайдаланушыларын сәйкесті сала бойынша кітапханада бар негізгі және тестік қорлары жөнінде хабардар ету, және олармен жұмыс істеуді үйрету ;

·          Пәндік қызмет бойынша электрондық немесе баспа тақырыптық нұсқауларды, брошюраларды, оқу құралдарын және басқа да үлестіру материалдарын әзірлеу;

·         Пән бойынша кітапхана қорын дамыту;

·         Пән бойынша кітапхана қорын пайдалануды талдау, сондай-ақ, кітапхананың әртүрлі топтағы пайдаланушыларының ақпараттық қажеттіліктерін анықтау;

·         Пәндік қызмет бойынша университет мектептері және ғылыми орталықтары өкілдерімен үздіксіз жұмыс істеу;

·         Кітапхана қорын ашу, пайдаланушыларға жеткізу бойынша іс-шараларға қатысу;

·         Әріптес университеттермен қарым-қатынас аймағында кітапханада жоқ қорларды пайдаланушыларға жеткізу;

·         Пайдаланушылармен кері байланысты ұйымдастыру жұмыстарына қатысу (пайдаланушылардың қызметпен қанағаттылығын талдау);

·         Бөлімшенің негізгі қызмет түрлері бойынша нұсқауларды, ережелерді әзірлеу жұмыстарына қатысу;

·         Кітапхана қызметкерлерін, олардың кәсіптік деңгейлерін ескере отырып, оқыту бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру;

·         Кітапхананы одан ары дамыту мақсатында кітапхана ісінің жеке салалары бойынша жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру;

·         Кітапхана ісіндегі озық тәжірибелерді трансляциялау бойынша семинарларды әзірлеу және өткізу жұмыстарына қатысу.

4

Білімі

«Кітапхана және ақпараттық ғылымдар» мамандығы бойынша магистрлік (MLIS) дәрежесінен кем емес академиялық дәреже, диплом Солтүстік Америка, Канада, Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің аккредитацияланған университеттерінен болуы шарт

5

Талап етілетін кәсіби тәжірибесі (және т.б. ұзақтығы, саласы)

  • Аталған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кем дегенде екі жыл жұмыс тәжірибесі;
  • Кітапхана ісі бойынша  кемінде 2 жарияланған мақалалардың болуы;
  • Ақпараттық қызметінің ұйымдық құрылымы бойынша түсініктің болуы, жалпы мәдениеттік дайындық;
  • Тренингтер мен семинарларды әзірлеу және кітапхана ісіндегі озық тәжірибелерді трансляциялау бойынша семинарларға инструктор ретінде қатысу тәжірибесі;
  • Заманауи баспа және электрондық ақпарат көздерін және ақпаратты ұйымдастыру мен басқару құралдарын білу;
  • Студенттер мен оқытушыларға ақпараттық сауаттылық және сыни ойлау бойынша тренингтер жүргізу тәжірибесі;
  • Коуч және ментор тәжірибесі;
  • Пәндік кітапханашы тәжірибесінің болуы.

6

Кәсіби құзыреті және жеке қабілеттері

Талдай алу, талдау жазбаларын дайындау  қабілеті болуы, топпен жұмыс істей алу, ойлау бейімділігі, лидерлік қасиеттер, жігерлілік, педагогикалық икемділік

7

Тілдерді білу

Ағылшын тілі, еркін,  IELTS – мин. 6.0 / TOEFL мин. 79-93 (сертификаттың жарамдылық уакыты маңызды емес) сияқты нақтылау сертификаттары немесе ағылшын тілі оқу тілі болып келетін университеттің дипломы/сертификаты.

 

CV соңғы мерзімі:

Жоғарыда талған талаптарға сай кандидат табылғанға дейін