Кіші ғылыми қызметкер (ғылыми жобаны жүзеге асыру мерзімі барысында)

Түйіндемені жіберу

2

Құрылымдық бөлімшенің негізгі функционалдық міндеттері

Геномика, генетика, генетикалық эпидемиология, молекулалық медицина саласындағы іргелі және / немесе қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу бойынша шараларды жүзеге асыру

3

Негізгі міндеттері:

Жауапты орындаушының жетекшілігімен бекітілген әдістерге сәйкес тақырыптың жекелеген бөлімдері (кезеңдері, міндеттері) бойынша зерттеулер мен әзірлемелер жүргізу; эксперименттерді орындауға қатысу, бақылау мен өлшеулер жүргізу, олардың сипаттамасы мен қорытынды жасау; зерттелетін тақырып бойынша отандық және шетелдік ғылыми әдебиеттерді талдау; тақырып бойынша немесе оның бөлімі (кезең, тапсырма) бойынша есепті (баяндама бөлімдері) іске асыру; ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер нәтижелерін енгізуге қатысу; жұмыс нәтижелері бойынша жарияланымдарды ресімдеуге қатысу (рецензияланған ғылыми журналдардағы мақалалар, конференция материалдары, тақырыптық жинақтар)

4

Іссапарларға кету:

Конференцияға және іссапарларға қатысу қараcтырылады

5

Білімі:

Биология ғылымдары бойынша магистр дәрежесі  құпталады

6

Талап етілетін кәсіби тәжірибесі (ұзақтығы, саласы, және т.б.)

Ғылыми зерттеу саласында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі, молекулалық және генетикалық зерттеулер саласындағы тәжірибе, молекулалық-генетикалық әдістерді меңгеру

7

Кәсіби құзыреті

Ұжыммен және жеке топпен жұмыс жасай білу қабілеті құпталады

8

Жеке қабілеттері:

Үміткер жауапкершілігі мол және жақсы ұйымдасқан тұлға болуы тиіс

9

Тіл дағдылары (сөйлейтін тілдерді тізімдейді):

Ағылшын тілін еркiн бiлу

10

Компьютерлік дағдылар:

MS Office, Excel бағдарламасын толыққанды білу, R (статистика), SPSS, биоинформатикалық талдаудың негіздерін білу құпталады

11

Түйіндеме мерзімі:

Жоғарыдағы талаптарға сай келетін кандидатты таңдағанға дейін

12

Байланыс тұлғасы:

Геномдық және дербес медицина зертханасының меңгерушісі, жғқ, м.ғ.д Ақылжан Айнұр Рахметоллақызы