Әкімшілік бөлімінің менеджері

Түйіндемені жіберу

Департаменттің негізгі және қызметтік міндеттері

Жоспарланған сатып алу тізілімін дайындау, «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының Қамқоршылар кеңесі тарапынан бекітілген тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу ережесіне сәйкес мекемені  зертханаларды қажетті зертхана құрал-жабдықтарымен  және т.б. қамтамасыз ету.

Лауазымның негізгі және қызметтік міндеттері

Жоспарланған сатып алу тізілімін дайындау, сатып алуды ұйымдастыру және өткізу іс-шарасына қатысу, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу жөніндегі келісім-шарттардың жобаларын дайындау және келісім-шарттар жасау, жеке және заңды тұлғалардың жасалған келісім-шарттар бойынша өз міндеттерін орындауын қадағалау және олардың тиісті деңгейде орындалуын қамтамасыз ету үшін шараларды қолға алу, тауарларды қабылдауды ұйымдастыру, берілген параметрлер бойынша тауарлар мен бағаны іздеу, баға белгілеуін қадағалау, өткізілген сатып-алуды мониторинг жасау және саралау.

Білімі

Жоғары экономикалық және/немесе заң білімі

Кәсіби тәжірибесі (ұзақтығы, саласы және т.б.)

Сатып-алу, логистика саласында кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы; кедендік рәсімдеу тәртібін білу

Кәсіби білімі және жеке қасиеттері

Аналитикалық және басқару қабылеттері , талаптылық, қатынас дағдылары, бастамашылдық. Қазақстан республикасының сатып-алу туралы заңнамасын білу.

Тілдерді , оның ішінде мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі (қандай тілдер)

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін білу міндетті

Жеке компьютерді пайдалану дағдылары (бағдарлама, меңгеру деңгейі):

Жоғары дәрежеде ДК игере білу (Microsoft Windows, Microsoft Office)

Түйіндеме қабылдау мерзімі:

Жоғарыда көрсетілген шарттарға сәйкес келетін үміткерді таңдап алғанға дейін.