Канцелярия консультанты

Түйіндемені жіберу

1

Позиция

 Канцелярия консультанты

2

Бөлімнің негізгі және функционалдық міндеттері

“Nazarbayev University Research and Innovation System” жеке мекемесінің (бұдан әрі – Мекеме) іс жүргізу, жүйелендіру, есепке алу және құжаттаманы жүргізу саласындағы жұмысты қамтамасыз ету

3

Лауазымның басты және функционалдық міндеттері

·        Мекеменің құрылымдық бөлімшелері және «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы (бұдан әрі – Университет) арасындағы құжат айналымын құжаттарды және есептілікті ұсыну нысандары мен мерзімдеріне қойылатын талаптарға сәйкес уақытылы және үздіксіз қатаң түрде жүзеге асырады;

·        Мекеменің кіріс хат алмасуын қабылдау, бастапқы өңдеу, алдын ала қарау, тіркеу және таратуды жүзеге асырады;

·        кіріс хат-хабарларды басшының қарауына қабылдайды, қабылданған шешімге сәйкес құрылымдық бөлімшелерге немесе белгілі бір орындаушыға жұмыс барысында немесе жауаптар дайындау үшін жібереді;

·        құжаттарды және жеке өтініштерді басшының қол қоюы үшін қабылдайды;

·        Мекеменің шығыс хат-хабарын өңдеуді, тіркеуді және жіберуді жүзеге асырады, курьерлік компаниялар тарапынан мекеменің шығыс хат-хабарларымен жедел жеткізуді бақылауды жүзеге асырады;

·        Мекеменің қызметтік хат-хабарларын Астана қ. мемлекеттік органдарына және ұйымдарына жеткізуді жүзеге асырады;

·        Мекеме басшылығының тапсырмаларын және құжаттарды белгіленген мерзімде уақытылы және сапалы орындауға бақылауды жүзеге асырады;

·        Мекеменің іс жүргізуінде мемлекеттік тілдің қызмет етуін қамтамасыз ету бойынша жұмысты орындайды;

·        Мекеменің құрылымдық бөлімшелерінде құжаттарды рәсімдеу және істерді қалыптастырудың дұрыстығына бақылауды жүзеге асырады;

·        Мекеме қызметкерлеріне мұрағат және құжаттандыру сұрақтары бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;

·        Істерді бекітілген номенклатураға сәйкес қалыптастырады, олардың сақталуын қамтамасыз етеді және белгіленген мерзімде мұрағатқа тапсырады;

·        Телефон қоңырауларына жауап береді, тіркейді және қызметтік ақпаратты басшылыққа береді;

·         Өз құзыреті шегінде басқа да функцияларды атқарады.

4

Іссапарға бару

Болуы мүмкін

5

Білімі

Жоғары білім, еңбек өтілі мамандығы бойынша бір жылдан кем емес, іс жүргізу саласында тәжірибесінің болуы

6

Қалаулы кәсіби тәжірибесі  (ұзақтығы, облыс, сала және  және т.б.)

·        Құжаттарды басқарудың негізгі қағидаттарын білу;

·        Үздік кәсіби коммуникативтік дағдылар;

·        Уақытты басқару бойынша дағдылары;

7

Кәсіби білімі және тұлғалық ерекшеліктері

Сапаға барынша бейімділік. Тәртіптілік және зейінділік. Жақсы коммуникативтік дағдылар және  командалық рух. Іскери этиканы үздік білу. Оқытуға даяр.  

8

Тілдерді (қандай тіл екенін көрсету керек), оның ішінде мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі

Ағылшын, орыс және қазақ тілдерін еркін меңгерген

9

Дербес компьютерді пайдалану дағдылары (бағдарламалар, меңгеру деңгейі)

·        Microsoft Office, Microsoft Project.

·        Электронды поштамен жұмыс тәжірибесі және құжаттарды құрастыру, өңдеу және т.б.

10

Түйіндеме беру мерзімі

Жоғарыда аталған талаптарға сай келетін үміткерді іріктегенге дейін.