Кадрлық және құжаттамамен қамтамасыз ету қызметінің аға менеджері

Түйіндемені жіберу

1

Лауазым атауы:

«Nazarbayev University Library and IT Services» жеке мекемесі Кадрлық және құжаттамамен қамтамасыз ету қызметінің аға менеджері

2

Құрылымдық бөлімшенің негізгі қызметтік міндеттері:

Мекеме қызметін кадрлық және құжаттамамен қамтамасыз ету

3

Негізгі қызметтік міндеттері:

–        Қағаз нұсқадағы кіріс және шығыс корреспонденцияларын және электрондық пошта, факс арқылы жіберілген құжаттарды қабылдау және тіркеу;

–        Басшы  қол қойғаннан кейін құжаттарды орындаушылар бойынша бөлу, кіріс құжаттарының қажетті мөлшерде көшірмесін жасау;

–        Жарлық құжаттардың, кіріс құжаттарының, Мекеме басшылығы тапсырған басқа да құжаттардың орындалуына мониторинг жүргізу, бақылау;

–        Мекеме басшылығына құжат айналымының атқарушылық тәртібі бойынша ақпарат әзірлеу;

–        Мекеме бланктерін дайындау, оларды есепке алу, беру және жою бойынша жұмысты ұйымдастыру;

–        Почта қызметімен қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру
(келісімшарт жасасу, корреспонденцияны жіберуге, төлем жасауға өтініш беру);

–        Мерзімді баспамен қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру (келісімшарт жасасу, тоқсан сайын орындалған жұмыс актілері, шот-фактураларға сәйкес төлем жасау);

–        Аударма қызметтері бойынша жұмысты ұйымдастыру (келісімшарт жасасу, орындалған жұмыс актілері, шот-фактураларға сәйкес дерек бойынша төлем жасау);

–        Мекеменің шетелдік қызметкерлеріне визалық қолдау көрсетуді ұйымдастыру (виза мерзімін ұзарту үшін құжаттарды жинау, жаңадан қабылданған қызметкерлермен хат жазысу, ҚР шегінен тысқары шыққаннан кейін тіркеу, Көші-қон қызметінің департаменттерімен және ҚР СІМ Консулдық қызметімен тікелей жұмыс жүргізу);

–        Шетелдік қызметкерлерге кадрлық сұрақтар бойынша кеңес беру;

–        Мекеменің бекітілген істер номенклатурасына сәйкес Университеттің біріктірілген мұрағатына құжаттарды өткізу бойынша құжаттарды дайындау, Мекеменің Істер номенклатурасын әзірлеу;

–        «Талап» бағдарламасы бойынша Мекеменің оқу шарттарына мониторинг жүргізу;

–        Өзінің қызметтік міндеттері мен құзыреті шегінде Мекеме басшылығының басқа да тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау

4

Білімі:

Жоғарғы білім, мамандықтардың басым бағыттары:

–  заң;

–  педагогикалық;

–  экономикалық.

5

Қажет етілетін жұмыс тәжірибесі:

Нақты лауазымның қызметтік бағыттарына сәйкес келетін салаларда еңбек өтілі 3 (үш) жылдан кем емес немесе шетелдік жоғарғы оқу орнында оқуды тәмәмдаған жағдайда еңбек өтілі 1 (бір) жылдан кем емес

6

Кәсіби дағдылары және жеке қасиеттері:

Құжаттамаларды мемлекеттік тілге аудару дағдылары және іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу, талдамалық қабілеттер, талдамалық хаттарды дайындау дағдылары, тіл табысқыштық, топта жұмыс істей алу қабілеті  

7

Тіл білімі:

Мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

Ағылшын тілі, IELTS – мин. 6.0 / TOEFL мин. 79-93 (куәліктің мерзімі маңызды емес) куәліктерімен расталса немесе ағылшын тілі оқу тілі болып келетін Университеттің дипломы/куәлігі болған жағдайда артықшылық беріледі.

8

Түйіндемені жіберу мерзімі:

Тиісті үміткерді таңдап алғанға дейін