IT – Medical Service Дирекциясының IT инфрақұрылымының техникалық қолдау көрсету қызметінің кеңес берушісі

Түйіндемені жіберу

«Nazarbayev University Library and IT Services» ЖМ

1

Лауазымның атауы:

«Nazarbayev University Library and IT Services» жеке мекемесі IT – Medical Service Дирекциясының IT инфрақұрылымының техникалық қолдау көрсету қызметінің кеңес берушісі

2

Негізгі функционалдық міндеттері

Тапсырыс берушінің бағдарламалы-аппаратты құралдарының, серверлік, телекоммуникация жабдығының, ақпараттық жүйелерінің үздік қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру.

3

Негізгі лауазымдық міндеттері

Пайдаланушылардың өтініштерін қабылдау және тіркеу;

Келіп түскен өтініштерді өз уақытында құрылымдық бөлімшелерге бөлу;

Пайдаланушылардың өтініштері туралы есептерді жасау және оларды құрылымдық бөлімшелердің басшыларына ұсыну;

Жаңа жұмыс орындарын әзірлеу, жүйелік және қолданбалы БҚ алғашқы  инсталляциялау;

Пайдаланушылардың автоматтандырылған жұмыс орындарын алмастыру;

Баспа құрылғыларына техникалық қызмет көрсету;

Пайдаланушының қатысуын талап ететін жедел және консультативтік қызмет көрсету;

ЖК және перифериялы жабдықтарды диагностикалау және ұсақ жөндеу жұмыстарын жүргізу, ЖК мен баспа құрылғыларының шығыс материалдарын ауыстыру;

Кабельдік және сымсыз желіге техникалық қызмет көрсету;

Ақпараттық жүйелерді пилоттық жұмысына қатысу және пайдаланушыларды оқыту.

4

Білімі:

Ақпараттық технологиялар саласындағы жоғары техникалық білім. Салалық халықаралық сертификаттың болғаны жақсы.

5

Талап етілетін кәсіби тәжірибесі (саласы, аясы, басқа)

IT саласындағы жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл.

6

Кәсіби құзыреті және жеке қасиеттері

Advanceduser деңгейінде офистік қосымшаларды білу;

Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату дағдыларының бар болуы;

Заманауи  операциялық жүйелерді  – MacOS, Linux, Windows білу;

Пайдаланушылардың  перифериялы құрылғыларын баптау,  драйверлерді орнату, принтерлерді желіде пайдалану және т.б.;

Заманауи баспа құрылғыларының жұмыс істеу принципін және құрылымдық ерекшеліктерін білу;

Стационарлық ЖК мен ноутбуктерді диагностикалау және жөндеу дағдылары;

Жергілікті есептеу желілерін құру негіздерін білу;

VoIP құралымен жұмыс істей білу тәжірибесі;

ЖК архитектурасын білу;

1С: Кәсіпорын, Adobe Photoshop, CorelDraw, Adobe Macromedia Flash, MS SQL білу дағдыларының болуы жақсы.

7

Тілдерді білу

Мемлекеттік, ағылшын (intermediate) және орыс тілдерін білу.

 

CV беру мерзімі: