Инженерия мектебінің Аға менеджері

Түйіндемені жіберу

 

1

Лауазым атауы

Инженерия мектебінің Аға менеджері

2

Лауазымның негізгі және функционалдық міндеттері:

  • тиісті қаржы жылына және орташа мерзімді кезеңге Мектептің, оның ішінде академиялық-ғылыми қызмет бойынша бюджеттік өтінімі мен инвестициялық жоспарын қалыптастыру процесіне қатысу және үйлестіру;
  • Мектептің, оның ішінде академиялық-ғылыми қызмет бойынша бюджеті мен инвестициялық жоспарын түзету процесіне қатысу және оны үйлестіру;
  • Мектептің, оның ішінде академиялық-ғылыми қызмет бойынша бюджеті мен инвестициялық жоспарының орындалуы бойынша есеп дайындау, сонымен қатар олардың уақтылы орындалуын бақылау;
  • Мектептің бюджеті бойынша мәліметтерді бюджеттендіру үшін ақпараттық жүйеге уақтылы және сапалы түрде енгізу, қажеттілік бойынша оны жақсарту және одан әрі жетілдіру мақсатында ұсыныстар беру (өтінімдер нысандарын түзеу және жақсарту);
  • Мектептің қаржы және экономикалық мәселелері бойынша қажет ақпаратты, есепті және статистикалық деректерді дайындауға қатысу;
  • ішкі шаруашылық резервтерді айқындау мақсатында материалдық және қаржы ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
  • Мектептің сатып алу (тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді) жоспарын дайындау және оның орындалуы бойынша Университеттің құрылымдық бөлімшелерінің сұрауына сәйкес есеп беру;
  • Мектептің қаржы және экономикалық мәселелері бойынша қажетті ақпарат, есеп және статистикалық деректерді дайындау;
  • қажет болған жағдайда Мектеп бюджетін жоспарлау мен атқару сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізу;
  • Мектептің қызметкерлеріне экономикалық жоспарлау, бюджеттендіру және талдау мәселелері бойынша көмек көрсету;
  • Мектептің бастамасы бойынша шарт жобаларын және қосымша келісімдерін жасауға қатысу және олардың одан әрі орындалуын бақылау.

3

Іссапар:

Қазақстан бойынша және шетелге іссапарлар

4

Білімі:

Магистр дәрежесінде лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл болуы тиіс.

Бакалавр дәрежесінде, немесе маман ретінде лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы халықаралық және/немесе ұлттық компанияларда жұмыс тәжірибесі кемінде 7 жыл, не болмаса ДБҰ ««Назарбаев Университет» жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл болуы тиіс.

АССА, CIMA сертификаттарының болуы құпталады.

5

Қалаулы кәсіпкерлік тәжірибе (мерзімі, саласы және т.б.):

Функционалдық міндеттері бөлімінде айтылған бағыттары бойынша жоғары білім саласында ( немесе тиісті  саласында) және/немесе студенттермен жұмыс істеуге негізделген үкіметтік емес ұйымдарда екі жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі;

Қоғаммен байланыс саласында, жобаларды басқару, білім беру және/немесе  корпоративтік менеджмент салаларында жұмыс тәжірибесінің бар болуы.

6

Кәсіпкерлік білім және жеке мінездеме:

Аналитикалық және басқару қабілеттері;

Командада тиімді жұмыс істей білу;

Қазақстанда үкіметтік/үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс істеу және іскерлік саласындағы білім деңгейі;

ҚР және шетелдегі орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесін білу;

Тіл табысушылық, жауапкершілік, тартысты (дау-жанжал) жағдайды басқара білу

7

Тілдерді меңгеру деңгейі:

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік білу;

Тілдерді ауызша және жазбаша түрде жетік білу (орыс, қазақ, ағылшын)

8

Компьютерді қолдану деңгейі:

MS Office 95\98\2000\2007, MS Windows 95\98\XP\Vista, Internet компьютерлік бағдарламаларын жоғары деңгейде білу

9

Түйіндемені тапсыру мерзімі:

Үміткерлерді қабылдағанға дейін