Инженер, Жаңартылатын энергия көздері полигоны

Түйіндемені жіберу

Лауазымның атауы

Инженер, Жаңартылатын энергия көздері полигоны

Мектептің негізгі қызметтік міндеттері

1) Жаңартылатын энергия көздері полигонын ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған алаң ретінде дамыту, старт-ап компанияларының, сондай-ақ шағын және орта бизнес жобаларын дамыту;

2)Инновациялық жобаларды жасау мақсатында Назарбаев Университетінің мектептері мен ғылыми орталықтарымен ынтымақтастықты дамыту

3)Салалық сарапшылар, бағдарламашылар, технологиялық кәсіпкерлер мен инвесторлардың қауымдастығын қалыптастыру;

Негізгі лауазымдық міндеттері

– Жаңартылатын энергия көздері полигоны қондырғыларынан деректерді жинау жүйелерін әзірлеу және енгізу;

– Жылыту, желдету және электрмен жабдықтаудың инженерлік жүйелерін автоматтандыру схемаларын әзірлеу.

– Қолданыстағы энергетикалық жүйелерге өлшеу құралдарын таңдауға және орнатуға қатысу.

– Орнатылған өлшеу құралдарын қызмет көрсету және түзету бойынша есеп құжаттамасын әзірлеуге қатысу.

– Жаңартылатын энергия көздері полигоны қондырғыларының автоматтандыру құралдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Білімі

Жоғары техникалық білім

Талап етілетін кәсіби тәжірибесі

– Мамандығы бойынша кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі;

– Микропроцессорлық технология негізінде басқару жүйелерін құру жолдарын білу;

– Автоматтандырылған басқару жүйелерін құру және деректерді мұрағаттау принциптерін білу.

– Жүйе және электротехника, өнеркәсіптік автоматтандыру құралдары туралы білу.

– Автоматтандырылған басқару жүйелерінің бағдарламаларын әзірлеу, өңдеу және қызмет көрсетуде тәжірибесі болу;

– Қауіпсіздік, еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өнеркәсіптік санитария ережелері, нормалары мен талаптарын білу.

Кәсіби құзыреті және жеке қабілеттері

– Өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу

– Командада жұмыс істеу мүмкіндігі

– Өз әлеуетін іске асыруға дайын болу

Тілдерді, оның ішінде мемлекеттік тілді білу

Қазақ, орыс тілдерін еркін меңгерген.

Ағылшын тіліндегі техникалық әдебиетті түсінуге қабілетті

Компьютерлік дағдылар

Microsoft Windows, Microsoft Office, CAD дағдылары (Solidworks), бағдарламалау дағдылары (C ++, PHP немесе басқалары)

CV беру мерзімі

Тиісті кандидатты таңдауға дейін