Инновацияны дамыту директоры

Түйіндемені жіберу

Департаменттің негізгі және қызметтік міндеттері

Мекеменің, сонымен қатар  Технологияларды Коммерцияландыру Кеңсесінің (бұдан әрі-ТКК), Бизнес инкубатор (бұдан әрі – БИ) және т.б. инновацияларды дамыту саласындағы жұмыстарын жүргізу.

Astana Business Campus инновациялық кластерін дамыту.

Лауазымның негізгі және қызметтік міндеттері

– технологияларды коммерцияландыру және бизнес-инкубациялау жүйесін жетілдіру;

– бизнес-инкубациялау бағдарламасын ұйымдастыру;   

– жобаларды коммерцияландыру, серіктестерді іздеу және іске тарту;

–  жобаларға инвестицияларды тарту;

– шетелдік инновациялар дамыту орталықтарымен серіктестікті нығайту;

– Astana Business Campus үшін жетекші сарапшыларды (отандық және шетелдік) жұмыс және/немесе серіктестікке тарту;

– Astana Business Campus инновациялық кластерін дамыту деңгейінде ТКК, БИ, зерттеулерді сүйемелдеу Кеңсесінің қызметкерлерінің жұмысын үйлестіру.

Білімі

Инновациялық менеджмент, стратегиялық менеджмент, экономика және маркетинг, инновацияларды дамыту, бизнес-әкімшілік, жаратылыстану ғылымдары, инженерлік-техникалық ғылымдар салаларында бакалавр/магистр дәрежесі. Шетелдік университет дипломы құпталады.

Кәсіби тәжірибесі (ұзақтығы, саласы және т.б.)

Бизнесті дамыту, технологияларды коммерцияландыру және бизнес-инкубациялау, старт-ап компанияларды дамыту, инновациялық және/немесе инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша басқару саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

Кәсіби білімі және жеке қасиеттері

Жобалар жиынтығын басқара білу дағдысы, технологиялық бизнесті әртүрлі сатыларында дамытуды түсіну, бастамашылдық, ұйымдастырушылық қабілеті, коммуникативтік дағдылар, ұжымда жұмыс істей білу, стреске төзімділік пен сабырлылық, әр түрлі мәдениеттер өкілдері мен түрлі жас топтарындағы адамдармен жұмыс істей білу қабілеті.

Тілдерді , оның ішінде мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі (қандай тілдер)

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін түрде білу.

Жеке компьютерді пайдалану дағдылары (бағдарлама, меңгеру деңгейі)

Жеке компьютерді жоғары деңгейде қолдана білу.

Түйіндеме қабылдау мерзімі

  Лайықты үміткерді іріктеп алғанға дейін.