Инновацияны дамыту Департаментінің аға менеджері

Түйіндемені жіберу

 

1

Лауазым атауы:

Инновацияны дамыту Департаментінің аға менеджері

2

Департаменттің негізгі және функционалды міндеттері:

– Университеттің құрылымдық бөлімшелері мен ұйымдарының инновациялық әлеуеті туралы ақпаратты жинау, талдау мен қорытындылаудың негізінде Университеттің  инновациялық даму мәселелері бойынша ақпараттық-талдау жұмыстарын жүргізу;

– Университет және оның ұйымдарының инновациялық инфрақұрылым нысандарын (зияткерлік-инновациялық кластер) дамыту тетіктерін дайындау мен жүзеге асыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

– Қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындармен, ғылыми-зерттеу, жобалық-конструкторлық және ғылыми-өндірістік ұйымдармен инновация саласында стратегиялық әріптестікті орнату және дамыту;

– Университет және оның ұйымдарында белсенді инновациялық қауымдастықты қалыптастыру және дамыту;

– Университет және оның ұйымдарының инновациялық жобалары мен бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға ұйымдық-әдістемелік қолдау көрсету;

– Департаментке жүктелген басқа да міндеттерді жүзеге асыру.

 

3

Лауазымның негізгі және функционалдық міндеттері:

– Университеттің құрылымдық бөлімшелері мен ұйымдарының инновациялық әлеуеті туралы ақпаратты жинау, талдау мен қорытындылаудың негізінде Университеттің  инновациялық даму мәселелері бойынша ақпараттық-талдау жұмыстарын жүргізуге қатысу;

– Университет және оның ұйымдарының инновациялық инфрақұрылым нысандарын (зияткерлік-инновациялық кластер) дамыту тетіктерін дайындау және жүзеге асыруды ұйымдастыру мен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;

– Қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындармен, ғылыми-зерттеу, жобалық-конструкторлық және ғылыми-өндірістік ұйымдармен инновация саласында стратегиялық әріптестікті орнату және дамыту жөніндегі жұмыстарға қатысу;

– Университет және оның ұйымдарында белсенді инновациялық қауымдастықты қалыптастыру және дамыту жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;

– ғылыми-зерттеу инновациялық  зерттемелер және жобаларды енгізу үшін бюджеттік (мақсатты бағдарламалар) және бюджеттік емес қаржыландыру көздерінен қаражатты тарту бойынша жұмыстарды жүргізу; 

– тәуекелдерді мониторингтеу, сәйкестендіру, бағалау, басқару процесіне және жетекшілік ететін бағыт аясында тиісті есептілікті қалыптастыруға қатысу.

 

4

 

Білімі:

Қазақстандық немесе шетелдік жетекші жоғарғы оқу орындарындағы жоғары білімнің болуы

5

Қажетті кәсіби тәжірибе (ұзақтығы, саласы,т.б.):

Ғылыми және инновациялық қызметті басқару және/немесе ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрылымдық жұмыстарын (ҒЗТҚЖ) басқару саласында 5 жылдан кем емес еңбек тәжірибесі, немесе жоғарыда аталған салалардағы Университетте және оның ұйымдарында 3 жылдан кем емес еңбек тәжірибесі

6

Кәсіби құзіреттілігі және жеке қасиеттері:

Ағымдағы жағдайды және Қазақстан мен дамыған  мемлекеттердегі индустрия мен ғылымның даму үрдісін жақсы білуі.

Жобаларды басқару мен келіссөздер жүргізу дағдыларының болуы. Аналитикалық қабілеттер, қарым-қатынастық дағдылар, командада жұмыс істей алу қабілеті

7

Тілдерді білуі, мемлекеттік тілді қоса (Сіз білетін тілдер тізімін келтіріңіз):

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуі.

 

8

Компьютерлік дағдылар:

Microsoft Office, LibreOffice, LaTex бағдарламаларымен, сондай-ақ Version Control System басқару жүйелерімен жұмыс жасай білу

9

Түйіндемені тапсыру мерзімі

Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келетін үміткер таңдалғанша.