HR сұрақтары, мансапты жоспарлау және түлектермен қарым-қатынас бойынша аға менеджері

Түйіндемені жіберу

1

Лауазым атауы

HR сұрақтары, мансапты жоспарлау және түлектермен қарым-қатынас бойынша аға менеджері

2

Негізгі лауазымдық міндеті

• HR сұрақтары және мансапты жоспарлау жұмысты ұйымдастыру және жүргізу, НУ ЖБМ студенттері мен түлектерінің мансабына өмір бойы қолдау көрсетіп, жұмыс берушілермен мықты қарым-қатынас орнату.

• НУ ЖБМ Түлектерімен тұрақты қарым-қатынас орнатып, дамыту.

3

Негізгі лауазымдық міндеттері мен функциялары

Жалпы

• HR және мансапты дамыту мен түлертермен қарым-қатынас жасау бағытында ұсынылатын қызметтер көлемін бақылау, сараптау және оларға баға беру.

• Мектеп пен оның студенттері, түлектері сонымен бірге халықаралық деңгейдегі және де елдің көлеміндегі болашақта мүмкін жұмыс берушілері арасында негізгі серіктес болу.

•  HR сұрақтары, мансапты жоспарлау және түлектермен қарым-қатынас үшін бюджетті  бақылау және  басқару.

• Ұсынылатын қызметтер мен олардың артықшылықтары жөнінде қазіргі НУ ЖБМ студенттеріне мәлімет беру.

• Жыл сайынғы стартегиялық және операциялық жоспарларды дамыту және келісімге ұсыну.

• HR бөлімшесінің жұмысын үйлестіру:  HR, мансапты басқару, Деканның көмекшісі.

Мансапты дамыту

• Қазіргі түлектер арасындағы карым-қатынастармен және де корпоративтік қарым-қатынастармен айналысу, оларды ілгері дамыту. Болашақта студенттерге және де

түлектерге мүмкін жұмыс берушілері қатарын ұлғайту мақсатында сыртқы ұйымдармен жаңа байланыстар орнықтыру.

• Студенттер мен түлектерге жұмыс табу, сұхбаттан өту, түйіндемені жазу, ілеспе хат жазу үдерістері жайлы және т.б. мансапты дамыту жайлы сұрақтар бойынша кәсіби ақыл-кеңес беру.

• Университеттегі жұмысқа қабылдау үдерістерін зерттеу және бақылау, түйіндемелердің жіберілімін жүзеге асыру, түлектерді және студенттерді өзекті  бос жұмыс орындары жайлы ақпарат беру.

• Мансап аптасы мен басқа да мансапқа байланысты іс-шараларды жоспарлау және іске асыру .

• Cтуденттерге, оқытушылар құрамына, жұмыс берушілер мен түлектер тобына арналған тренингтер, семинарлар, таныстырылымдар және т.б. іс-шараларды өткізу.

Түлектермен қарым-қатынас

• Түлектер Қауымдастығының Президентін қолдау мақсатында Түлектер Қауымдастығының Атқарушы директоры ретінде қызмет ету.

•  НУ ЖБМ түлектер дерекқорының толық әрі ұқыпты тіркелуін қамтамасыз ету.

• Халықаралық және де ел көлеміндегі НУ ЖБМ Түлектерімен қарым-қатынас орнықтырып, әрі қарай дамыту. Түлектермен тұрақты қарым-қатынасты тікелей байланысу, жаңалықтар жаршысы, түлектердің интернет парақшасы арқылы демеу.

• Мектеп пен Университеттің қойылатын талаптарымен сәйкес келетін түлектердің келешектегі мүмкіншіліктерін анықтау мақсатында Мектеп пен Университет жетекшілігімен бірлесіп қызмет ету.

• Бизнесті дамыту бөліміндегі әріптестермен бірлесіп арнайы сұрыпталған жобалар мен іс-шаралар үшін қаражат көзін табу.

4

Жоғары білімі

Жоғары білімі бар, білім алудың негізгі тілі ретінде – ағылшын тілінде білім алғаны артықшылық болып келеді

Кадрларды іріктеп алу, жұмысқа орналастыру, мансапты дамыту мен жоспарлаумен тікелей байланысты білім дәрежесі бар немесе қызметкерлерді басқару ісіне жақын, бизнес

әкімшілігі, заң, жоғары білім беру немесе оған жақын cалаларында білім дәрежесі бар.

5

Кәсіби тәжірибесі

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сай болуы тиіс:

  • магистр дәрежесі болғанда мамандығы бойынша нақты лауазымның қызметтік бағыттарына сәйкес салалардағы мемлекеттік қызметте, халықаралық және/немесе ұлттық компанияларда жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес; немесе 
  • «Назарбаев Университетінде» кем дегенде 3 жыл жұмыс өтілінің болуы.

Білім беру және академиялық кеңес беру салаларында тәжірибе артықшылық.

6

Кәсіби қабілеті мен жеке

дағдылары

– Басқару және де ұйымдастырудың нәтижелі қабілеттері бар;

– Көпшілікпен қарым-қатынас жасау және тілдесудің нәтижелі қабілеттері бар;

– Жобаны басқару рөліндегі жүзеге асқан тәжірибесі;

– Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің білімі;

– Жұмыс нарығындағы трендтер мен мансапты дамытудың дағдылары жайлы білімі бар;

– Ауызша және жазбаша байланыс дағдысы жақсы дамыған;

– Студенттердің әр-алуан топтарымен жұмыс істеуге деген қуатты ынтасы бар;

– Еліміздің көлеміндегі кең ауқымды іскерлік байланыстары бар, әсіресе академиялық және экономикалық бөлімдерінде.

–  Мемлекеттік басқару қағидалары мен тұжырымдамаларының жақсы білімі бар;

– Дербес, жаңа бастаманы өз қолына алатын және клиентке деген бағытталған қолдауды студенттерге, түлектерге, жұмыс берушілерге және басқа да серіктестерге көрсете алатын;

7

Тіл білімі

Қазақша, орысша, ағылшынша еркін сөйлеу және жаза білу қабілеті бар.

8

Түйіндемені тапсыру мерзімі:

Үміткерлерді қабылдағанға дейін