Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің (ГӘҒМ) менеджері

Түйіндемені жіберу

1

Лауазымның атауы:

Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің (ГӘҒМ) менеджері

2

Құрылымдық бөлімшенің негізгі функционалдық міндеттері:

– Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласында сапалы біліммен қамтамасыз ету, сонымен қатар, оқу үдерісін  тиімді жүзеге асыруда қажетті заманауи жаңа технологиялық инфрақұрылымды дамытуда Мектеп қызметін жүйелі үйлестіру;

-шетелдік серіктестермен  ынтымақтастықты дамыту, қолдау және әрі қарай тиімділігін арттыру;

– Отандық және шетелдік жетекші жоғары оқу орындарымен, ғылыми орталықтармен және басқа да ұйымдармен серіктестік орнату және одан әрі дамыту арқылы оқу бағдарламаларының тиімді жүзеге асуына ықпал ету;

– Мектептің құзыреті шеңберінде шетелдік серіктестермен келіссөздер жүргізу, біріккен жоба жұмыстарын жасау, келісімге келу (меморандумдар, келісімшарттар) әзірлеуге қатысу/ат салысу.

3

Негізгі лауазымдық міндеттері:

1) Мектептің деканына және атқарушы директорына Мектептің жұмысын ұйымдастыруда көмек көрсету: оқытушылармен және студенттермен өзара іс-қимыл және хат алмасу;

2) Мектеп Деканына ішкі/сыртқы пайдалану мақсатында презентациялар үшін материалдар дайындауда көмектесу;

3) ғылыми конференциялар, ресми кездесулер, дөңгелек үстелдер, семинарлар, қысқамерзімді бағдарламалар мен курстар өткізу бойынша ұйымдастыру мәселелерін бақылау және әкімшілендіру;

4) өткізілетін іс-шаралар аясында шарттар мен келісімдерді әзірлеу, есептерді, инвойстарды, көрсетілген қызметтер актілері мен олар бойынша өзге де құжаттарды дайындау және тапсыру;

5) конференцияларға, қысқамерзімді бағдарламалар мен курстарға қатысушыларды тіркеу процесін есепке алу мен бақылауды жүзеге асыру;

6) жергілікті және шетелдік студенттерді Мектепке тарту мақсатында ұйымдастырылатын іс-шараларға бару және қатысу;

8) өзінің құзыретіне енетін мәселелер бойынша талдамалық деректер мен есептерді дайындау;

9) Мектептің коммуникация жоспарын әзірлеу және оның орындалуын мониторингтеу;

10) Мектептің вебсайтын жүргізу; қажетті ақпаратты Мектептің вебсайтында және әлеуметтік парақшаларында уақтылы жариялау, алып тастау және жаңарту;

11) Мектептің ақпараттық буклеттері мен баспа өнімдерінің дизайнын әзірлеу;

12) Мектептің бюджетін оның құзыретіне енетін бөліктер бойынша қалыптастыруға жәрдемдесу;

13) Мектеп бюджетінің орындалуы туралы есептерді оның құзыретіне енетін бөліктер бойынша қалыптастыру;

14) аударма қызметтерін көрсету бойынша студенттердің жұмыстарын бақылау және әкімшілендіру;

15) Мектептің даму мәселелерін әкімшілендіру және Мектептің операциялық қызметі мәселелерін шешуге жәрдемдесу;

16) Университеттің ішкі нормативтік құжаттарының оның құзыретіне енетін мәселелер бойынша сақталуын мониторингтеу;

17) Университет басшылығының Мектепке берген оның құзыретіне енетін мәселелер бойынша хаттамалық тапсырмаларының орындалуын есепке алу және қадағалау, сондай-ақ олардың орындалуы бойынша есептерді дайындау;

18) Мектеп қызметкерлеріне оның құзыретіне енетін мәселелер бойынша  консультациялық және әдістемелік көмек көрсету;

19) жетекшілік ететін бағыт шеңберінде тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару, мониторингтеу процестеріне қатысу;

20) Мектеп басшылығының өзге де тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау;

21) қажеттілігіне қарай кез келген басқа да міндеттерді орындайды.

4

Білімі:

Жоғары кәсіптік, ағылшын тілінде оқытатын жоғары оқу орындарындағы магистратура, бакалавриат немесе маман дәрежесінде келесі бағыттар бойынша болғаны дұрыс:

– Қоғаммен байланыс;

– Маркетинг;

– Юриспруденция;

– Білім беру саласындағы менеджмент; Менеджмент

– Қаржы;

– Экономика;

– Халықаралық қатынастар;

– Туризм, тілдер;

– Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар;

5

Кәсіби тәжірибесі (ұзақтығы, саласы, және т.б.):

Кәсіби тәжірибесі мына талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:

– магистр дәрежесінде мамандығы бойынша мемлекеттік қызметтегі, халықаралық және/немесе ұлттық компаниялардағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес; немесе

– бакалавр немесе маман дәрежесінде мамандығы бойынша мемлекеттік қызметтегі немесе халықаралық және/немесе ұлттық компаниялардағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес; немесе 

– «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымындағы жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес.

Қоғаммен байланыс және маркетинг саласында кәсіби сертификаттары болғаны дұрыс.

6

Кәсіби қабілеттері:

– құжаттаманы ағылшын тіліне аудару дағдылары;

– мемлекеттік және ағылшын тілінде іс қағаздарын жүргізу дағдылары;

– қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникация саласындағы процестер мен құралдарды білу;

– қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникация саласындағы дамыған жұмыс дағдылары;

– қаржы есептілік құжаттамасын жасау дағдылары;

– бюджеттеу дағдылары;

– келіссөздер жүргізу, жұмыс процесін жоспарлаудағы дамыған дағдылары;

– жоғары аналитикалық және ұйымдастырушылық дағдылары;

– Қазақстанның білім беру жүйесін, мәдениеті мен тарихын білу;

– мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеру;

– мықты ауызша және жазбаша коммуникативтік қабілеттердің бар болуы.

7

Тұлғалық қасиеттері:

– Университеттің мақсаттары мен құндылықтарына адалдық;

– адамдармен тіл табыса білу;

– жеке, сондай-ақ жергілікті және халықаралық жұмыс топтарының құрамында тиімді жұмыс істей білу;

– дамыған көшбасшылық қабілеті;

– әртүрлі мәдениет және ұлт өкілдерімен жұмыс істеу білу;

– кез келген мәселелерді аналитикалық тұрғыдан шешу  қабілеті;

– қысқа мерізім ішінде тиімді жұмыс істей білу;

– қабылданған шешімдер үшін жауапкершілікті сезіне білу;

– позитивтік көзқарас, жоспарлай білу және өзгерістерге бейімделе алу;

– көпқұрылымды әкімшілік ортада тиімді жұмыс істей білу.

8

Тілдерді меңгеру деңгейі:

– қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің жақсы ауызша және жазбаша дағдылары.

9

Компьютерді және компьютерлік бағдарламаларды меңгеру деңгейі:

Компьютерді жоғары деңгейде меңгерген тәжірибелі пайдаланушы (Microsoft Office: Microsoft Word, Excel, PowerPoint, 1С: Кәсіпорын).

10

Түйіндемені ұсыну мерзімі:

Жоғарыда аталған талаптарға сәйкес келетін үміткерді таңдап алғанға дейін.

Түйіндемелеріңізді hiring_shss@nu.edu.kz электрондық адресіне жіберулеріңізді сұраймыз.