Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің (ГӘҒМ) маманы

Түйіндемені жіберу

1

Лауазымның атауы:

Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің (ГӘҒМ) маманы

2

Құрылымдық бөлімшенің негізгі функционалдық міндеттері:

– Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласында сапалы біліммен қамтамасыз ету, сонымен қатар, оқу үдерісін  тиімді жүзеге асыруда қажетті заманауи жаңа инфрақұрылымды дамытуда Мектеп қызметін жүйелі үйлестіру;

-шетелдік серіктестермен  ынтымақтастықты дамыту, қолдау және әрі қарай тиімділігін арттыру;

– Отандық және шетелдік жетекші жоғары оқу орындарымен, ғылыми орталықтармен және басқа да ұйымдармен серіктестік орнату және одан әрі дамыту арқылы оқу бағдарламаларының тиімді жүзеге асуына ықпал ету;

– Мектептің құзыреті шеңберінде шетелдік серіктестермен келіссөздер жүргізу, біріккен жоба жұмыстарын жасау, келісімге келу (меморандумдар, келісімшарттар) әзірлеуге қатысу/ат салысу.

3

Негізгі лауазымдық міндеттері:

1) Мектеп бюджетін қалыптастыруына қолдау көрсету;

2)  Мектеп Бюджетінің орындалуын мониторингтеу және талдауна қолдау көрсету;

3) Мектеп дербес жетекшілік ететін Бюджет баптары бойынша Мектеп шығыстарын есепке алуына қолдау көрсету;

4) жеке мекемелермен Мектеп Бюджетін орындау және қалыптастыру мәселелері бойынша өзара әрекеттесу;

5) «Іссапар шығыстары» баптары бойынша Мектептің шығыстарын бақылауына қолдау көрсету;

6) Мектеп қызметкерлерінің іссапарлары бойынша, Мектеп студенттерінің сапарлары бойынша барлық төлемдерге өтінімдерді, бұйрықтарды Мектеп Бюджетіне сәйкестік мәніне келісу;

7) Шарттарды тарапты тұлғалармен Мектеп Бюджетіне сәйкес мәніне келісу;

8)         Университеттің бекітілген әлеуметтік саясаты шеңберінде Мектептің шетелдік персоналының шығыстарын өтеудің есебін жүргізуына қолдау көрсету;

9) қаржы мәселелері бойынша Мектептің ішкі хат-хабарын жүргізу;

10) қажеттілігіне қарай Мектеп қызметінің жекелеген мәселелерін экономикалық талдау;

11) Мектептің ішкі процестерін, жүйелерін жетілдіру бойынша мәселелер мен жұмысты әкімшілендіруына қолдау көрсету;

12) Университеттің Бюджет және қаржы мәселелері бойынша кеңестеріне қатысу;

13) «NULITS», «USM» жеке мекемелерінде сатып алу мәселелері бойынша ішкі өтінімдерді әзірлеуіне қолдау көрсету;

14) Мектептін негізгі қызметі бойынша шешімдерді әзірлеу;

15) өзара әрекеттесу процестерін жақсарту бойынша ұсынымдар дайындауына қолдау көрсету;

16) Университеттің әкімшілік бөлімшелерімен қажеттілігіне қарай есептер мен деректер берудегі ынтымақтастығы;

17) Университет басшылығының Мектепке берген оның құзыретіне енетін мәселелер бойынша хаттамалық тапсырмаларының орындалуын есепке алу және қадағалау, сондай-ақ кейін Мектептің Басшысы үшін олардың орындалуы бойынша есептерді дайындауына қолдау көрсету;

18) жетекшілік ететін бағыт шеңберінде тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару, мониторингтеу процестеріне қатысу;

19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс үшін қажетті құжаттарды алу процесі бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасының салық және көші-қон органдарында тіркелу мәселелері бойынша Мектепің ОПҚ-сы мен қызметкерлеріне консультациялық және әдістемелік көмек көрсету;

20) Университеттің ішкі нормативтік құжаттарының оның құзыретіне енетін мәселелер бойынша сақталуын мониторингтеу;

21) өзінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктері шеңберінде Мектеп басшылығының өзге де тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау.

4

Білімі:

Жоғары кәсіптік, ағылшын тілінде оқытатын жоғары оқу орындары; Магистратура, бакалавриат немесе маман дәрежесінде келесі бағыттар бойынша болғаны дұрыс:

– Қаржы;

– Экономика;

– Менеджмент;

және функционалдық міндеттеріне сай келетін гуманитарлық пен әлеуметтік ғылымдар.

5

Кәсіби тәжірибесі (ұзақтығы, саласы, және т.б.):

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

– бакалавр дәрежесі болғанда мамандығы бойынша жұмыс өтілі мемлекеттік қызметте немесе халықаралық және/немесе ұлттық компанияларда нақты лауазымның  функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда 1 жылдан кем емес; немесе

– ағылшын тілінде білім беретін жоғары оқу орнынан алған білімі болса, жұмыс өтілі талап етілмейді. 

6

Кәсіби қабілеттері:

– іс қағаздарын мемлекеттік және ағылшын тілдерінде жүргізу дағдылары;

– қаржылық есептілік құжаттамаларын жасау дағдылары;

– бюджеттеу дағдылары;

– келіссөздер жүргізудің,  жұмыс процесін ұйымдастырудың дамыған дағдылары;

– жоғары талдау және ұйымдастыру дағдылары;

– мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруі.

7

Тұлғалық қасиеттері:

– Университеттің мақсаттары мен құндылықтарына бейілділік;

– тіл табысуға бейімділік;

– командада жұмыс істей білуі;

– дамыған көшбасшылық қасиет;

– әр түрлі мәдениеттер және ұлттар өкілдерімен жұмыс істей білуі.

8

Тілдерді меңгеру деңгейі:

– қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің жақсы ауызша және жазбаша дағдылары.

9

Компьютерді және компьютерлік бағдарламаларды меңгеру деңгейі:

Компьютерді жоғары деңгейде меңгерген тәжірибелі пайдаланушы (Microsoft Office: Microsoft Word, Excel, PowerPoint, 1С: Кәсіпорын).

10

Түйіндемені ұсыну мерзімі:

Жоғарыда аталған талаптарға сәйкес келетін үміткерді таңдап алғанға дейін.

Түйіндемелеріңізді hiring_shss@nu.edu.kz электрондық адресіне жіберулеріңізді сұраймыз.