Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің (ГӘҒМ) маманы

Түйіндемені жіберу

1

Лауазымның атауы:

Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің (ГӘҒМ) маманы

2

Құрылымдық бөлімшенің негізгі функционалдық міндеттері:

– Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласында сапалы біліммен қамтамасыз ету, сонымен қатар, оқу үдерісін  тиімді жүзеге асыруда қажетті заманауи жаңа технологиялық инфрақұрылымды дамытуда Мектеп қызметін жүйелі үйлестіру;

-шетелдік серіктестермен  ынтымақтастықты дамыту, қолдау және әрі қарай тиімділігін арттыру;

– Отандық және шетелдік жетекші жоғары оқу орындарымен, ғылыми орталықтармен және басқа да ұйымдармен серіктестік орнату және одан әрі дамыту арқылы оқу бағдарламаларының тиімді жүзеге асуына ықпал ету;

– Мектептің құзыреті шеңберінде шетелдік серіктестермен келіссөздер жүргізу, біріккен жоба жұмыстарын жасау, келісімге келу (меморандумдар, келісімшарттар) әзірлеуге қатысу/ат салысу.

3

Негізгі лауазымдық міндеттері:

1)         Деканға және Мектептің Атқарушы директорына Мектептің жұмысын ұйымдастыруға көмектесу: оқытушылармен өзара іс-қимыл және хат-хабар алмасу;

2)         ішкі/сыртқы пайдалану мақсатында таныстырылымдарға арналған материалдар дайындауда Мектеп Деканына көмектесу;  

3)         конференциялар, ресми кездесулер, дөңгелек үстелдер, қысқа мерзімді бағдарламалар және курстар өткізу бойынша ұйымдастыру мәселелерін әкімшілендіруге көмектесу;

4)         Мектептің коммуникациялық жоспарының орындалуын әзірлеуге және қадағалауға көмектесу;

5)         Мектеп беттерінде вебсайтты жүргізуге және ақпаратты жаңартуға көмектесу;

6)         ақпараттық буклеттердің дизайнын әзірлеуге және Мектепке арналған баспа өнімдерін дайындауға көмектесу;

7)         Университеттің жеке мекемелеріне Мектептің өтінімдерін орындау;

8)         өзінің құзыретіне кіретін бөліктер бойынша Мектеп бюджетінің қалыптасуына көмек көрсету;

9)         өзінің құзыретіне кіретін бөліктер бойынша Мектеп бюджетінің орындалуы туралы есептер қалыптастыруға көмектесу;

10)       бұқаралық ақпарат құралдарымен тиімді жұмыс істеуді және өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

11)       өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Университеттің ішкі нормативтік құжаттарының сақталуын мониторингілеу;

12)       Университет басшылығының Мектепке оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша берген хаттамалық тапсырмаларының орындалуын есепке алу және қадағалау, сондай-ақ кейіннен олардың орындалуы бойынша Декан мен Мектептің Атқарушы директорының есептерін дайындау;

13)       өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Мектеп қызметкерлеріне  консультациялық және әдістемелік көмек көрсету;

14)       жетекшілік ететін бағыт шеңберінде тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару, мониторингілеу процестеріне қатысу;

15)       Университеттің тиісті департаменттерімен келісім бойынша мектептің шетел персоналының келуін ұйымдастыруға көмектесу, оның ішінде Мектептің халықаралық персоналының көшіп келуімен байланысты мәселелерді үйлестіру;   

16)       Университеттің жауапты құрылымдық бөлімшелерімен ынтымақтаса отырып жаңа ОПҚ мүшесінің лауазымға ресми кірісуін ұйымдастыруға көмек көрсету;

17)       Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жұмыс істеу үшін қажетті құжаттар алу процесі бойынша ОПҚ және Мектеп қызметкерлеріне, оның ішінде Қазақстан Республикасының салық және көші-қон органдарында тіркеу мәселелері бойынша  консультациялық көмек көрсету;

18)       Өзінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттігі шегінде Мектеп басшылығының өзге де тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау;

19) қажеттілігіне қарай кез келген басқа да міндеттерді орындайды.

4

Білімі:

Жоғары кәсіптік, ағылшын тілінде оқытатын жоғары оқу орындары; Магистратура, бакалавриат немесе маман дәрежесінде келесі бағыттар бойынша болғаны дұрыс:

– Қоғаммен байланыс;

– Заңтану;

– Білім беру менеджменті; Менеджмент

 – Қаржы;

– Экономика;

– Халықаралық қатынастар;

– Туризм және тілдер;

– Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар;

– функционалдық міндеттеріне сай келетін басқа да мамандықтар.

5

Кәсіби тәжірибесі (ұзақтығы, саласы, және т.б.):

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

– бакалавр дәрежесі болғанда мамандығы бойынша жұмыс өтілі мемлекеттік қызметте немесе халықаралық және/немесе ұлттық компанияларда нақты лауазымның  функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда 1 жылдан кем емес; немесе

– ағылшын тілінде білім беретін жоғары оқу орнынан алған білімі болса, жұмыс өтілі талап етілмейді. 

6

Кәсіби қабілеттері:

– құжаттамаларды ағылшын тіліне аудару дағдысы;

– іс қағаздарын мемлекеттік және ағылшын тілдерінде жүргізу дағдылары;

– қоғаммен байланыс және маркетингілік коммуникациялар саласындағы процесстер мен құралдарды білу; 

– қоғаммен байланыс және маркетингілік коммуникациялар саласындағы дамыған жұмыс дағдылары;

 – қаржылық есептілік құжаттамаларын жасау дағдылары;

– бюджеттеу дағдылары;

– келіссөздер жүргізудің,  жұмыс процесін ұйымдастырудың дамыған дағдылары;

– жоғары талдау және ұйымдастыру дағдылары;

– мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруі.

7

Тұлғалық қасиеттері:

– Университеттің мақсаттары мен құндылықтарына бейілділік;

– тіл табысуға бейімділік;

– командада жұмыс істей білуі;

– дамыған көшбасшылық қасиет;

– әр түрлі мәдениеттер және ұлттар өкілдерімен жұмыс істей білуі.

8

Тілдерді меңгеру деңгейі:

– қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің жақсы ауызша және жазбаша дағдылары.

9

Компьютерді және компьютерлік бағдарламаларды меңгеру деңгейі:

Компьютерді жоғары деңгейде меңгерген тәжірибелі пайдаланушы (Microsoft Office: Microsoft Word, Excel, PowerPoint, 1С: Кәсіпорын).

10

Түйіндемені ұсыну мерзімі:

Жоғарыда аталған талаптарға сәйкес келетін үміткерді таңдап алғанға дейін.

Түйіндемелеріңізді hiring_shss@nu.edu.kz электрондық адресіне жіберулеріңізді сұраймыз.