Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің әкімшілік жұмыс жөніндегі маманы

Түйіндемені жіберу

1

Лауазымның атауы:

Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің  әкімшілік жұмыс жөніндегі маманы 

2

Құрылымдық бөлімшенің негізгі функционалдық міндеттері:

– Мектептің гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласында сапалы білім берудегі қызметін үйлестіру, оның ішінде білім беру процесін  тиімді жүзеге асыру үшін қажетті заманауи технологиялық инфрақұрылымды әзірлеуу;

– ұйымдармен және сыртқы қаржыландыру көздерімен  ынтымақтастықты дамыту, қолдау және әрі қарай тиімділігін арттыру;

– отандық және шетелдік жетекші университеттермен , ғылыми орталықтармен және басқа да ұйымдармен әріптестік қатынастарды орнату және одан әрі дамыту арқылы академиялық бағдарламалардың тиімді жүзеге асуына ықпал ету;

– Мектептің құзыреті шегінде қызметтерді көрсететін жеткізушілермен және сыртқы қаржыландыру көздерімен  келіссөздерге және келісімдердің (меморандумдар, келісімшарттар) жобаларын әзірлеуге қатысу.

3

Негізгі лауазымдық міндеттері:

– Мектептің барлық ғылыми жобалары бойынша өтінімдер жинайды;

– Мектептің ғылыми жобалары бойынша шарттарды дайындайды, сарапшылармен және тапсырыс берушілермен келіседі;

– оқытушы-профессорлар құрамы (ОПҚ) гранттарының орындалуын мониторингтейді;

– Мектептің барлық сыртқы/ішкі ғылыми жобалары бойынша қаржы есептерін дайындайды;

– Мектептің ғылыми жобаларының қызметі бойынша Университеттің бөлімшелерімен және сыртқы тараптармен хат алмасулар жүргізеді;

– Университеттің мүдделі бөлімшелерімен бірлесіп, Мектептің ғылыми жобалары бойынша жұмыстарды әкімшілендіреді;

– ғылыми жобалар бойынша Университетпен жұмыс бойынша ОПҚ-ға жәрдемдеседі;

– Университеттің тиісті департаменттерімен келісім бойынша Мектептің шетел персоналының келуін ұйымдастыруға жәрдемдеседі: Мектептің халықаралық персоналының көшуіне байланысты мәселелерді үйлестіреді; 

– Университеттің әкімшілігімен, халықаралық мамандармен және студенттермен жұмыс жүргізу департаментімен,  NULITS, сондай-ақ басқа да сыртқы органдармен және т.б. ынтымақтастықта жаңа ОПҚ-ның лауазымға ресми кірісуіне жәрдемдеседі;

– оқытушылар мен қызметкерлерге жұмыс істеу үшін қажетті құжаттарды алуға жәрдемдеседі, Астана қаласының салық және көші-қон органдарында тіркелуге көмектеседі;

– қажеттілігіне қарай есептер мен деректер беруге қатысты  Университеттің орталық департаменттерімен ынтымақтасады;

– ғылыми бөлім бойынша мектептің бюджетін қалыптастырады;

– ғылыми бөлім бойынша бюджеттің орындалуы туралы есептерді қалыптастырады;

– қаржы-экономикалық бөлім бойынша Университеттің ішкі қағидаларына сәйкес Мектептің бюджетіне байланысты тапсырмаларды орындаған кезде жәрдемдеседі, шығыстарды бақылайды және баптар бойынша бюджеттерді келіседі;

– Мектептің ғылыми жобаларының мәселелері бойынша ішкі және сыртқы хат-хабарларды жүргізеді;

– ішкі нормативтік құжаттарды орындайды және  бақылайды;

– Университеттің Хаттамалық тапсырмаларының орындалуын бақылайды;

-қажеттілігіне қарай кез келген басқа да міндеттерді орындайды.

4

Білімі:

Жоғары кәсіби білімі,  гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар, экономика, қаржы, білім беру жүйесіндегі менеджмент, менеджмент, бизнес әкімшілендіру және басқа да салалардағы жоғары оқу орнының бакалавры дәрежесі болғаны дұрыс.

5

Кәсіби тәжірибесі (ұзақтығы, саласы және т.б.):

Бакалавр дәрежесі болғанда нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда халықаралық және/немесе ұлттық компаниялардағы  мамандығы бойынша жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес немесе Назарбаев Университетінде жұмыс өтілі 1жылдан кем емес.

6

Кәсіби қабілеттері және жеке тұлғалық қасиеттері:

– Кез келген мәселелерді аналитикалық тұрғыдан шешу  қабілеті;

– жеке, сондай-ақ жергілікті және халықаралық жұмыс топтарының құрамында тиімді жұмыс істей білу;

– әртүрлі мәдени өкілдермен жұмыс істеу тәжірибесінің бар болуы;

– Қазақстанның білім беру жүйесін, мәдениеті мен тарихын білу;

– қысқа мерізім ішінде тиімді жұмыс істей білу;

– қабылданған шешімдер үшін жауапкершілікті сезіне білу;

– позитивтік көзқарас, жоспарлай білу және өзгерістерге бейімделе алу;

– көпқұрылымды әкімшілік ортада тиімді жұмыс істей білу;

– жеке тұлғалық қасиеттердің, ауызша және жазбаша коммуникативтік қабілеттердің бар болуы;

– аталмыш лауазымның қызметтік міндеттеріне сәйкес салаларда жұмыс тәжірибесінің бар болуы.

7

Тілдерді меңгеру деңгейі:

– қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің жақсы ауызша және жазбаша дағдылары.

8

Дербес компьютерді (бағдарлама, меңгеру деңгейі) пайдалану дағдылары:

Дербес компьютерді (Microsoft Office: Microsoft Word, Excel, PowerPoint) жоғары деңгейде меңгеру

9

Түйіндемені ұсыну мерзімі:

Жоғарыда аталған талаптарға сәйкес келетін үміткерді таңдап алғанға дейін.

Түйіндемелеріңізді hiring_shss@nu.edu.kz-ке жіберулеріңізді сұраймыз.