Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің аға менеджері (студенттік академиялық мәселелер)

Түйіндемені жіберу

 

1

Лауазым атауы:

Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің аға менеджері (студенттік академиялық мәселелер)

2

Бөлімнің негізгі және функционалдық міндеттері:

– гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласында сапалы білім беруді қамтамасыз ету үшін, соның ішінде қажетті ең озық технологиялық инфрақұрылымды дамыту мақсатында мектептің студенттеріне қолдау көрсету

3

Лауазымның негізгі және функционалдық міндеттері

–    студенттік істер бөлімінің жалпы әкімшіліктендіруді  қамтамасыз ету;

–          бакалавриат студенттеріне және магистранттарға академиялық талаптарға, курстарды таңдауға және тіркеуге кеңес беру; академиялық қиындықтарды шешуді ұсынады;

–          абитуриенттерге ұсынылатын бағдарламалар туралы, қабылдау рәсімдері мен олардың критерийлері туралы кеңес беру;

–          мектептің академиялық мәселелері бойынша басқа офистер, мектептер мен кафедралар үшін үйлестіру орталығы ретінде қызмет ету;

–          мектептің Студенттік мәселелер бойынша жылдық және орта мерзімді бюджетінің орындалуын әзірлеу, үйлестіру және бақылау;

–          кеңседегі әрекеттерді қолдау және басқару, оған мыналар кіреді: байланыс, жұмыс үрдісі, сұраныстар және / немесе басқа да тиісті ақпарат

–          мектеп пен шетелдік серіктестердің бірлескен бастамалары шеңберінде іс-шараларға қатысу;

–          мектеп, оның бағдарламалары, мақсаттары, ережелері мен нормативтік актілері туралы оқытушыларға, болашақ студенттерге және ата-аналарға кеңес беру және ақпараттық қолдау көрсету;

–          мектепке қабылдау процесіне, іріктеу және ақпараттық сессияларға байланысты қызметті үйлестіру;

–          Студенттерге ориентация, оқуды бітіру және оқу семинарларын үйлестіру;

–          оқуға қабылдау ережесін дайындауды қолдау көрсету;

–          Қабылдау комиссиясына қолдау көрсету.

–          Супервайзер тағайындаған басқа да міндеттер

4

Білімі:

Бакалавр / магистр Менеджмент, білім берудегі менеджмент, маркетинг, Бизнес-әкімшілік, Экономика, Қаржы, Ақпараттық технологиялар саласындағы және басқа да мамандықтар, тиісті функционалдық міндеттеріне.

Ағылшын тілінде оқытатын жоғары оқу орындарында алған  жоғары кәсіби білімі болғаны дұрыс

5

Қажетті кәсіби тәжірибе (ұзақтық, өріс, өнеркәсіп және т.б.)

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сай болуы тиіс:

–          магистр дәрежесі болғанда мамандығы бойынша нақты лауазымның қызметтік бағыттарына сәйкес салалардағы мемлекеттік қызметте, халықаралық және/немесе ұлттық компанияларда жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес; немесе

–          бакалавриат дәрежесі,  немесе жұмыс өтілі 7 жылдан кем емес  маман, нақты лауазымның қызметтік бағыттарына сай салаларда мемлекеттік қызметте, халықаралық және/немесе ұлттық компанияларда; немесе

–          «Назарбаев Университетінде» кем дегенде 3 жыл жұмыс өтілінің болуы.

Білім беру және академиялық кеңес беру салаларында тәжірибе артықшылық.

 6

Кәсіби білімі мен жеке қасиеттері

– алдыңғы қатарлы көшбасшылық дағдылар

– кез келген мәселені шешудегі аналитикалық тәсіл;

– жекелей, сондай-ақ жергілікті және халықаралық жұмыс

топтарында тиімді жұмыс істей білу;

– әр түрлі мәдениет өкілдерімен жұмыс тәжірибесі;

– АҚШ, ЕО және басқа елдердің білім беру жүйелерімен таныс болу артықшылық;

– қысқа мерзімде тиімді жұмыс істеу икемділігі;

– шешім қабылдаудағы жауапкершілікті қабылдай білуі;

– өзгерістерге бейімделу және оң көзқараспен қарау

қабілеті;

– көп құрылымдық әкімшілік ортада тиімді жұмыс істей білу;

– күшті жеке, ауызша және жазбаша коммуникация

дағдылары;

7

Тілдерді білу деңгейі

– қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің жақсы ауызша және

 жазбаша дағдыларының болуы.

8

Дербес компьютерлік дағдылар (бағдарламалар, қолдану деңгейі):

Компьютерді қолданудың жоғары деңгейі: Microsoft Office

(Microsoft Word, Excel, PowerPoint), презентациялар мен

слайдтар дайындау, жиналыстарды өткізу және

ұйымдастыру.

9

Түйіндемені ұсынудың соңғы мерзімі

Жоғарыда көрсетілген талаптарды қанағаттандыратын үміткерді таңдағанға дейін.

 

Резюмеңізді hiring_shss@nu.edu.kz адресіне екі тілде (орыс және ағылшын тілдерінде) “Senior Manager SHSS” тақырыбымен жіберуіңізді сұраймыз.