Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің аға менеджері

Түйіндемені жіберу

1

Лауазымның атауы:

Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің аға менеджері (бұдан әрі – Мектеп)

2

Құрылымдық бөлімшенің негізгі функционалдық міндеттері:

– Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар аясында сапалы білім беруін қамтамасыз ететін Мектептің жұмысын тиімді үйлестіру, сондай-ақ Мектептің оқу процесін тиімді басқаруға қажетті заманауи инфрақұрылымды әзірлеу;

– шетелдік әріптестермен тиімді  ынтымақтастықты орнату, қолдау және одан әрі дамыту;

– озық отандық және шетелдік университеттермен, ғылыми орталықтармен және басқа да ұйымдармен ынтымақтастық  қарым-қатынастарын орнату және одан әрі дамыту арқылы академиялық бағдарламалардың тиімді қызмет атқаруына мүмкіндік туғызу;

– Мектептің құзыреті шегінде шетелдік әріптестермен келіссөздерді және келісімдерді (меморандумдар, келісім-шарттар) жасауға қатысу.

3

Негізгі лауазымдық міндеттері:

– персоналды жалдау бойынша мәселелерді әкімшілендіру (бос лауазымдарды талдау,  жеке еңбек шарттары мен келісімдердің және кафедралар тұрғысындағы шешімдердің мерзімдерін мониторингтеу);

– Мектебенің әкімшілік персоналын іріктеу процесін әкімшілендіруге қатысу;

– Мектебенің оқытушы-профессорлар құрамын (бұдан әрі – ОПҚ) іріктеу бойынша халықаралық конкурстық комиссияны өткізу процестеріне дайындық және оларды толық әкімшілендіру;

– Мектебенің ОПҚ-сымен еңбек шарттарын ұзарту бойынша және лауазым бойынша ілгерілету жөніндегі комитеттердің отырыстарын өткізу үшін қажетті құжаттарды дайындау және оларды ұйымдастыру;

– Мектеп қызметкерлерінің жеке істерін қалыптастыру мен жүргізуді мониторингтеу, оларға еңбек қызметіне байланысты өзгерістерді уақтылы енгізу;

– дерекқорларды және 1С бағдарламасында кадр есебін жүргізу;

– Мектеп қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлеу / жаңарту және бекіту;

– Мектеп қызметкерлерінің жеке істерін дайындау және Университет Мұрағатына тапсыру;

– Университет және сыртқы ұйымдастыру ұйымдастыратын семинарлар мен тренингтерден өтуде Мектебінің академиялық персоналына көмектесу;

– тәртіптік процестерді енгізу және сүйемелдеу;

– Мектеп қызметкерлерінің әскери есебін жүргізу;

– Мектеп бюджетін оның құзыретіне енетін бөліктер бойынша қалыптастыру және шығыстарды жоспарлау;

– Мектеп Мектебінің оның құзыретіне енетін бөліктері бойынша орындалуы туралы есептерді талдау және жасау;

– Мектебінің негізгі қызметі бойынша шешімдерді әзірлеу, өзара іс-қимыл процестерін жақсарту үшін ұсынымдарды дайындау;

– Университеттің әкімшілік бөлімшелерімен қажеттілігіне қарай есептер мен деректерді ұсынуда ынтымақтасу;

– Университет басшылығының Мектепке берген оның құзыретіне енетін мәселелер бойынша хаттамалық тапсырмаларының орындалуын есепке алу және қадағалау, сондай-ақ кейін Мектебінің Басшысы үшін олардың орындалуы бойынша есептерді дайындау;

– Мектебінің ОПҚ-сы мен қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде Қазақстан Республикасының салық және көші-қон органдарында тіркелу мәселелері бойынша қажетті құжаттарды алу процесі бойынша консультациялық және әдістемелік көмек көрсету;

– Университеттің құрылымдық бөлімшелерінің сұрауы бойынша Басшының келісімімен оның құзыретіне енетін мәселелер бойынша есептер мен деректерді ұсыну;

– жетекшілік ететін бағыт шеңберінде тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару, мониторингтеу процестеріне қатысу;

– өзінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктерінің аясында Мектептің Басшысы мен Университет басшылығының өзге де тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау.

4

Білімі:

Міндетті түрде магистр дәрежесінің батыс жоғарғы оқу орындарында алынғаны абзал. Мүмкіндігінше мамандықтың адами ресурстарды басқару, білім беру жүйесіндегі менеджмент, менеджмент, бизнесті басқару, экономика, қаржы, Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар салалар аясында болғаны дұрыс.

5

Кәсіби тәжірибесі (ұзақтығы, саласы, және т.б.):

Магистр дәрежесі болған жағдайда мамандығы бойынша нақты лауазымның қызметтік бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс; немесе бакалавриат немесе маман дәрежесі болған жағдайда жұмыс өтілі нақты лауазымның қызметтік бағыттарына сай салаларда мемлекеттік қызметте, халықаралық және/немесе ұлттық компанияларда 7 жылдан кем болмауы тиіс немесе «Назарбаев Университетінде» кем дегенде 3 жыл жұмыс өтілінің болуы.

6

Кәсіби қабілеттері және жеке тұлғалық қасиеттері:

– Кез келген мәселелерді аналитикалық тұрғыдан шешу қабілеті;

– жеке, сондай-ақ жергілікті және халықаралық жұмыс топтарының құрамында тиімді жұмыс істей білу;

– әр-түрлі мәдени өкілдермен жұмыс істеу тәжірибесінің бар болуы;

– Қазақстанның білім беру жүйесін, мәдениетін мен тарихын білу;

– қысқа мерізім ішінде тиімді жұмыс істей білу қабілеті;

– қабылданған шешімдер үшін жауапкершілікті сезіне білу;

– позитивтік көзқарас, жоспарлай білу және өзгерістерге бейімделе алу;

– көпқұрылымды әкімшілік ортада тиімді жұмыс істей білу;

– жеке тұлғалық қасиеттердің, ауызша және жазбаша коммуникативтік қабілеттердің бар болуы;

– аталмыш лауазымның қызметтік міндеттеріне сәйкес салаларда жұмыс тәжірибесінің бар болуы.

7

Тілдерді меңгеру деңгейі:

– Қазақ,  орыс және ағылшын тілдерінің жақсы ауызша және жазбаша дағдылары.

8

Компьютерді және компьютерлік бағдарламаларды меңгеру деңгейі:

Компьютерді жоғары деңгейде меңгерген тәжірибелі пайдаланушы (Microsoft Office: Microsoft Word, Excel, PowerPoint және 1С).

9

Түйіндемені ұсыну мерзімі:

Жоғарыда аталған талаптарға сәйкес келетін үміткерді таңдап алғанға дейін.

Түйіндемелеріңізді hiring_shss@nu.edu.kz және lmakhulbayeva@nu.edu.kz электрондық адрестеріне жіберулеріңізді сұраймыз.