Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі әлеуметтану және антропология кафедрасының Антропология зертханасының ассистенті

Түйіндемені жіберу

 

1

Лауазымы:

Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі әлеуметтану және антропология кафедрасының Антропология зертханасының ассистенті

2

Кафедраның негізгі қызметтік міндеттері:

Әлеуметтану және антропология саласындағы пәндердің жүргізілуіне көмек көрсету

3

Негізгі қызметтік міндеттері:

– антропология зертханасының толық жұмысын қамтамасыз ету;

– зертханада және одан тыс жерлерде ғылыми зерттеушілер мен студенттердің зертхананы және зертхананың жабдықтарын пайдалануды басқару;

– бағдарламаларды, технологияларды, зертханалық жабдықтарды, материалдарды және жиһаздарды сатып алуға көмек көрсету;

– зертханалық жабдықтардың жұмысын үнемі тексеріп, техникалық нұсқаулыққа, регламенттерге және басқа да техникалық құжаттамаларға сәйкес жөндеу жұмыстарын жүргізу;

– зертханаға тиесілі заттар мен құрал-жабдықтарды пайдалануды басқару;

– оқу материалдарының топтамасын және 3D-сканер жинағын каталогтандыруға жәрдемдесу;

– зертхананы және зертханалық жабдықты пайдалануды талап ететін ғылыми және оқу тапсырмалары бойынша оқытушыларға көмек көрсету;

– практикалық және зертханалық жұмыстарды жүргізу кезінде, студенттердің жабдықтарды, реагенттерді және биоматериалдарды ережелер және техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарына сәйкес пайдалануын бақылау;

– өз міндеттеріне және өкілеттіліктеріне сәйкес тиісті профессорға, кафедра меңгерушісіне және мектеп әкімшілігіне көмек көрсету.

4

Іс-сапарлар:

Мүмкін

5

Білімі:

Әлеуметтану, антропология немесе сабақтас мамандық бойынша Магистр дәрежесі, білім алудың негізгі тілі ретінде – ағылшын тілінде білім алғаны артықшылық болып келеді.

Таңдалған мамандықтар: биологиялық антропология немесе археология магистрі, антропология бакалавры немесе биологиялық антропология негіздері аясында бір немесе екі пәндерді оқуы, немесе мұражайда жұмыс тәжірибесінің болуы.

6

Қажетті кәсіби тәжірибесі (ұзақтығы, саласы және т.б.):

1 жылдан астам зертханалық тәжірибесі, немесе мұражай тәжірибесі, немесе биологиялық антропология немесе археология саласындағы ғылыми зерттеу жұмыстарына көмек көрсету тәжірибесі.

7

Кәсіби білімі

– зертханалық жабдықтар мен жабдықтарды сатып алу ережелері мен процедураларын білгені дұрыс;

– Биологиялық антропологияның негіздерін білгені дұрыс;

8

Жеке қасиеттері:

Кәсіпқойлық, икемділік, білім беру процесінде студенттер мен оқытушыларға қолдау көрсетуге дайындық, бастамашылдық, сапа мен жете қарауға мұқияттылық, тиімді әлеуметтік және коммуникативтік дағдылар, әр-түрлі мәдениеттермен жұмыс істеу тәжірибе, мықты жұмыс этикасы мен адалдық, мәселелерді шешу дағдылары мен қабілеттері, кәсіби тұрғыдан өзін-өзі дамытуға деген талпыныс.

9

Тілдерді, оның ішінде мемлекеттік тілді білу:

Лауазымның сипаттамасын ескере отырып,  ана тілі ағылшын тілі болып табылмайтын үміткерлер үшін ағылшын тілін жоғары деңгейде меңгеру талап етіледі, сондай-ақ қызметкерлермен, оқытушылармен және студенттермен қарым-қатынаста (төтенше жағдайдан басқа) тек ағылшын тілін қолдану міндетті.

10

Компьютерлік дағдылар:

– MS Office (Excel, PowerPoint) білу;

– ArcGIS, R немесе басқа статистикалық бағдарламалардың негіздері және 3D сканерлеу;

11

Түйіндемені берудің соңғы күні:

Лауазымның орны толғанша