Ғылыми зерттеулерді қолдау кеңсесінің Гранттар үйлестірушісі

Түйіндемені жіберу

1

Лауазымның атауы

Ғылыми зерттеулерді қолдау кеңсесінің Гранттар үйлестірушісі (Негізгі қызметкердің болмаған уақытта)

2

Бөлімшенің негізгі және қызметтік  міндеттері:

Мекеменің, «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы оқытушы-профессорлар құрамының (ОПҚ) және ғылыми қызметкерлерінің гранттық зерттеу жобаларын әкімшілендіру және алып жүруі жұмысын қамтамасыз ету.

3

Негізгі лауазымдық міндеттері:

1)     құрылымдық бөлімшеге жүктелген міндеттер мен функцияларды уақытылы әрі сапалы орындау;

2)     ғылыми гранттарды әкімшілендіру жөніндегі іс-шараларға қатысу (гранттық шарттарды жасауға қатысу; ғылыми жобаның күнтізбелік кесте-жоспарында көзделген іс-шаралардың орындалу мониторингі; ғылыми жобаны(ларды) іске асыру үшін грант қаражатының нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз ету; гранттық зерттеу жобаларын іске асыру жөніндегі аралық және қорытынды қаржы есептерін жасау);

3)     ғылыми гранттарды сүйемелдеу мен іске асыруға байланысты барлық ұйымдастыру-техникалық мәселелерді шешуге қатысу (жобаны іске асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді іздестіру және сатып алу; жергілікті және шетелдік өнім берушілермен, Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарымен жұмыс; зерттеу жобасына қатысуға тартылатын резидент еместермен, шетелдік әріптестермен, мамандармен жұмыс);

4)     Мекеме басшылығы үшін ақпараттық және талдамалық материалдарды дайындауға қатысу;

5)     Құрылымдық бөлімшенің құзыретіне енетін мәселелер бойынша мемлекеттік органдар, мемлекеттік емес ұйымдар мен бірлестіктер жүргізетін іс-шараларда басшылық сөз сөйлеу үшін баяндамалардың, материалдардың жобаларын әзірлеуге қатысу; 

6)     ОПҚ мен ғылыми қызметкерлердің болуы ықтимал қаржыландыру туралы хабардар етілуін қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық іс-шараларға қатысу;

7)     Қазақстан Республикасының тиісті заңдарының сақталуын қамтамасыз ету;

8)     Университеттің ғылыми орталықтарының зерттеу жұмыстарына Мектептердің ОПҚ-сын тарта отырып, салааралық ғылыми жұмыстарды үйлестіру және жүргізу жөніндегі жұмысқа қатысу;

9)     Университеттің ОПҚ мен ғылыми қызметкерлерінің ғылыми өтінімдерін тәуелсіз сыртқы сараптауды (бағалауды) ұйымдастыру;

10)  Құрылымдық бөлімшенің құзыретіне енетін мәселелер бойынша Мекеменің басқа да құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасасу.

4

Білімі

Экономика, қаржы жэне жобаны басқару саласындарында жоғары білімі. Магистр дәрежесі құпталады. Шетелдік жоғарғы оқу орнын бітіруі туралы дипломының болуы құпталады.

5

Талап етілетін кәсіби тәжірибесі (ұзақтығы, саласы, басқа):

Әкімшілендіру саласында 3 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі (ғылыми-зерттеу ұйымдарында жұмыс тәжірибесінің болуы/тағылымдамадан өтуі құпталады); сондай-ақ «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәтебесі туралы», «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары мен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері бойынша білімі.

6

Кәсіби құзыреті және жеке қабілеттері:    

Жобаларды басқару дағдылары. Ұйымдастырушылық дағдылары, тіл табыса білуі,  командада жұмыс істей білуі, стреске төзімділік. Талдаушылық қабілеттері (қолда бар деректердің негізінде болжам жасай білуі), баяндамаларды, талдамалық жазбаларды жасау дағдылары. Әртүрлі мәдениет және жас өкілдерімен жұмыс істей білуі.

7

Тілдерді, оның ішінде мемлекеттік тілді білуі (Сіз білетін тілдердің тізімін көрсетіңіз):   

Ағылшын, қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеруі.

8

Дербес компьютерді пайдалану дағдылары (бағдарламалар, меңгеру деңгейі)

ДК –ны жоғары деңгейде меңгеруі.

9

Түйіндемені беру мерзімі

Жоғарыда көрсетілген талаптарға сай келетін үміткерді іріктеп алғанға дейін.