«Fab Lab» цифрлық прототиптеу зертханасының жоба әкімшісі
1 | Лауазымның атауы | «Fab Lab» цифрлық прототиптеу зертханасының жоба әкімшісі |
2 | Департаменттің негізгі және қызметтік міндеттері | 1) Іс қағаздарды жүргізу 2) Келушілермен қарым-қатынас орнату 3) Fab Lab Kids бағыты бойынша координация жұмыстарын жүргізу 4) Зертхананың инфрақұрылымының дамуына (сатып алу) және қолайлы жағдайын жасауға жәрдемдесу |
3 | Лауазымның негізгі және қызметтік міндеттері | 1) Іс қағаздарды жүргізу: шеберлік класстар мен курс жүргізушілермен келісім-шарттарға келісім алу және жасау, іс-шара жүргізу бойынша бұйрықтарды әзірлеу, тұтыну материалдарын сатып алуға құжаттар дайындау, тауар жеткізушілермен қарым-қатынас орнату және т.б.; 2) Бюджет және есептерді дайындау бойынша мекеменің құрылымдық бөлімшелермен әрекеттесу; 3) Қызмет көрсету (жабдықтарды брондау, абонементтерді беру, жабдықтарды қолдану тәртібі бойынша консультациялау) бойынша «Fab Lab» цифрлық прототиптеу зертханасына келушілермен қарым-қатынас орнату; 4) Зертхананы жабдықтандыру бойынша жабдықтарды сатып алу, тауап жеткізушілерді іздеу, техникалық спецификация әзірлеу және басқа; 5) Fab Lab Kids бағытын дамыту: мектеп оқушылары және оларды ата-аналарымен қарым-қатынас орнату, келісім-шарттар жасау, нарықты зерделеу, шеберлік класстар мен курс тізімін кеңейту бойынша ұсыныстар дайындау; 6) «Fab Lab» цифрлық прототиптеу зертханасының қоғамын қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды (шеберлік класстар, курстар, байқау, хакатон) ұйымдастыруда жәрдемдесу. |
4 | Білімі | «Fab Lab» цифрлық прототиптеу зертхана қызметінің бағытына сәйкес келетін бизнес девелопмент, менеджмент, экономика саласында және/немесе басқа жақын салалардағы техникалық жоғары білім |
5 | Кәсіби тәжірибесі (ұзақтығы, саласы және т.б.) | Осы лауазымның қызметтік бағыттарына сәйкес салаларда кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы |
6 | Кәсіби білімі және жеке қасиеттері | Жекеше, сонымен қатар құрамдағы топтың мүшесі ретінде тиімді жұмыс істеу мүмкіндігі; Әртүрлі мәдениет өкілдерімен жұмыс істеу тәжірибесі; Қысқа мерзімдерде тиімді жұмыс істеу мүмкіндігі; Баяндамаларды, талдамалық жазбаларды, хаттарды әзірлеу қабілеті; Тіл табыса білуі және ұйымдастырушылық қабілеті. |
7 | Тілдерді , оның ішінде мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі (қандай тілдер) | Қазақ (қалаулы), орыс (міндетті) тілдерін жетік білу және ағылшын (міндетті) тілін ілгері деңгейде білу. |
8 | Жеке компьютерді пайдалану дағдылары (бағдарлама, меңгеру деңгейі): | ДК-ны жоғары деңгейде меңгеруі (Microsoft office) |
9 | Түйіндеме қабылдау мерзімі: | Жоғарыда аталған талаптарға сәйкес келетін үміткерді іріктеп алғанға дейін |